56
Ферромагнетизм электрондардың магниттiк қасиеттерiмен
түсiндiрiледi. Атом ядросының айналасында айналып жүрген әрбiр
электронды меншiктi (спиндiк) магнит өрiсi тудыратын шеңбер
бойындағы электр тогы ретiнде қарастыруға болады. Көптеген
заттарда спиндiк магнит өрiстерi бiрiн-бiрi толықтырып
отырады.(6.7 - сурет). Бiрақ кейбiр кристалдарда, мысалы темiрдiң
кристалдарында электрон бөлшектерiнiң спиндiк магнит өрiсiнiң
индукция векторларының паралелль бағытталуына жағдай туады.
Осының нэтижесiнде кристаллдардың iшiнде бойы 10
-2
-10
-4
болатын магниттелген аймақтар пайда болады. Осылай өз бетiнше
магниттелетiн аймақтарды
домендер
деп атайды.
Әртүрлi домендерде
магнит өрiсiнiң индукциялары
әртүрлi
бағытта болады
. Сыртқы магнит өрiсiне ферромагнетиктi енгiзсе, сыртқы өрiс бойымен
бағытталған домендердiң көлемi артады. Магниттелген заттардың магниттiк индукциясы өседi.
Берiлген ферромагнетик үшiн белгiлi бiр температурадан асқанда оның
ферромагниттiк қасиеттерi
Достарыңызбен бөлісу: