тiзбектi
реакция
деп атайды.
Тiзбектi реакцияны нақтылы жүзеге асыру оңай шаруа емес. Уранның бөлшектенуi кезiнде
бөлiнетiн нейтрондар тек уранның 235 изотопын ғана бөлшектей алады. Оның энергиясы 238
изотопты бөлшектеуге жеткiлiксiз. Ал табиғи уранда 238 уранның үлесi 99,3% те 235 уранның
үлесi бар болғаны 0,7%. Сондықтан бiрiншiден тiзбектi реакцияны жүзеге асыру үшiн 235
уранды таза түрде бөлiп алу қажет. Екiншiден оның мөлшерi жеткiлiктi болуы тиiс, себебi оның
мөлшерi аз болса реакция кезiнде туындылайтын нейтрондар уран ядроларына жолықпай
тысқары шығып кетедi. Тiзбектi реакция басталатын ең аз массасын критикалық масса деп
атайды. Мысалы 235 уран үшiн оның мәнi бiрнеше ондаған килограмм. Тiзбектi реакция кезiнде
орасан көп энергия бөлiнедi. Уранның температурасы миллиондаған градусқа көтерiлiп, пайда
болған от шар маңындағының бәрiн күйдiрiп, қиратады.
Уранның бiр ядросы бөлшектенген кезiнде 200 МэВ-қа жуық энергия бөлiнедi. Оның 165 МэВ-қа
жуығы реакциядан шығатын бөлшектердiң кинетикалық энергиясы түрiнде болады да қалғаны
таза гамма-кванттардың энергиясы болады. Осы энергияны бiле отырып 1 кг уран
бөлшектенгенде бөлiнетiн энергияны есептеп табуға болады, ол 80 миллиард джоулға тең. Ол 1
кг көмiр немесе мұнай жаққан кезде бөлiнетiн энергиядан бiрнеше миллион есе артық.
Сондықтан ядролық энергияны пайдалану өте тиiмдi.
Бақылау сұрақтары
1.
Ядро құрамы неден тұрады?
2.
Шартты түрде ядро қалай белгіленеді?
3.
Заряд саны қалай анықталады?
Сабақ № 64
Тақырыбы: 5.2.2 Элементтердің ауысуы. Ядролық реактор.
Сабақ жоспары
1.Ядролық реактор
2.Активті аймақ
Ядролық жарылыстың энергиясын бейбiт мақсатта қолдану мүмкiн емес. Сондықтан ядролық
реакция кезiнде бөлiнетiн энергияны пайдалана алу үшiн тiзбектi реакцияны еркiмiзше басқара
алатындай болуымыз қажет. Мұндай басқарылатын тiзбектi реакцияны
Достарыңызбен бөлісу: |