Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері



Pdf көрінісі
бет123/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Жер тобының планеталары.
Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер 


119 
тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, 
Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден 
тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан 
өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, 
өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. 
Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі 
кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға 
алыстағы Плутон да жататын болар 
Меркурий. Меркурийдің бетінде оған құлаған метеориттердің салдарынан шұңқырлар пайда 
болған (түрлі-түсті қосымшадағы). Оның ең үлкені Калорис деп аталады. Диаметрі 1300 км 
болатын осы үлкен шұңқырдың бүйірлерінде метеориттің соқтығысу күшінен тау үйінділері пайда 
болған. Меркурийдің Күнге жақын орналасуы оны бақылауға кедергі келтіреді. Аспан аясында 
оның Күнне ең алыс кету бұрышы 29о. Сондықтан ол күн шығар алдында (ертеңгі көрінуі) немесе 
кешке күн батқанда (кешкі көрінуі) көрінеді. Меркурий орбитасының эклиптикаға көлбеулігі 
үлкен болғандықтан оны әр уақытта көру мүмкін емес. Планета құралсыз көзге анық көрінеді. Ең 
жақсы көріну периодындағы жылтыруы –1m-ге тең. Меркурийдің магнит өрісі Жердікінен 100 есе 
әлсіз. Планетаның шамамен төрттен үш бөлігін құрайтын ядросы темірден тұрады. Меркурийдің 
диаметрі Жерден 3 есе, массасы 20 есе аз, ал тығыздығы Жердің тығыздығымен шамалас (5,43 
г/см3). Меркурий Юпитер мен Сатурнның кейбір серіктерінен кіші. Планета сфера түріне ие. 
Меркурийдің серіктері жоқ. Егер олар болған жағдайда да планетаның алғашқы пайда болуы 
кезінде 
планетаның 
бетіне 
құлаған 
болуы 
керек. 
Шолпан планетасы. Шолпанды Жердің «сіңлісі» деп те атайды, өйткені олардың массалары және 
өлшемдері шамалас. Шолпан өзінің Күнді айнала қозғалысына кері бағытта және Жерге қарағанда 
243 есе баяу қозғалатынымен басқа планеталардан өзгешеленеді. Жас Меркурий мен Шолпан өз 
осьтерінен 10 сағат периодпен айналған болатын. Бұл планеталардың денелері алыс дәуірде 
(матия) қатып қалғандай әсер қалдырады. Егер Шолпанда магнит өрісі болса, ол өте әлсіз, оның 
полярлығы жердегі сияқты ғана. Шолпанның массасы Жер массасының 0,815 бөлігін құрайды
тығыздығы 3,24 г/см3-қа тең. Шолпанның орбитасын дөңгелек деуге болады, оның 
эксцентриститілігі 0,0068-ге тең. Шолпан Күн жүйесіндегі Жерге ең жақын планета, оған дейінгі 
қашықтық 40-тан 259 млн километрге дейін өзгереді. Шолпан планетасының серіктері жоқ. 
Атмосферасы, негізінен, көмір қышқыл газынан тұрады және тығыздығы жердегіден тоқсан есе 
артық. Планетаның бетіндегі атмосфералық қысымды жер бетіндегі мұхиттың бір километр 
тереңдігіндегі қысымымен салыстыруға болады. Планетаны үнемі тығыз бұлттар жауып тұрады 
да, планетада «парникті эффект» байқалады. Күннің жарық сәулелері қайта сәулеленіп, жылу 
сәулелерін шығарады. «Магеллан» зонды Шолпанда вулкандар тапты. Олардан бөлінетін қос 
тотықты күкірт тығыз қызғылт-сары бұлт құрайды. 50-100 км биіктікте одан күкірт қышқылы 
немесе тұз қышқылы тамшыларынан тұратын жаңбыр жаууы мүмкін. Шолпанның бетінде таулар, 
вулкандар (әдеттегідей емес, дөңгелек пішінді келеді), аңғарлар бар. Жалпы алғанда , бұл жер 
тобындағы 
планеталар 
ішіндегі 
ең 
бір 
тегістеу 
планета. 
Жер планетасы. Меркурий мен Шолпаннан кейінгі тұрған біздің көгілдір планета Жер. Жердің 
гидросферасы жылуды сақтайды. Жердің ішкі құрылысы өте күрделі. Қатты планеталар арасынан 
Жер ең активті болып есептеледі. Беткі қабаты үнемі өзгерістерге ұшырап тұрады. Жер 
залалинның теориясы бойынша жердің сұйық және қатты ядросы анықталады. Жердің магнит 
өрісі өте күшті. Оның магнит осінің өз кіндігінен айналу осіне көлбеулігі 11о, 5о бұрыш жасайды. 
Жер көкшіл көгілдір, Ай қызғылт сары түсті. Ай Жерге тек бір жақ бетімен көрінеді. Айдың Жерді 
айналып шығу уақыты оның өз осімен айналып шығу уақытына тең. Меркурийдегі тәрізді Айда да 
атмосфера 
жоқ. 
Марс планетасы. «Қызыл жұлдыз» планетасы Жерден әлде қайда кіші. Ол, бір жағынан, Меркурий 
мен Айдың арасындағы, екінші жағынан, Жер мен Шолпанның арасындағы аралық планета 
тәрізді, оның атмосферасының тығыздығы Жер атмосферасының тығыздығынан 10 есе аз. 
Марстың атмосферасы Шолпандағы тәрізді көмір қышқыл газынан тұрады. Марс планетасының 
екі серігі бар. Олар өлшемдері шағын, шамамен 20 км болатын Фобос және Деймос. 
Марс Күн жүйесіндегі Жерден адам баласының онда детілген жердегідей тіршілік бар деген 


120 
үмітпен қарап, ерекше қызығушылық тудырған бірінші планета. ХІХ ғасырда негізгі пікірталастар 
мен айтыстар тудырған Марстан басқа бірде-бір планета болған емес. Қазіргі кезде Марста 
өсімдіктер мен органикалық өмірдің бар болуы жөнінде талас жүріп жатыр. ХХІ ғасырда бұл 
пікірталастың жұмбағы азайған жоқ 
Плутон. Енді Жер тобындағы Плутон планетасын, оның серігі Харонды қарастырамыз. Бұл Күн 
жүйесіндегі ең салқын ең кішкене планета. Оның диаметрі 2260 км, ал бетінің орташа 
температурасы –230оС. Ғалымдар планетада өте сирек азот пен метаннан тұратын салқын 
атмосфера бар болар деп жобалайды. Плутонның түнгі аспанында Күн тек жарық жұлдыз тәрізді 
көрінеді. Оның серігі Харон планетадан екі есе кіші. Күн жүйесінің соңғы планетасы 1930 жылы 
табылды, оған әлі ешқандай ғарыш аппараттары ұшып барған жоқ. Соңғы кезде Плутонды Күн 
жүйесіне кіретін тең құқықты планета арасына жатқызуға бола ма деген пікірталас та қызу жүріп 
жатыр. Ал Жерден алынған фотосуреттермен оның қандай да бір ерекшеліктерін анықтауға әлі 
мүмкіндік болмай тұр. Плутон мен Харонды зерттеу дәуірі әлі алда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет