Бақылау сұрақтары 1.
Радиоактивтілік деген не?
2.
Радиоактивтік ыдырау заңы теңдеуі қандай?
3.
Радиоактивті элементтерді ата?
Сабақ № 63 Тақырыбы: 5.2.1 Атом ядросының құрамы. Ядролық күштер. Сабақ жоспары 1. Атом ядросының құрамы
2.Уран ядросының бөлінуі. Ядролық реакцияда энергияның бөлінуі
Кез-келген химиялық элементтiң атомының ядросы оң зарядталған протоннан және заряды жоқ
нейтроннан тұрады. Протонның заряды абсолют шамасы жағынан электронның зарядына тең.
Протон мен нейтрон нуклон деп аталатын ядролық бөлшектiң әртүрлi зарядтық күйi болып
табылады. Ядродағы протондардың саны Z, Менделеевтiң периодтық жүйесiндегi химиялық
элементтiң атомдық нөмiрiмен сәйкес. Ядродағы нейтрондадың саны N деп белгiленедi.
1
1
Н және
3
2
Не ядроларынан басқа барлық ядролар үшiн N≥Z. Менделеевтың периодтық таблицасының
бiрiншi жартысында тұрған жеңiл элементтер үшiн N≈Z, ал екiншi жартысындағы элементтерде
нейтронның саны артықтау N≈1,6·Z.
Ядроның
массалық саны деп A=N+Z болатын нуклондардың жалпы санын айтады. Ядроны
әдетте мынадай символмен белгiлейдi. Зарядтарының саны бiрдей, ал массалық саны әртұрлi
ядроларды
изотоптар деп атайды. Изотоптардағы протонның саны бiрдей болады да,
нейтронның саны әртүрлi болады. Мысалы сутегiнiң изотоптары: , (немесе -дейтерий), (немесе -
тритий); гелийдiң изотоптары: , ; уранның изотоптары: , . Бүгiнгi күнi барлық химиялық
104
элементтердiң үшжүзге жақын орнықты, ал екi мыңға жақын орнықсыз (радиоактивтi)
изотоптары белгiлi.
Электронның массасы протонның массасынан 1836 есе кiшi болғандықтан ядроның массасы
атомның массасымен бiрдей десе де болады. Элементар бөлшектердiң массасын әдетте