Орфография (гр. т. orthos — дұрыс, grapho — жазамын) — сөздердің дұрыс жазылуын зерттейтін
тіл білімінің бөлімі. Жазу кезінде сөздердің нормаға сай берілуі, грамматикалық формалардың
берілуінің біртектілігі, яғни оны қамтамасыз ететін ережелердің жиынтығы. Тілдегі сөздердің дұрыс
жазылуының фонематикалық, морфологиялық, семантикалық сияқты қағидаттары бар.
Транскрипция (лат. Transcription — қайта көшіріп жазу) — белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл
бейнелейтіндей беретін шартты белгі. Мұнда дыбыстар дәл әрî нақты етіп беріледі, оқылады.
Мысалы: су [сұу], ел [иел], жұлдыз [жұлдұз] . Мұнда сөздегі дыбыстардың нақты белгісі тік жақша
ішінде сөздердің дұрыс айтылу ерекшелігіне сай көрсетіліп отырады. Транскрипцияның негізгі
қызметі — сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәл көрсету. Бір фонема жазуда (графика)
әртүрлі әрîптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол (фонема) бір ғана таңбамен
белгіленеді [3]. Тіл білімінде транскрипцияның мынандай түрлері бар: практикалық транскрипция
және ғылыми транскрипция. Практикалық транскрипция белгілі бір ұлттың әлîпби арқылы
аударылмайтын шетел сөздерін жазу. Негізінен шетелдік жалқы есімдерді (кісі есімдері,
географиялық атаулар) жазбаша аударуда туындайтын мәселе. Мысалы, қазақ тілінде — Жапония,
орыс тілінде — Япония, ағылшын тілінде — Japan т.б.
Ғылыми транскрипция белгілі бір тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының (айтылуының) ресми
түрде жазылуы. Ғылыми транскрипцияның өзі іштей екіге бөлінеді: а) фонетикалық транскрипция,
тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді басшылыққа алады, мысалы: оң қол [оңғол], ащы [ашы]; ә)
фонематикалық транскрипция, мұнда әрбір жеке тілдің фонемаларына мән беріліп, сөз
дыбысталуына, айтылуына жуықтап беріледі, мысалы: ми [мый], бу [бұу].
Транслитерация — бұл әліпбидің бір графикалық жүйесін басқасына сәйкестендіріп ауыстыру
деген сөз, яғни бір жазу жүйесіндегі таңбалардың басқа жазу жүйесіндегі таңбалар арқылы
символдарды дәл беруі (немесе символдар тізбегі), онда бір жазба жүйесінің әр таңбасы (немесе
символдар тізбегі) басқа жазба жүйесінің сол таңбасымен (немесе символдар тізбегімен) беріледі.
Мысалы: қазақ — qazaq — казах. Мұндағы қазақ тіліндегі қ латын графикасындағы q, орыс
жазуындағы х сәйкес беріліп тұр.
Жазу — адамзат мәдениетінің басты көрсеткіші. Әр заманда түрліше сипатта болған жазу бүгінгі
уақытта дамып жетілді. Қанша жерден технология дамыса да, жазуды жоя да, алмастыра да
алмайды, керісінше, жазу технологияға бейімделді. Сондықтан ол адамзат тілдік қарым-
қатынасының басты құралы болып қала бермек. Жазу адам ойының туындысы болғаннан кейін
тілдің одан әрі дамуына, оның құрылымдық жүйесінің дамуына, күрделі, құрмалас сөйлемдердің,
34
тұтас мәтіннің пайда болуына әсер етті, тілдік норманың жүйеленуі мен тұрақталуына, әдеби тілдің
дамуы мен стильдік тармақтарының саралануына мүмкіндік туғызды.