Кіріспе дәріс «Ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу нысаны


Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар



Pdf көрінісі
бет32/64
Дата18.10.2023
өлшемі0,93 Mb.
#186586
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64
Байланысты:
Негіздері-лекциялар

Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс талаптар: 
Жеке көзқарастың көрінісі; 


36 
Фактілі дәлелдер (аргументтер); 
Теоретикалық негіздеме; 
Терминдерді қолдану; 
Цитаталарды келтіру; 
Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; 
Логикалық заңдылықтың сақталынуы; 
Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану
Сауаттылық (пунктуация., орфография.); 
Юмор, сарказм; 
Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау. 
Бағалау межелері: 
эссе жүйесіне қатысты жоспар құруы; 
тақырыптың толық ашылуы; эссе мазмұнының логикалық тұтастығы және ішкі бөліктерінің өзара 
байланыстылығы, жұмыстың өз бетінше орындалуы; 
талдау-сараптау категорияларын сауатты пайдалана алуы; 
нақты да түсінікті, мазмұнын айқын етіп жаза алуы; алға тартқан деректерін сауатты дәйектей алуы, 
бейнелі баяндау шеберлігі, ұлттық танымдық құндылықтарға басым мән беруі, стиль біртектілігін 
сақтауы; 
эссе көлемінің берілген нұсқаға сайлығы; 
қазақ әдеби тілінің лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларын сақтауы, жазу сауаттылығы
Эссе, оның құрылымы туралы жеткілікті теориялық мәлімет алдыңыз деп ойлаймыз. Бүгінде 
ЖОО-да берілген біліміді бағалау үшін эссе көп жазылады. Ал батыс елдерінде оқуға құжат 
тапсырылғанда ерекше көңіл тағы да эссеге бөлінеді. Азғантай тәжірбиеммен бөліссем деп едім…. 
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, 
публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке 
көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын
ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып 
шығарды. 
Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) 
объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, 
таныту. 
Қолданылуына қарай: әдеби жанрда, білімді бақылау әдісі ретінде, батыс елдерінде ЖОО-ға 
түсуде талап етіледі. Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін. 
Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау -ойлану–жоспарлау –жазу–тексеру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет