Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет22/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Әдебиеттер
1.
Қоянбекова С. Ғылыми стиль мәселелері // «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы, 2005, №7 
2.
Әлісжанов С. Ғылыми прозаның синтаксисі. – Алматы: Арыс, 2007 
3.
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. д-ры... дисс. автореф. –
Алматы,2007 
4.
Есинбаева Ж. Ғылыми-көпшiлiк стиль: дискурстық, тiлдiк-стильдiк талдау: филол. ғыл. 
канд. ... дисс. автореф. –Алматы, 2009 
Дәріс. Академиялық мәтін
Кез келген оқырман өзінің таңдауына байланысты түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Ал ол 
мәтіндер шартты түрде академиялық немесе академиялық емес деп екі топқа бөлуге болады. Бұл 
мақала академиялық мәтіндердің білім мазмұнын, ерекшеліктерін, оқылым әрекетін, кіріспені жазу, 
гипотеза және оны құру, мәліметтерге талдау жасау, параграф және оның құрылымы, қорытынды 
бөлімді жазу,плагиаттық және одан сақтану жолдарын көрсетеді. Академиялық мәтін – белгілі бір 
тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Әдетте, академиялық бағытта 
жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері болады. Олар: 
күрделі, формалды, нақты, объективті, 
шекетулі және жауапкершілікті.
Бірақ мәтіннің жазылуының басты талабы – анық және түсінікті 
тілмен жазылуы. 
Күрделі – Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі 
сөйлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады. 
Формалды – академиялық жазылым барысында әртүрлі қысқарған сөздер мен диалект, 
жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды. 


23 
Нақты – академиялық жазылымда ақпаратты қолдану барысында нақты мәлімет беруге 
тырысу керек. Мысалы, «көптеген адамдар» дегеннің орнына «30 мың адам» деп нақты көрстеу 
керек. 
Объективті – академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъективті ұстанбауы тиіс. Яғни, бір 
жақты немесе қандай да бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. Жұмыстың мақсаты тек 
ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып табылады. Сонымен қатар, 
академиялық мәтінді оқу барысында автордың не жасағаны емес, жұмыс бойынша не жасалғаны 
қызықтырады. Сол себепті, «менің ойымша» немесе «мен сенемін» деген сөздер мен сөз тіркестері 
қолданылмағаны абзал. Мысал келтіретін болсақ, 
«Менің ойымша, бұл жақсы жазылған еңбек»
деп 
көрсеткен дұрыс емес. Оның орнына 
«Жақсы жазылған зерттеу жұмысы»
деген орынды болады. 
Шектеулі – академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. 
Тақырыптан ауытқу немесе зерттеу сұрағынан тыс ақпаратты беру немесе жазу оқырман 
қызығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан, жоғарғы 
оқу орындарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы мен қамтылатын 
зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. Белгіленген көлес студент 
үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық ақпарат жазбауына мүмкіндік береді. 
Сонымен, академиялық жазылымның 4 ерекшелігін атап көрсететін болсақ: 
1.
Объективті түрде жазылуы; 
2.
Ғылыми стильде жазылуы; 
3.
Жүйелі құрылыммен жазылуы; 
4.
Сілтемелерді жиі қолдану; 
Сондықтан, академиялық құрлыммен жазылатын сөйлемдердің негізгі мақсаты берілетін ақпаратты 
түсінікті, дәлді етіп анық жеткізу. Бұл ғылыми стильге тән ерекшелік болып табылады. 
Академиялық жазылым дегеніміз – зерттеушінің ғылыми мәтіндерді оқуына, түсінуіне және 
жазуына мүмкіндік беретін тілдік құзіреттілігі.
 
Академиялық жазылым – бұл әлемдік білім беру 
салаларында және ғылыми ортада кең таралған ақпараттық үдерістерді, академиялық қарым-
қатынастарды, халықаралық тәжірибе алмасуларды жаңаша дамытуға бағытталған құзыреттердің 
дәстүрлі түрі. «Академиялық жазылым» термині әлемдік білім беру жүйесінде, әсіресе, 
академиялық қызметке дайындық дәрежесін, яғни университетте немесе колледжде оқуға, ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен айналысуға, сондай-ақ ақпараттық дереккөздермен байланысты кез келген 
кәсіби қызметпен шұғылдануға және қандай да бір құжаттарды жазуға қажетті дайындығын 
анықтау үшін кең қолданылады. Осыған байланысты академиялық сауаттылық деңгейі 
абитуриенттің университетке дайындығын, сонымен бірге маманның басшы болуға әзірлігін 
айқындауға меже болып табылады. 
Академиялық жазылым – эссе, курстық жұмыс, диплом жұмысы, магистрлік және 
докторлық диссертациялар, ғылыми мақалалар мен монографиялар сияқты ғылыми мәтін жазудың 
әдіснамасы. Академиялық жазылым – жеке ойлары мен идеяларын білдірудің және оны негіздей 
білудің әрі оларды мақсатты аудиторияға жеткізе білу дағдысы. Академиялық жазылым – бұл 
ғылыми мәтіндер жазу, олардың жазу тілі мен стилін таңдап, қолдана білу дағдысы. «Академиялық 
жазылым дағдысын білу – бұл академиялық ортада табысты болудың негізі», – дейді Ресей ғалымы 
И.Б. Короткина. Академиялық жазылым жазбаша қатысыммен байланысты мәселелерді шешуді 
талап ететін дағдыларды дамытуға бағытталған. Біріншіден, осы дағдылар кешенін қазақстандық 
мамандар әлі де терең меңгермеген десек қателеспейміз, оған дәлел ретінде мекемелердегі хат 
алмасу тіліндегі кемшіліктерді айтуға болады. Екіншіден, академиялық жазылым сауаттылығы сол 
мамандарда белгілі бір қиындықтар тудырады. Айталық, мемлекеттік қызметкерлер Қазтест 
бойынша жазылымнан диктант, мазмұндама, эссе жазуда ақсап жатады. Бұдан шығатын 
қорытынды: бұл құзырет түрі қазіргі ақпараттық технологиялар заманындағы кез келген маманның 
немесе басшының кәсіби жетістігін анықтайды. 
Шетелдік тәжірибеде «Академиялық жазылым» пәні EAP – English for Academic Purposes 
(академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі) пәнін оқыту арқылы жақсы таныс. Оның 
ғылыми-әдістемелік базасы өте жақсы әзірленген, оқу құралдары жеткілікті. Бұл пән Батыста 
Академиялық оқылым, Академиялық тыңдалым және Академиялық сөйлеу (Academic Reading, 
Academic Listening және Academic Speaking) сияқты академиялық дағдыларды дамытуға 
бағытталған кешендік пәндердің қатарынан орын алады. Академиялық жазылым бағдарламалары 
шетелде ауқымды рөл атқарады, яғни оған маман даярлаудың барлық кезеңінде білім берудің 
(жекелеген курстар бойынша жазбаша жұмыс түрінде есеп беру), зерттеу жұмыстарының (жоба, 
диссертациялар жазу), дереккөздермен жұмыс істеу, сілтеме беру сияқты әмбебап зерттеу 


24 
жұмыстарының ажырамас бөлігі ретінде маңызды көңіл бөлінеді. АҚШ пен Еуропаның барлық ірі 
университеттерінде академиялық жазылым орталықтары бар және олар арнайы мамандандырылған 
орталықтармен ынтымақтастықта бірлесіп қызмет етеді. Академиялық жазылымды оқытудың 
алғашқы қарлығашы ретінде британдық университеттерді танимыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет