14
Ең алғаш рет бұл мәселенi, идеалды жылу машинасын ойлап
тапқан француз ғалымы С.Карно зерттедi. Ондай машинаны
құрастыру үшiн жоғарғы температурадағы қыздырғыш, мейлiнше
төмен температурадағы тоңазтқыш және жұмыс атқарушы дене
болуы керек (2 - сурет). Барлық жылу машиналарындағы жұмыс
атқаратын дене, өзi ұлғайған кезде жұмыс жасайтын, газ болып
табылады. Тоңазтқыш ретiнде атмосфера, не болмаса конденсатор
деп аталатын салқындатуға арналған арнайы қондырғылар
алынады.
Карно циклi
. Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан
Q
Қ
жылу
мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа
Q
T
жылу мөлшерiн бередi, ал
(Q
Қ
- Q
T
)
айырымын
Aұ
жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы
дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс
жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi
түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi.
Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады.
Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру
циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып
табылады. Бұл цикл
Карно циклi
деген атақ алды, осыған ұқсас
процесстер
айналмалы
немесе
циклдық
процесстер деп аталады.
Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың
шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны
Карноның идеалды жылу машинасы
деп атайды
(3 - сурет).
Достарыңызбен бөлісу: