Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны



Pdf көрінісі
бет25/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Жасалым жіктелім, айтылым жіктелім, естілім жіктелім, үндесім жіктелім, үйлесім жіктелім.
Жасалым фонетика және жасалым атаулары: 
1. Дауыстылардың жасалым жіктелімі:
 жалаң - құранды; ашық - аралық қысаң - қысаң; ерін - езу; 
тіл орта - тіл арты; тербелмелі.
2. Дауыссыздардың жасалым жіктелімі: 
тербеліссіз - тербеліңкі - тербелімді; тоғысыңқы - 
жуысыңқы; ерін-ерінді - тіл ұшы - тіл ортасы - тілшік.
Айтылым фонетика атаулары: 
Айтылым белгі, ауыз қуысы- көмей қуысы, ауыз қуысты- көмей қуысты, лепті – босаң - бос, кең 
тынысты - қысаң тынысты, шашыраңқы- жинақы т.б.
Естілім фонетика атаулары: 
Естілім белгі, түйсінім түрі: қатаң, ұяң, үнді; естілім қарқыны: күшті лепті, босаң лепті, бос 
лепті.
Үндесім фонетика атаулары: 
Үндесім,
үндесім белгі, үндесім тіркес, үндесім сөз, үндесім буын, үндесім дыбыс, ерін үндесім, тіл 
үндесім, бейтарап үндесім, жаппай үндесім, жалпы үндесім, шала үндесім, іргелес үндесім, 
үндесәуез, жуан езулік үндесәуез, жіңішке езулік үндесәуез, жуан еріндік үндесәуез, жіңішке еріндік 
үндесәуез т.б.
Үйлесім фонетика атаулары: 


28 
Үйлесім, үйлесім тіркес, үйлесім сөз, үйлесім буын, үйлесім дыбыс, тіл үйлесім, ерін үйлесім, жалпы 
үйлесім, жаппай үйлесім, дәнекер үйлесім, шала үйлесім, іргелес үйлесім т.б.
Алмасым (чередование) атаулары: 
Бейрет алмасым, еркін алмасым, табиғи алмасым,тарихи алмасым, іргелес алмасым, шеп 
алмасым.
Әуентаным (интонология) атаулары: 
Әуез (тембр), аралас әуез, езу әуез, ерін әуез, жуан әуез, жіңішке әуез, үндесім әуез; әуен (мелодика), 
жоғары әуен, төмен әуен, өсіңкі әуен, түсіңкі әуен, өшік әуен, тең әуен.
Бұл келтірілген мысалдардан басқа 
әріптеме (графика), жалғаным (агглютинация), екпінтаным 
(акцентология), сөйленім (речь), сөйлесім (диалог), сөйленіс (монолог), әуен тіл (тональный язык), 
бейүндесім (асингармонизм), бейекпін (безударный), үндесім тіл (сингармонический язык), 
дыбыстаным(сегментология), сетінем (редукция), түрленім (модификация) т.б. 
атауларды атап 
кетуге болады. 
Қазақ тіл білімі ғылымының бір саласындағы терминжасам тәжірибесі бұл бағыттағы басымдық төл 
сөздерге берілу керектігіне тағы бір дәлел. Әрине, халықаралық сөздер төл термин тұрақтағанша, 
сол сияқты жалпы, салыстырмалы бағыттағы еңбектерде қолданыста қатар жүреді және олардың 
барлығына балама табу да қиын болар. Ал олардың жазылу, айтылу нормалары – бөлек әңгіме. 
Күні бүгінге дейін халықаралық термин сөздердің айтылымы, жазылымына қатысты бізде нақты 
ұстаным мен бағыт болмай келгендігі анық. 
«Орыс тілі арқылы сатылап бізге жеткен бөгде сөздерді, яғни интертерминдерді, кеңестік ұғымдар 
арқалаған русизмдерді Құран сөзіндей кие тұтып, сол күйінде бұлжытпай алу ауруына 
шалдықтық»[6]. 
Бұл кесірдің, аурудың бізге өтіп кеткендігінің бір дәлелін бүгінгі күні елімізде жүріп жатқан жаңа 
әліпбидің емлесіне қатысты талқылаулардан көруге болады. Туған тілдің мүмкіндігіне сенбей, шет 
тілден енген сөздерді түпнұсқа үлгісіне жақындатып жазамыз деп отырғанымызды басқаша қалай 
түсіндіреміз? 
Қазір елімізде басталған жазу реформасының басты мақсаты – қазақ тілінің табиғи болмысын 
сақтау, тілдегі «тіл бұзар ережелерден» арылу деп түсінеміз. Сондықтан да шеттілдік (кірме) дыбыс 
пен таңбалардың, шеттілдік сөздердің тілімізде қолданылуы мәселесіне байланысты түпкілікті 
байлам мен шешімге келу маңызды. Бұл арада жартылай шешім болуы мүмкін емес. Қазақ жазуы 
мен емлесінде шешімін күткен осы мәселелер болашаққа жүк болмауы үшін бүгін шешілгені дұрыс. 
Өзге тілден сөздерді біз қазақ тіліне қызмет етуі үшін алдық қой. Ал тілімізге қызмет етсе, сол тіл 
заңына бағынуы керек. Ол дегеніміз - барлық тілдердегі тәжірибемен «
интертерминдердің 
тұлғасын 
өзгертпей, 
тұрпатын 
қазақ 
тілінің 
заңдылығына 
бағындыра 
қабылдау» 
[Ө.Айтбайұлы]
.
Бұл жағдайда өзге тілдер тәжірибесімен,ең бастысы, «қазақ сөзінің 
үндесім әуезін бұзбайтын жазылымға тұрақтасақ» (Ә.Жүнісбек), ол, сөз жоқ, қазіргі кезеңде қазақ 
жазуын латын әліпбиіне көшіру туралы тарихи шешім қабылдап, емле ережелерімізді бекітер 
тұстағы тіл болашағы үшін жасалған нақты қадам болар еді. 
Ұсыныстар: 
1. Ең алдымен, ұйымдастырылған шараның маңыздылығы мен қажеттілігін атап өткен дұрыс. 
Қазіргі қазақ терминологиясының өзекті мәселелері бойынша әдістемелік семинарлардан 
қатысушылардың алатыны мол, сондықтан да осындай семинарлар жүйесін өткізуді жоспарлы 
түрде жалғастыру керек деген ойдамыз. 
2. 
Семинар
 «Терминологияның 
өзекті 
мәселелері 
бойынша 
әдістемелік 
семинарлар 
өткізу»
аясында өтетін болғандықтан кезекті семинарлар тақырыбы белгілі бір сала 
терминологиясына (медицина, заң-құқық т.б) немесе ұлттық терминжасамның нақты өзекті 
мәселесіне (аударма, жазылым т.б.) бағытталса, дұрыс болар еді. Бүгінгі семинардың тақырыбы 
жалпы болғандықтан, баяндамалар да әр жақты болды. Алдағы уақытта салалық бағытта болса, сала 
мамандары мен сарапшыларды қатыстыруға, терминдердің қолданым, жазылым қағидаттарына 
қатысты болса, тіл мамандарын қатыстыра отырып, өзекті мәселелерді ортақ талқыға салуға 
мүмкіндік туар еді. Бір тақырыпта бір емес, бірнеше баяндама тыңдалып, сарапшы пікірі ортаға 
түссе, талқылау болса, семинардың нәтижелілігі мен тиімділігі артатыны сөзсіз. 
3. Семинардың өту формасын өзгертіп, кейбір мәселеге қатысты белгілі ғалым-мамандарды 
шақырып, тренинг түрінде, сол сияқты пікір-талас алаңы, сұрақ-жауап алаңы түрінде де өткізу 
мүмкіндіктерін қарау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет