булану және қайнау . Кез келген температурада және тек сұйық бетiнен
шығып бу күйiне айналуды –
булану деп атайды.
Бу – буланудың әсерiнен пайда болатын газ.
Булану барысында сұйық салқындайды.
Буланған молекулалардың белгiлi бiр бөлiгi хаостық (ретсiз) қозғалыс жасай отырып қайтадан сұйық
бетiне түсуi және оның молекулаларына айналуы керек. Соныменен, булану процессiмен қатар
бiрмезгiлде
конденсация деп аталатын керi процесс те жүредi.
Конденсация – бұл заттың салқындау немесе сығылуының салдарынан газ тектес күйден сұйық
күйге айналу процессi. Сұйық бетiндегi будың қысымы неғұрлым жоғары болса, сол температурада
конденсацияға ұшырайтын молекулалар саны да соғұрлым көп болады.
Бетi ашық ыдыстағы сұйықтың булану процесi конденсация процесiнен басым болып келедi. Ал бетi
жабық ыдыста сұйық пен будың арасында, булану процесi мен конденсация процесстерi бiрiн-бiрi
толықтыратындай,
динамикалық тепе-теңдiк орнайды. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте
болатын буды
қаныққан бу деп атайды.
Температура тұрақты болған жағдайда қаныққан будың қысымы оның алатын көлемiне байланысты
болмайды.
Егер сұйықтың булануы конденсациядан басым болса немесе сұйық толық буланып кетсе, онда оның
устiндегi буды
қанықпаған бу деп атайды. Буларға, тек
бу қанықпай тұрған жағдайда ғана , идеалды
газдар үшiн орныққан заңдарды қолдануға болады.
Қаныққан бу. Егер сұйық құйылған ыдысты тығыз жабатын болсақ, онда сұйықтың азаюы тез арада
тоқталады. Температура өзгермеген жағдайда сұйық — бу жүйесі жылулық тепе-теңдік күйге келеді
және бұл күйде ұзақ уақыт бола алады. Булану процесімен қатар конденсация процесі болып
отырады және бұл екі процесс орта есеппен бір-бірін тексереді.
Ыдысқа сұйық құйып, бетін жапқаннан кейін, алғашқы кезде, сұйық буланады да, будың тығыздығы
арта бастайлы. Бірақ мұнымен бірге сұйыққа кайта оралатын молекулалардың саны да өсіп отыратын
болады. Бу тығыздығы неғұрлым арткан сайын, сұйыққа қайтып оралатын бу молекулаларының саны
арта түседі. Температура тұрақты болған жағдайда осының нәтижесінде жабық ыдыстағы сұйық пен
бу арасында біртіндеп