39
ғылыми және ғылымикөпшілік жұмыстардың құрылымы. Барлығымызға белгілі, ғылыми бағытта
жазылатын жұмыстар кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады, алайда бір қарағанда, белгілі
болып көрінетін осы жайт нақты тәжірибе барысында едәуір қиындықтар туғызып жатады. Дәріс
алушы аталған құрылымдық бөліктердің тілдік, мазмұндық ерекшеліктерін білмейді, сол
білмегендіктен жазған жұмыс өзінің коммуникативтік мақсат-міндетін дұрыс орындамайды.
Жоғарыда сөз болған мағыналық бірліктердің осындай құрылымға қатысы бар екендігін айта кеткен
жөн, әрбір бөлім өзіндік тілдік және коммуникативтік ерекшеліктен тұратынын ескерген жөн.
Мәселен, бағалауыштық тілдік құрылымдарды алалық. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны
тәрізді, қазақ тілінің де ұлттық ойлау жүйесіне тән ерекшеліктердің тілдегі көріністерін және мұның
ғылыми-көпшілік мәтіндерге де тән болып келетіндігін ескереміз. Әрине, бір баяндаманың
көлемінде осының бәрін кең көрсету мүмкін емес, сондықтан біз аталған мәселелердің кейбіріне
ғана тоқталамыз. Ғылыми-көпшілік мәтіндердегі баяндау типтері: сипаттау, хабарлау, талқылау
болып келетіні белгілі, сондықтан олардың мазмұндық және тілдік ерекшелігін дәріс алушы өзінің
санасына сіңіру керек, белгілі бір дәрежеде білім болуы шарт. Мағыналық қатынастар қазақ тілінде
көп, айталық, бағалауыштық, себеп-салдарлық қатынас, салыстыру, дәлелдеу, сілтеме, түсіндіру
(санамалау), қорытындылау т.б. Соның ішінде, себеп-салдарлық қатынасқа тоқталып көрелік.
Себеп-салдарлық қатынас – ғылым, ғылыми-көпшілік тілде қолданылатын негізге мағыналардың
бірі. Олай болатын себебі ғылымда себепсіз ешнәрсе жасалмайды, ешқандай салдар болмайды.
Салдардың көрінуіне негіз болатын себеп те жасалу тәсілі жағынан, мағыналық реңкі жағынан
әртүрлі болып келеді. Себеп-салдарлық қатынас себеп пен салдардың ара жігі айқын көрінетін
құрмалас сөйлемдер арқылы ғана емес, жай сөйлемдердің де мағынасынан нақты көрініп тұрады.
Мысалы: Өсімдіктерде күрделі химиялық реакциялар болады деген сөйлемді алалық. Сөйлемде
салдар (нәтиже) берілген, ал оның себебін мамандар жақсы біледі: Күн энергиясының әсерінен
өсімдіктерде күрделі химиялық реакциялар болады. Осы орайда себеп зат сапасынан, қасиетінен
туындайтын қорытынды себеп ретінде танылады. Тақырыпқа орай үлгі ретінде мынадай
жаттығуларды ұсынуға болады: 1. Төменде салдар берілген, себебін өзіңіз жазып көріңіз. Күн мен
түннің алмасуы болады... ... тірі организмде ауру пайда болады. ... дене өзінің формасын өзгертеді.
Өнім шығару ұлғайды... Техника адам болмысын билеп алды... 2. Себептіліктің қандай салдарға
әкелетінін жалғастырып жазыңыз. Ғылым мен бизнестің берік байланысы нәтижесінде ... Біз ата-
аналарға мүмкіндігінше жазалаудан аулақ болуды ұсынамыз ... Білім ошақтарындағы дұрыс
оқытудың нәтижесіне байланысты ... Бесіктегі баланың денесі құрғақ болғандықтан ... Алғашқы
көшірме аппараттары кең қолданысқа ие бола алмады, ... Ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала жазу
барысында осындай құрылымдарды пайдаланбау мүмкін емес, сондықтан олардың әрқайсысын
жазу барысында тыңғылықты үйрену қажет. Жазу кезіндегі үйренуге тиіс мәселелердің бірі –
ғылыми және ғылымикөпшілік жұмыстардың құрылымы. Барлығымызға белгілі, ғылыми бағытта
жазылатын жұмыстар кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады, алайда бір қарағанда, белгілі
болып көрінетін осы жайт нақты тәжірибе барысында едәуір қиындықтар туғызып жатады. Дәріс
алушы аталған құрылымдық бөліктердің тілдік, мазмұндық ерекшеліктерін білмейді, сол
білмегендіктен жазған жұмыс өзінің коммуникативтік мақсат-міндетін дұрыс орындамайды.
Жоғарыда сөз болған мағыналық бірліктердің осындай құрылымға қатысы бар екендігін айта кеткен
жөн, әрбір бөлім өзіндік тілдік және коммуникативтік ерекшеліктен тұратынын ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: