Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет26/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Әдебиеттер


29 
 
1 Ә.Жүнісбек «Қазақ фонетикасы», Алматы, «Арыс», 2009 ж. 
2 Ш.Құрманбайұлы «Терминтану».Алматы, «Атлас», 2006,116 бет. 
3 Терминологиялық хабаршы. №2, 2002, 31б. 
4 Ө.Айтбаев «
А.Байтұрсынұлының өнегесі мен Ә.Қайдар қағидасы»,
«Егемен Қаз», 25.09.2017 ж 
Дәріс. Академиялық мәтінді редакциялау. Ғылыми жұмыстың стилі мен тілі 
Академиялық хат және ғылыми стиль. Академиялық хат – арнайы мамандықтарға 
байланысты студенттердің оқуға міндетті немесе таңдап алған пәндері бойынша белгілі бір тақырып 
төңірегінде түсініктер мен пікірталастар баяндалған әдебиеттерді оқып, оған талдау жасауы және 
оларды қолдану арқылы жазбаша түрде өз пікірін білдіруі. Бұл жазба жұмысы студенттердің өз 
бетінше зерттеу дұмысын жүргізуге, жобалық жазба жұмыстарын жазуға машықтандырады.
Тілдік қарым-қатынас өзара байланыс жасау мақсатында құрылатыны белгілі. Тіл білімінде 
стильдің 5 түрі: 
o
Ауызекі 
o
Публистикалық 
o
Әдеби 
o
Ғылыми 
o
Ресми іс-қағаздар. 
Негізінен ғылыми стильге қойылатын басты талаптың бірі логикалық жүйелі ой түрінде 
жазылуы тиіс, бұл ғылыми стильдің ерекшелігі.
Ғылыми стильдің өзіне тән түрлері де болады, олар: 

таза ғылыми стиль 

ғылыми-оқулық стилі 

ғылыми көпшілік стиль. 
Сонымен қатар, пәнді оқу арқылы өзін-өзі басқару, жазба жұмысының жоспарын алдын ала 
жаза білу, соңғы мәтін нұсқасын тексеру мен түзету сияқты дағдыларды қалыптастыруға болады. 
Академиялық хаттың мақсаты ғылыми тұрғыда жазылым әрекетіне дағдыландыру, демек 
ғылыми мақала, зерттеу жұмыстарын және тағы басқа ғылыми бағытта жазылатын еңбектерді 
жазуға үйретеді.
Сонымен ғылыми стиль: жазба стилінің бір түрі, логикалық оймен жазылуы тиіс, терминдер 
қолданылады. 
Ғылыми стильдің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар.
Өзге стильдермен ерекшелейтін қасиеттері: 

нақтылық 

обьективтілік 

қисындылық. 
Студенттер үшін академиялық жазылым төмендегідей дағдыларды қалыптастырады: 
ақпаратты беруде лексикалық бірліктердің орынды қолданылуы, мәтін жүйесінің логикалық 
мәнде болуы, тақырыптың тұтастығы, ғылыми стиль талаптардың сақтауы. 
Ал, академиялық хаттың негізгі талаптары: 
-
Зерттеу тақырыбының болуы 
-
Зерттеу сұрағының болуы 
-
Плагиат ережесін сақтауы 
-
Ғылыми мәліметтерді қолдануы 
-
Кіріспе, негізгі бөлім, қортынды бөлімдерінің болуы 
-
Түйіндеменің болуы (шағын эсселерге қатысты емес). 
да мына жайттарды ескеру қажет: 

Зерттеу сұрақтарының орналасу реті өте маңызды. Жауабы зерттеуші үшін маңызды деген 
сұрақтардан басталғаны дұрыс. Сұрақтар күрделі грамматикалық құрылыммен жазылғаннан да 
қарапайым түсінікті тілмен жазылуы тиіс. 


30 

Тақырыптары ұқсас сұрақтарды бірге топтауға тырысу керек, бұл жауап берушілерге 
жылдам, әрі оңай жауап беруге мүмкіндік жасайды. 
Кейбір зерттеушілер сұрақтарды араластырып беруге мүмкіндік береді. Бірақ, мұны зерттеу 
жұмысын жүргізуден тәжірибесі бар адамдар жүргізгені дұрыс. 
Сонымен қатар, тест сауалнамасын жүргізген де дұрыс, себебі шағын топтан жылдам сыни 
пікір алып зерттеу туралы қорытынды жасауға көмектеседі. 
Зерттеу барысында жиі кездесетін қателік зерттеу сұрақтарын дұрыс құрмау. 
Сауалнама сауалдарын құрып болған соң, оны таратудың жолын қарастыру қажет. 
Сауалнамаларды ғаламторды қолдану арқылы таратуға болады. 
Сауалнаманы таратпай тұрып, оны тексеріп алған жөн. Яғни, сұрақтардың түсінікті және 
орынды қойылғанына көз жеткізу қажет. Содан кейін сауалнаманы таратуға болады. 
Сұхбат алу.
 
Зерттеу әдісінің кең таралған түріне сұхбат алу жатады. Сұхбат алушы мен сұхбат 
беруші арасында бетпе - бет жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының кең қолданылатын дәстүрлі түрі. 
Сұхбат алу барысында мына жайттарды есте сақтаған жөн: 
- Сұхбат беруші өзіне қызықты мәселе болмаған соң, уақыттарын зеттеу жұмысына жасауға 
құлықсық болуы мүмкін; 
- Ойыңыздағы қиын сауалды бетпе-бет барысында сұхбат алу ыңғайсыз болуы мүмкін; 
- Сұхбат берушінің лауазымы немесе дәрежесі, жасы жаражды болатын болса, сұхбат беру 
барасында басымдық танытып кетуі мүмкін. Сұхбат алушы батыл түрде ойындағы сұрақтарына 
жауап алмай қалу қаупі бар. 
Жалпы сұхбат уақытын алдын ала келісіп, этикалық құжаттарды толтырып, сұхбат берушіге 
өзінің кім екенін дәлелдейтін құжаттармен барған жөн. Сұхбат алар алдында сұхбат беруші 
келісімін алып, мәліметтің тек ғылыми бағытта қолданылып, жеке басына қатысты ешқандай 
ақпараттардың таратылмайтыны жөнінде кепілдеме қағазына қол қойып таныстыру қажет. 
Зерттеуге қажетті амал (сауалнама және сұхбат) арқылы мәлімет жинақтағаннан кейін зерттеу 
нәтижесін талдауға кірісуге болады. Зерттеу нәтижесін талдау қолданылған зерттеу сұрақтарына 
байланысты. Әрбір жауапқа қажет болған жағдайда статистикалық амалдарды қолдана отырып 
талдауды бастау қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет