Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет109/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

стационарлық күйлер
деп аталатын қандай да бiр күйлерде ғана бола алады. Бұл 
күйдегi электрондар ядроны айнала үдей қозғалғанымен өзiнен сәуле шығармайды.
2. Сәуле шығару немесе жұту тек бiр стационарлық күйден екiншi стационарлық күйге өткен 
кезде ғана болады. Ал шығарылған немесе жұтылған сәуленiң жиiлiгi мына шарттан анықталады 
hv=E
n
- E
m
 
Мұндағы 
E
n
және 
E
n
осы стационар күйлердiң энергиясы, ал 
h
– Планк тұрақтысы.
Атомдардың энергетикалық күйлерiн энергия деңгейлерi арқылы белгiлеп, сәуле шығару және 
жұту үрдiстерiн көрнектi түрде көрсету ыңғайлы.
 
Бақылау сұрақтар 
1.
Бордың І постулаты қандай? 
2.
Бордың ІІ постулаты қандай? 
3.
Бордың ІІІ постулаты қандай? 
Сабақ № 62 
Тақырыбы: 5.1.3 Радиоактивтілік. Радиоактивтік ыдырау заңы. 
Сабақ жоспары 
1. Радиоактивтілік 
2.
Радиоактивтік ыдырау заңы. 


103 
 
Радиоактивтi ыдырау заңы деп радиоактивтi ядролардың санының уақыт бойынша өзгеру 
заңдылығын айтады. Бұл заңды оңай анықтауға болады. Шындығында, егер қандай да бiр уақыт 
мезетiнде радиоактивтi ядролардың саны 
N
болса онда 
dt
уақыт аралығында ыдырайтын 
ядролардың саны 
dN
мынаған тең болады
dN=-λN·dt
мұндағы минус таңбасы 
dN
– дi ыдырамаған ядролардың өсiмшесi ретiнде қарастырумен 
байланысты. Ал 
λ
, радиоактивтi ядроның бiрлiк уақыт аралығында ыдырау ықтималдылығы. Оны 
әдетте 
ыдырау тұрақтысы
деп атайды. Бұл өрнектi интегралдай отырып
ln
N =-λt + const
аламыз. Бастапқы 
t
=0 уақыт мезетiндегi ыдырамаған радиоактивтi ядролардың санын 
N
0
деп 
белгiлей отырып, 
const
= ln
N
0
екенiн аламыз. Онда
N =N
0
e
-λt
Мiне, осы өрнек радиоактивтi ыдырау заңы болып табылады (7.10 - сурет).
Бастапқы радиоактивтi ядролардың жартысы ыдырайтын уақытты жартылайыдырау периоды деп 
атап, 
Т
1/2
әрiпiмен белгiлейдi. Онда бұл анықтамадан
ал бұдан
Бүгiнгi күнге дейiнгi белгiлi радиоактивтi ядролардың жартылайыдырау периоды 3·10
-7
с-тан 
5·10
15
жылға дейiнгi аралықтағы мәнге ие.
Радиоактивтi заттың активтiлiгi деп бiрлiк уақыт аралығында болатын ыдыраудың санын айтады, 
яғни
Бұл жерден активтiлiктiң радиоактитi ядролардың санына пропорционал, ал жартылайыдраудың 
периодына керi пропорционал екенi көрiнiп тұр.
Активтiлiктiң халықаралық бiрлiктер жүйесiндегi бiрлiгi беккерель (Бк). Беккерель деп 1 с iшiнде 
бiр ыдырау жасайтын радиоактивтi заттың активтiлiгi алынған. Нақтылы өмiрде активтiлiктiң 
кюри (Ки) деп аталатын бiрлiгi жиi қолданылады. Кюри ретiнде 1 с аралығында 3,7·10
10
ыдырау 
жасайтын радиоакивтi заттың активтiлiгi алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет