Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


Сыртқы қысым неғұрлым жоғары болса, қайнау температурасы соғұрлым жоғары болады



Pdf көрінісі
бет20/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

Сыртқы қысым неғұрлым жоғары болса, қайнау температурасы соғұрлым жоғары болады. 
Кризистік температура.
Температураны арттырғанда қаныққан бу қысымы артуымен қатар оның 
тығыздығы да артады. Өз буымен тепе-теңдікте болған сұйық тығыздығы, қыздыру кезінде 
сұйықтың ұлғаюы салдарынан, керісінше, азаяды. Егер бір суретте сұйықтың тығыздығын және оның 
буының тығыздығының температураға тәуелділік қисықтарын сызатын болсақ, онда сұйық үшін 
қисық төмен қарай, ал бу үшін — жоғары қарай кетеді. 
Кризистік 
деп аталатын белгілі бір температурада екі қисық түйісіп қосылады, яғни сұйықтың тығыздығы 
будың тығыздығына теңеледі. 
Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттерінің айырмашылықтары жойылатын 
температура кризистік температура делінеді. Кризистік температура түсінігін Д. И. Менделеев 
енгізді. 
Кризистік температурада қаныққан будың тығыздығы (қысымы да) максимал, ал бумен тепе-теңдікте 
болатын сұйықтың тығыздығы минимал шамада болады. Алдыңғы қосар беттегі кестеде кейбір 
заттардың кризистік температурасы келтірілген. 
Кризистік температурадан жоғары температурада қандай қысымда болмасын газды сұйыққа айналдыру мүмкін емес. 
Кризистік температураның ерекше 
маңыздылығы осында. Кризистік температурадан төмен температурадағы газ қанықпаған бу күйінде 
болады. 


18 
1 сурет. Кризистік температура гарфигі. 
Бақылау сұрақтары 
1.
Булардың қасиеті. Қайнау деген не? 
2.
Агрегаттық күйлер. Әр агрегаттық күйдің қасиеті. 
3.
Ауадағы су буы деген не? Буды өлшейтін құралдар. 
Сабақ № 10 
Тақырыбы:1.3.2 Ауадағы су буы. Буды өлшейтін құралдар 
Сабақ жоспары 
1.Атмосферадағы су буы 
2. Салыстырмалы ылғалдық
3. Психрометр мен гигрометр 
Ауадағы су буы. Буды өлшейтін құралдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет