Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


бірінші қазақстандықтарды жұмысқа тарту



Pdf көрінісі
бет103/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

бірінші қазақстандықтарды жұмысқа тарту
. Онда үш 
маңызды міндет қойылды. Біріншіден, оқыту мен жұмысқа орналасуға 
септесудің тиімді жүйесін жасау. Екіншіден, ауылдық жердегі кəсіпкерлікті 
дамытуға 
септесу. 
Үшіншіден, 
еңбек 
ресурстарының 
жинақылығы, 
Қазақстанның экономикалық тұрғыдар белсенді орталықтарында жұмысқа 
орналастыруға басымдық беру. Осыған байланысты ауылда жұмыс істейтіндерді 
шағын несиемен қамтамасыз ету, қалада жұмыс істегісі келетіндерді мемлекет 
есебінен оқытып, жұмысқа орналастыру. 2020 жылға қарасты 1,5 миллион 
адамды сапалы жұмыстарға еңбекке орналастыру қажет. 
Екінші қол жетімді 
баспана. 
Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға 
берілуде. Алайда, 1,5 миллионнан астам жас отбасы жеке баспанамен 
қамтамасыз етілуі керек. Ол үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңы 1 миллион 
шаршы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімде жалға беруде сатып алатын жəне 
сатуға
жатпайтын екі жолы қарастырылуы қажет. Жалға алғаны үшін төленетін 
төлем əл

ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болу керек. Мұнымен бірге 
отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкəндіктер туады. Мұның барлығы 
«Қолжетімді баспана

2020» бағдарламасында қарастырылуы керек. Мемлекет 
бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді. 
Білім беру мен денсаулық сақтау жолдаудың жетінші бағытында 
қарастырылған. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы əдістемелер мен 
технологияларды енгізу. Екіншіден, педогогтар құрамының сапасын арттыру. 
Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тəуелсіз жүйесін құру. Төртіншіден, жеке 
меншік əріптестігі, ауылдық жердерден жəне аз қамтылған отбасылардан 
шыққан жастардың жол жүруі мен өмір сүруін субсидиялау, жатаханалар желісін 
дамыту тетіктері арқылы білім берудің қол жетімділігін кеңейту. Бесіншіден, оқу 
жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың əлеуметтік 
бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі
тиіс. Алтыншыдан, оқыту 
үдерісінің тəрбиелік құрамдасын күшейту қажет. 
Медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, 
саламатты өмір салтын алға бастыру адами əлеуеттің деңгейін арттырудың 
келесі бір маңызды бағыты болып табылады. Бүгінде «Денсаулық 2016
-2020
» 
мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Денсаулық сақтау жүйесі дамып 
келеді. Халық денсаулығы көрсеткіштерінің жақсы серпінділігіне қол жеткізілді. 
Бала туу өсіп, өмір сүру ұзақтылығы ұлғайды. Бүгінде жүрек

қан тамырлары 
жүйесіне операциялар тек Астанада ғана емес сонымен бірге Қазақстанның 
барлық облыстарында жасалады. Елде озық емдеу

диагностикалық кешендер, 
медицинаның негізгі бағыттары, оның ішінде ең жаңа бағыттары бойынша 
ондаған орталықтар құрылды, көліктік медицина дамытылуда. Бізде 
медициналық поездар, автокөлік, медициналық авиация
айдаланылады. 
Астанадағы болашақ госпиталі қазақстандық денсаулық сақтауды жаңғыртудың 


~167~ 
локомативіне айналмақ. Ендігі жерде онкологиядан болатын ауру мен өлімді 
төмендету мəселесі бірінші кезекке шықты. Осыған байланысты Ұлттық 
медициналық холдинг базасында Астанада қуатты Ұлттық ғылыми 
онкологиялық орталық құру мəселесін қарастырылуда.
Үкімет азаматтардың өз 
денсаулығы үшін ынтымақтастығы тетігін енгізуді ескере отырып, денсаулық 
сақтау жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізуде. Адам науқастану өзіне 
тиімсіз екенін түсінуі керек. Бізде денсаулық сақтау ісі тетігін, зейнетақы 
қорларында жасалып жатқандай, болашақ

медицинадағы сақтандыруда. 
Адамның өзі, оған жұмыс беруші жəне мемлекет жауапкершілікте болады. 
Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, 
неғұрлым жақсы болса, сақтандару сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір 
адамдар жақсы медициналық қызмет көрсететін емдеу мекемелерін таңдайды. 
Əкімдерге халықтың дене шынықтырумен жəне спортпен жаппай айналысуы 
үшін спорттық инфрақұрылыдардың қолжетімділігін кеңейту туралы мəселесі 
шешілуде. Соңғы жылдары қалаларда, облыстарда көптеген спорттық кешендер 
салынды. Олар балаларға, үлкендерге де қолжетімді болуы керек. Адамдар 
спортпен айналысатындай болу керек. Осыған байланысты мемлекет əртүрлі 
спорттық кешендер салынуда.
Экономика мен əлеуметтік жағдай бірігіп мемлекеттің дамуында елеулі 
орын алуда. Экономикалық
-
əлеуметтік құрылым мемлекет ішіндегі жағдайдың 
айнасы. Осыған қарай əлемдегі мемлекеттер бірнеше топқа жіктелген. Олар: 
дамыған капиталистік елдер «Ұлы сегіздік»; дамушы елдер; артта қалған елдер 
«Үшінші əлем елдері». Қазақстан осы аталғандардың ішінде екінші 
топтағыларына жатады (елдің дамуының басым бөлігі əлеуметтік жағдайға 
байланысты, сонымен қоса географиялық орналасуына, ішкі табиғи 
ресурстардың тапшылығынан да қатысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет