Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет115/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

басқару бiлiктерi
арқылы жүзеге асады. Басқару бiлiктерi 
жылулық нейтрондарды қарқынды жұтатын бор мен кадмийдiң қоспаларынан жасалады. Егер 
ядролық отын ретiнде уранның 
235
U изотопымен едәуiр байытылған отын пайдаланылатын болса, 
реактор шапшаң нейтрондармен де жұмыс iстей алады. Бұл шапшаң нейтрондардың 
238

ядросымен әсерлесуiнiң нәтижесiнде мынадай реакция тiзбегi жүзеге асады. Яғни уранның 
238

изотопы шапшаң нейтрондарды жұтудың нәтижесiнде плутонийдiң 
239
Pu изотопына айналады. Ал 
бұл изотоп нейтрондармен әсерлесу тұрғысынан уранның 
235
U изотопына өте ұқсас. Сонымен 
шапшаң нейтрондарға арналған реактор тек 
235
U изотопымен тiзбектi реакцияны жүргiзiп қана 
қоймайды, сонымен қатар аса арзан және табиғатта кең тараған 
238
U изотопынан жаңа ядролық 
отын 
239
Pu алуға мүмкiндiк бередi. Энергия тек ауыр ядролар бөлiнген кезде ғана емес, сонымен 
қатар аса жеңiл ядролар бiрiккен кезде де бөлiнедi. Бұлай болуының принципиальды мүмкiндiгi 
меншiктi байланыс энергиясының жеңiл ядролар үшiн артып, ауыр ядролар үшiн кемуiмен 
байланысады.
Бақылау сұрақтары 
1.
Ядролық реактор деген не? 
2.
Жылулық нейтрондар деген не? 
Сабақ № 65 
Тақырыбы: 5.2.3 Термоядролық энергия. 
Термоядролық реакция
, термоядролық синтез - миллиондаған градус температурада жүзеге 
асатын ядролық бірігу реакциясы деп аталады. 
Жеңіл элементтерді (сутек, гелий, литий, т. б.) жүздеген миллион градусқа дейін қыздырғанда
олардың бейтарап атомдары тұтастығын жойып, ядролар мен электрондарға ыдырайды. 
Нәтижесінде оң зарядты ядролардан, теріс зарядты электрондардан тұратын ерекше орта —
жоғарғы температуралық плазма
пайда болады. Мұндай плазмада ядролар кулондық тебіліс 
бөгетін (барьерін) жеңе алатын кинетикалық энергияға ие болады: 
мұндағы k—Больцман тұрақтысы; Т—плазманың температурасы; m және v — бөлшектің массасы 
мен жылдамдығы. 
Температурасы жүздеген миллион градус болатын ыстық плазмадағы ядролар аса үлкен 
жылдамдықпен бір-біріне жақындап, ядролық күштердің әрекет аймағына енеді. Сол сәтте-ақ 
тегеурінді ядролық күш оларды біріктіріп, жаңа ядроны түзеді. Бұл кезде пайда болған m масса 
ақауы есебінен аса мол энергия босап шығады. 
Жер бетінде алғаш рет термоядролық реакциялар 1950 жылдардың басында Қазақстанда (Семей 
полигоны) сутек бомбасын жару арқылы жүзеге асырылды. Қажетті жоғары температура атом 
бомбасын алдын ала жару үстінде алынды. Термоядролық бомбаның ішіне жоғары температура 
алу үшін атом бомбасының заряды және жеткілікті мөлшерде сутек изотоптары (мысалы, 
дейтерий) орналастырылады. Термоядролық жарылыста әуелі атом бомбасының заряды іске 
қосылады да, температура миллиондаған градусқа көтеріліп, сутек изотоптарының ядролары 
жаппай біріге бастайды. Осылайша әп-сәтте атом бомбасының жарылысы сутек бомбасының 


107 
жарылысына ұласады. 
Қолдан басқарылатын термоядролық реакцияларды іске асыру зор қиындықтарға кезікті. Оларды 
жүзеге асыру үшін, негізінен, үш мәселені шешу керек. 
Біріншіден
, сутек газын қыздыру арқылы ыстық плазманың температурасын ондаған миллион 
градусқа көтеру қажет. 
Екіншіден
, термоядролық реакцияны тұтандыру үшін ыстық плазманы суытпай, белгілі бір 
көлемде кем дегенде 10-1-10~2 с ұстап тұру қажет. 
Үшіншіден
, термоядролық реакция қарқынды жүріп, энергия шығыны қажетінше мол болуы үшін 
ыстық плазмадағы дейтерий ядроларының тығыздығы белгілі бір шамадан кем болмауы тиіс, яғни 
1 м3 көлемде 1022 бөлшек болуы керек. 
Осы үш шарт қатарынан орындалса ғана басқарылатын термоядролық реакцияны іске асыруға 
болады. Алайда плазма заттың ең орнықсыз күйі болып табылады, сондықтан бұл шарттарды бір 
мезгілде орындау мәселесі әлі күнге шешуін таппай отыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет