Мазмұны Кіріспе. Халықаралық бірліктер жүйесі Бөлім Молекула кинетикалық теория және термодинамика негіздері


жоғалады . Осы температураны Кюри  температурасы



Pdf көрінісі
бет66/125
Дата18.10.2023
өлшемі3,62 Mb.
#186554
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125
Байланысты:
2.Физика-на-казахском-языке-для-1-курса

жоғалады
. Осы температураны Кюри 
температурасы
деп атайды.
Бақылау сұрақтары: 
1.
Магнит өтімділігі деген не? 
2.
Магнетиктер қандай топтарға бөлінеді? 
 
Сабақ № 36 
Тақырыбы: 
2.4.3 Электромагниттік индукция. Ленц ережесі. 
 
Сабақ жоспары: 
 
1.
Фарадей тәжірибесі
2.
Электромагниттік индукция
3.
Ленц ережесі 
4.
Өздік индукция
5.
Индуктивтілік
6.
Индукция коэффициенті
7.
Магниттік өрістің энергиясы
Жоғарыдағы келтiрiлген Х.Эрстед тәжiрибесi электр тогы өзiнiң маңындағы кеңiстiкте магнит өрiсiн 
туғызатындығын дәлелдейдi. Бұл дерек, өз кезегiнде электр және магнит өрiстерiнiң арасында қандай да бiр 
байланыс бар екенiне нұсқағандай. Осымен байланысты мынадай заңды сауал туындылайды: 
«керiсiнше, 
магнит өрiсi электр тогын туғыза ала ма?»
. Бұл сауалдың жауабын 1831 жылы ағылшын ғалымы М.Фарадей 
бердi. Фарадей тәжiрибесi өткiзгiштiң тұйық контурын тесiп өтетiн магнит ағыны өзгерген кезде ол өткiзгiште 
электр тогы пайда болатынын көрсеттi. Физика мен техниканың одан арғы дамуында үлкен роль атқарған бұл 
құбылыс 
электромагниттiк индукция құбылысы
деп, ал сәйкес контурда пайда болған ток 
индукциялық ток
деп аталды. Электромагниттiк индукция құбылысы кезiнде тұйық контурда индукциялық токтың тууы бұл 
тiзбекте осы токты туғызатын индукция электр қозғаушы күшiнiң (ЭҚК) пайда болатындығының дәлелi. 
Электромагниттiк индукция заңы
осы индукция ЭҚК-iнiң мәнiнiң неге байланысты болатындығын анықтайды. 
Бұл заңға сәйкес тұйық контурда пайда болатын индукция ЭҚК-i 
ε
i
, сол тұйық контурмен қоршаған беттi тесiп 
өтетiн магнит ағынының өзгеру жылдамдығының терiс таңбамен алынған мәнiне тең, яғни
Бұл өрнектен контурды тесiп өтетiн магнит ағыны неғұрылым тез өзгерсе (артса немесе кемiсе) соғұрылым 
индукция ЭҚК-нiң модулi де үлкен болатындығы көрiнiп тұр.
Ал электромагниттiк индукция құбылысы кезiнде контурда пайда болатын индукциялық токтың бағыты 
жөнiнде не айтуға болады ? Бұл токтың бағытын анықтауға мүмкiндiк беретiн жалпы ереженi 1833 жылы 
Э.Ленц ашқан. Осы ғалымның құрметiне 
Ленц ережесi
деп аталған бұл тұжырым мынадай :Кез келген ток 
тәрiздi тұйық контурда пайда болатын индукциялық ток та өзiнiң маңында магнит өрiсiн туғызады. 
Индукциялық ток, әрқашанда өзi тудырып тұрған магнит өрiсi, сол токты тудырып тұрған магнит ағынының кез 
келген өзгерiсiне кедергi жасайтындай болып бағытталады. Электромагниттiк индукция заңының (1.4) 
өрнегiндегi минус таңбасы осы Ленц ережесiмен байланысты.
6.7-сурет


57 
Ленц ережесi электромагниттiк құбылыстардағы энергияның сақталу заңының салдары болып табылады. 
Мұны тұйық және тұйық емес (үзiгi бар) сақиналармен жасаған тәжiрибе айқын көрсетедi.
Индукциялық токтың энергиясы өз кезегiнде өткiзгiштердi қыздыруға жұмсалуы, қозғалатын әртүрлi 
механизмдердiң механикалық энергиясына айналуы және энергияның басқа түрлерiне ауысуы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет