27
ғылымында тілдің дыбыстық жүйесін үндесім теориясы бойынша
сипаттауды терминологиялық
жағынан реттеу үрдісі жүріп жатыр.
Жат сөздердің тіл бұзар
әсерінен құтылудың бірден- бір
жолы олардың қазақша
баламасын тауып, сөйленімге
жаппай ендіру ғана болып отыр.
Әлімхан Жүнісбек
Қазақ фонетистері ұсынған үндесім теориясы бүгінде халықаралық деңгейде танылып үлгерді және
түрік тілтанымы үшін ғана емес, жалпы фонетика ғылымындағы елеулі жаңалық болды. Дүние жүзі
тілдері жіктелімінде жалғамалы (агглюнативті) сипатымен ерекшеленетін түрік тілдерінің басты
фонетикалық ерекшелігі үндесім екенін мойындау ғылыми ойдың дамуымен, ғылыми көзқарастың
ауысуымен байланысты. Түрік фонетикасын жаңа теориялық деңгейге көтеру ісінде қазақ
фонетистерінің көшбасшы болуы да атап өтерлік жай және ол заңды да. Түрік тілдерінің ішінде
үндесімді бар болмысымен сақтап қалған бірден-бір тіл - қазақ тілі екенін түрколог-ғалымдар
бірауыздан айтып отыр. «Асыл тіл, түзу емле қазақта» (А.Байтұрсынұлы) болса, тіл заңын түзеу де
қазақ тіл білімінен басталып, бүгінде қайта жалғасын тапты. Сондықтан да қазір қазақ фонетикасы
ғылымында тілдің дыбыстық жүйесін үндесім теориясы бойынша сипаттауды терминологиялық
жағынан реттеу үрдісі жүріп жатыр.
Бұл арада қазақ тіл білімінің фонетика саласындағы төл терминдер жүйесін
қалыптастырудағы
дәстүр сабақтастығы туралы айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Халықаралық терминдер басым
болып келетін ғылымның өзге салаларымен салыстырғанда қазақ тіл білімінің, оның ішінде
фонетика саласының атау сөздері негізінен төл сөздерімізден құралған. Тіл
табиғатын сол тілге тән
табиғи ұғымдармен түсіндіру үрдісі ХХғ. 80-90 жылдарынан қайта бастау алып, қазір де
жалғасуда. Бұл ұлы істің басында Ахмет Байтұрсынұлы тұрса,
кейін Құдайберген Жұбанов
терминжасамдағы осы үрдісті одан әрі дамыта түсті. Ал ХХ ғасырдың соңында қазақ фонетикасы
мәселелерін зерттеудегі жаңа бағыт, сингармонизм теориясына негізделген бағыттың авторы
профессор Әлімхан Жүнісбек еңбектерінде осы терминжасам тәсілі жалғасын тапты. Проф.
Ә.Жүнісбек үндесім теориясының ұғымдары және сол ұғым-түсінік атауларын қалыптастыру ісінде
де ұлттық терминжасам дәстүріндегі пәнсөздер жүйесін қолданысқа енгізді. «Үндесім дыбыс,
үндесім буын, үндесім сөз ұғымдары мен оларға тән жалпы фонетикада жоқ атаулар құрамы
жинақталды» (1.4). Ғылым саласындағы терминжасам ісіндегі сабақтастықты дәл аңғарған белгілі
терминолог- ғалым Ш.Құрманбайұлы бұны «үзіліп қалған ұлттық терминжасам дәстүрінің араға 60-
70 жыл салып барып қайта жалғасын табуы деп бағалаған дұрыс болар» (2.42) деп атап көрсеткен
еді.
Бұл бағытта ғалым ұстанып отырған басты бағыт «ұғымдар мен атауларды мүмкін
болғанша
қазақылап алу» және «атаудың уәждемелі болуы» (5.33). Енді профессор Ә.Жүнісбек ұсынған
фонетика салалары атаулары мен салаға тән жіктелім белгі атауларына тоқталсақ.
Жіктелім (классификация) салалары мен атаулары:
Достарыңызбен бөлісу: