Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет



Pdf көрінісі
бет101/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет.
 
Қаржы 

белгілі бір қоғамның ақша 
ресурстары жəне қоғамдық өнім құнын бөлу жəне қайта бөлу процесінде пайда 
болатын ерекше экономикалық қатынас. Осының нəтижесінде ұдайы өндіріс 
қатысушыларында əртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қорлар мен 
жинақтар, ақшалай кірістер қалыптасады жəне пайдаланылады. Қаржы 
түсінігіне
келесідей анықтамалар берілген.
Қаржы

өндірістік қорлардың айналымына қызмет ететіндіктен өндірістік 
категория болып табылады. Қаржы

қоғамдық тұтыну қорын қалыптастыратын 
тұтыну категориясы. Қаржы

мемлекеттің функциясын орындау үшін қажетті 
қорларды құрумен, пайдаланумен байланысты ақшалай қатынас жүйесі. 
Кез
-
келген мемлекетте қоғамдағы ақша ресурстарының құрамына 
мемлекеттік қаржы, шаруашылық жүйесінің қаржысы, кəсіпорынның жəне 
тұрғындардың қаржысы енеді
:
1) Мемлекеттің
қаржысы

ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат 
тұрғындардың əлеуметтік кепілдігін қамтамсыз етуде, заңдылық пен құқықты 


~155~ 
сақтауға, қорғаныс пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады. 
Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік жəне мемлекеттік 
несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен 
қамту қоры, əлеуметтік жəне медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, 
мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы енеді. 
2) Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекеттік жəне мемлекеттік 
емес)

компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, 
бірлестіктердің ақшалай қаржысы құрайды. 
3) 
Кəсіпорынның қаржысын (мемлекеттік, мемлекеттік емес)

меншіктегі 
қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, əлеуметтік
-
мəдени 
даму мен материалдық ынталандыру қоры, аммортизациялық қор, резервті жəне 
сақтандыру қоры енеді. 
4) Тұрғындардың қаржысы 

шаруашылық, еңбек қызметтерінің
(жалақы, 
акция девиденті, банк салымының проценті т.б.) негізінде коммерциялық жəне 
халықтық банктегі сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қорды мемлекеттің 
іске қосуының нəтижесінде ақшалай қаражатты құрайды. 
Аталған құрылым қаржылық жүйені құрайды. Бұл
құрылымның қызметі 

ақша қаражатын ұлғаймалы ұдайы өндіріске бөлу жəне пайдалануды жүзеге 
асыру,
басқада қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға жұмсалады.
Нарықтық қатынастар жағдайында
қаржы негізінде төрт қызметті 
атқарады: бөлу, реттеу, ынталандыру
жəне бақылау
:
1) Қаржының бөлу қызметі

мемлекет ұлттық табыстың едəуір бөлігін 
қоғамдық шаруашылыққа, əлеуметтік 

мəдени шараларға, мемлекетті басқаруға 
жəне қорғанысты дамытуға бағыттайды. 
2) Қаржының реттеу қызметіне экономикалық дамуды салық, несие 
саясаты жəне мемлекеттің сырттай тəсілмен реттеуі жатады. 
3) Қаржының ынталандыру қызметі кəсіпорынның экономикалық дамуын 
əртүрлі ынталандырғанда жүзеге асады. 
4) Қаржының бақылау қызметі бөлінген қаражаттардың мақсатты 
пайдалануын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.
Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық жəне əлеуметтік 
салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, 
пайдаланады. Қаржы жүйесінің буындары: əр дəрежедегі бюджеттер, əлеуметтік, 
мүліктік, жеке адамдарды сақтандыру қорлары, мемлекеттің валюта резерві, 
кəсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың, басқа комерциялық жəнс 
коммерциялық емес құрылымдардың ақша қорлары, басқа арнаулы ақша 
қорлары. 
Мемлекеттік қаржы жүйесі мемлекеттік бюджеттен тұрады. Мемлекеттік 
бюджет 

мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Ол мемлекеттің шығысы мен 
табыстарының балансы. Бюджет ұғымын француз тілінен аударғанда табыс пен 
шығындарды бөлу дегенді білдіреді. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол 
сол елдің ерекшелігін, оның əлеуметтік
-
экономикалық құрылысын, мемлекеттік 
құрылымын білдіреді. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі 
деңгейден

мемлекеттік жəне жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік 
мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) республикалардың (Ресей) өз бюджеттері 


~156~ 
болады, соған сəйкес əкімшілік ұйымдары қызмет етеді. Мемлекеттік бюджет 
үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат 
мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға жəне əлеуметтік
-
экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет 
экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, 
дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы.
Өзінің 
құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: 
мемлекетті басқару шығындары, əскери шығындар, əлеуметтік
-
экономикалық 
мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, 
сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары. Мемлекеттік бюджеттің 
кірістері орталық жəне жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік 
заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. 
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі 

салықтар. Өнеркəсібі дамыған 
елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90%. Салықтың негізгі түрлеріне 
табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, 
корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, 
кəсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мəлімдемелері бойынша салық 
төлейді. Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік ұйымдарды 
қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық 
табысты мемлекеттендірудің басты құралы.
Əрбiр адамның денсаулығы оның толыққанды тiршiлiк етуiн ғана емес, 
сонымен қатар оның мүмкiндiктерiнiң əлеуетiн анықтайтын факторға айналып 
отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейi өз кезегiнде, елдiң əлеуметтiк
-
экономикалық, мəдени жəне индустриялық даму шамасын айқындайды.
2011-
2015 жылдардың кезеңдегі Қазақстан Республикасының денсаулық 
сақтау саласын дамытудың 2011
-
2015 жылдарға арналған "Саламатты 
Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының бағалау қортындысы бойынша талдау 
келтірсек, қол жетімділікті анықтау үшін 8
нысаналы индикаторға қол жеткізу 
көзделген:
1. Халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 
69,5-
ке дейін, 2015 жылға қарай 71 жасқа дейін ұлғаюы.
2013 жылы:
жоспар
-
69,5 жас,
факт
-
70,45 жас,
қол жеткізілген;
2015 жылы: 
жоспар
-
71 жас, факт
-
берілмеді.
Анықтама: Өмір сүру ұзақтығы жайлы ақпаратты даярлау Ұлттық 
экономика Министрлігінің
статистикалық
Комитетімен келесі жылдың
мамыр 
айында жүзеге берілетін болады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 
халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 71,62 жасты құрады.
2. Ана өлім
-
жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға 
қарай 28,1
-
ге дейін, 2015 жылға қарай 12,4
-
ке дейін төмендеуі.
2013 жылы : 
жоспар

100 тірі туылғандарға шаққанда 21,0,
факт
-13,1, 
қол жеткізілген;
2015 
жылы: жоспар
-
100 тірі туылғандарға шаққанда 12,4, факт
-
12,3, қол жеткізілген.
3. Нəресте өлім
-
жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға 
қарай 14,
1-
ге дейін, 2015 жылға қарай 11,2
-
ге дейін төмендеуі.
2013 жылы: 
жоспар
-
1000 тірі туылғандарға шаққанда 14,1, факт
-11,3,
қол жеткізілген;
2015 
жылы: жоспар
-
1000 тірі туылғандарға шаққанда
11,3, факт
-
9,39, қол жеткізілген.


~157~ 
4. Жалпы өлім
-
жітімінің 1000 халыққа шаққанда
2013 жылға қарай 8,14
-
ке 
дейін, 2015 жылға қарай 7,62
-
ге дейін төмендеуі.
2013 жылы: жоспар
-1000 
халыққа шаққанда 8,14, факт
-
7,98, қол жеткізілген;
2015 жылы: жоспар
-1000 
халыққа шаққанда 7,62, факт
-7,52, 
қол жеткізілген.
5. Туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың халыққа шаққанда
2013 жылға қарай 98,1
-
ге дейін, 2015 жылға қарай 71,4
-
ке дейін төмендеуі.
2013 жылы: жоспар
-
100 халыққа шаққанда 98,1, факт
-
73,4, қол жеткізілген;
2015 жылы: жоспар
-
100 халыққа шаққанда 71,4,
факт
-
58,5, қол 
жеткізілген.
6. 15-
49 жас аралығындағы топта АИТВ
-
инфекциясының таралуын
0,2 - 
0,6 % шегінде ұстау.
2013 жылы: жоспар
-0,2-0,6 %,
факт
-
0,157%, қол 
жеткізілген;
2015 жылы: жоспар
-0,2-0,6 %, 
факт
-0,182%,
қол жеткізілген.
7. І
-
II сатыда анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағының 2015 жылға 
қарай 55,1 %
-
ға дейін ұлғаюы.
2015 жылы:
жоспар
-55,1 %, 
факт
-56,4%, 
қол 
жеткізілген.
8. Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 жылдық өмір сүру үлес салмағының 
2015 жылға қарай 50,6 %
-
ға дейін ұлғаюы

2015 жылы:
жоспар
-50,6 %,
факт
-
50,6 %, 
қол жеткізілген.
Бағдарламаның аяқталуы қорытындысы бойынша, барлық нысанды 
көрсеткіштерге қол жеткізлгені
байқалады.
Сонымен қатар осы
индикаторлардың жоспарлау сапасын атап
көрсетуге 
болады. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында
жеке индикаторлардың 
мағыналары бірнеше рет қайта қаралған.
Қайта қарауда мынадай индикаторлардың жақсарғаны байқалады:

Халықтың күтіліп отырған өмір сүру
ұзақтығының ұлғаюы (2015 жылы 
69,5- 
жастан
71 жасқа дейін ұлғаюы);

Ана өлім
-
жітімінің төмендеуі (2013 жылға қарай 28,1
-
ге дейін, 2015 
жылға қарай 12,4
-
ке дейін);

Нəресте өлім
-
жітімінің төмендеуі (2015 жылға қарай 12,3
-
тен
11,2-
ге 
дейін).

Туберкулезбен сырқаттанушылықтың төмендеуі (2015 жылға қарай
94,7-
ден 71,4
-
ке дейін төмендеуі).
ҚР
Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 жарлығымен «Қазақстан 
Республикасын 2020 жылға дейін дамыту Стратегиялық жоспары» бойынша 
ДСƏДМ
-
мен өзгерістер енгізу
қарастырылды.
Индикаторлар бойынша мағынасы: «І
-
II сатыда анықталған қатерлі 
ісіктердің үлес салмағының ұлғаюы» мен «қатерлі ісіктері бар науқастардың 5 
жылдық өмір сүру үлес салмағының ұлғаюы» 2015 жылы
нашарлауына 
байланысты
Қазақстан Республикасында 2012
-
2016 жылға арналған 
онкологиялық көмекті дамыту бойынша қайта қаралды
Жоғарыда 
аталғандар 
бағдарламаны 
өңдеуде 
көрсеткіштерді 
жоспарлаудың төмен сапасын айқындайды.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында индикаторларға қол жеткізу
анализі 
елімізде 
медициналық
-
демографиялық
көрсеткіштердің 
жақсарғандығын
көрсетеді.


~158~ 
Бағдарлама мінеттерінің
дəрежесін бағалау үшін 41 нəтиже көрсеткіштер 
қаралып ескерлген, соның ішінде
бағыттарға шаққанда:
Бірінші бағыт
-
азаматтардың денсаулығын сақтау мəселелері бойынша 
сектораралық жəне ведомствоаралық өзара іс
-
қимылдың тиімділігін арттыру
Осы бағыттың мақсаты мемлекеттік, қоғамдық жəне
бизнес 
құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын 
қалыптастыру, сақтау жəне нығайту болады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша «Темекіні тұтынудың таралуын
төмендету» көрсеткшке қол
жеткізілмеді, жоспар бойынша 18,2 %, факт 
бойынша 18,3
%, 0,1 %-
ға жоғары.
Бағдарламаны ісе асыру барысында темекіні сатуға жəне жарнамалауға 
тыйым салынды, қоғамдық орындарда темекі шегуді шектеу, темекі өнмдеріне 
акциздерді жоғарлату іс
-
шаралары жүзеге асырылды.
ҚР ДСƏДМ
-
ның ақпараты бойынша, бұл көрсеткіш ұлттық
-
əлеуметтік 
зерттеу
нəтижесінде құрылады. VI ғылыми зерттеуге сəйкес (2015 ж.), темекі 
шегудің таралуы 18,3% 
-
ды құрады, 2012 жылы бұл көрсеткіш 26,5% болды. 
Осыған орай
темекі шегумен күресте оң динамика байқалады.
Қазіргі уақытта қоғамда темекі шегу мен темекі шегетіндерге негативті 
пікір қалыптастырылғанын ескертеміз. Осылай, Мемлекеттік бағдарламаны 
бағалау шеңберінде өткізілген əлеуметтік сауалдың қорытындысы бойынша, 70 
%-
ға жуық респонденттердің пікірінше, темекі шегу
-
жаман жəне зиян əдет. 
Респонденттердің 10 %
-
ның темекі шегуге пікірі бейтарап, олар өздері темекі 
шекпейді жəне темекі шегуді жоспарлап отырған жоқ. Сұралғандардың 17,3 %
-
ы темекі шекпейтіңдердің таза ауамен демаліға құқықтарының қорғалуы 
қамтамасыз етілетінін, қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу 
аймақтарының ұлғайғанын айтты.
Сонымен қатар, кемінде 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатын 
адамдардың үлесін жыл сайын ұлғаюын атап көрсетуге керек. 2009 жылы 
14 % 
болса,
2015 жылдың қорытындысы бойынша 29,7% 
-
ды құрады.
Бұдан басқа, «Алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуын төмендету» 
көрсеткіші
жоғары деңгейдегі қол жеткізуін көрсетеді жəне жоспардағы 
көрсеткіштен асады.
Темір тапшылығы анемиясымен сырқаттануды 100 мың адамға шаққанда 
2013 жылға қарай 2221
-
ге дейін, 2015 жылға
қарай 1 870,0
-
ге дейін (2009 ж.
-2 
314,0) төмендету;
2013 жылы: жоспар
-
2221, факт
- 1871,4,
қол жеткізілді;
2015 
жылы: жоспар
-1870,
факт
-
1753,7, қол жеткізілді.
Артық дене
салмағының таралуын 2013 жылға қарай 33 %
-
ға дейін, 2015 
жылға қарай 30 %
-
ға дейін
(2009 жылы
-
35,3 %) төмендету.
2013 жылы: жоспар

33 %, 
факт
-
31,2 % қол жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-30 %,
факт
-30 %
қол 
жеткізілді.
Бағдарламаны жүзеге асыру барысында екі көрсеткішке де
қол жеткізілді.
«Темір тапшылығы анемиясымен сырқаттануды төмендету» көрсеткішн 
жоспарлау сапасын
атап көрсету керек. 2012 жылы осы көрсетіш бойынша
оң 
динамикасы қайта қаралды (2013 жылы 1728 болды
жəне 2015 жылы 1580 
болды). Бірақ
осы көрсеткішке қол жеткізілмегендіктен 2013 жылы (факт
-1871,4) 


~159~ 
қайта қаралып, ұлғаю
бар екені анықталды (2013 жылы 2221 болды, 2015 жылы 
1870,0 
құрады), 2014 жылы бағдарламаға
өзгерістер енгізілді.
Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы

14 жасқа дейінгі 
балалар арасында сүйек
-
бұлшық ет жүйесімен сырқаттанушылықты тиісті 100
мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1194
-
ке дейін, 2015 жылға қарай 832,0
-
ге дейін (2009 жылы
-
1196) жəне 15
-
17 жас аралығындағы жасөспірімдер 
арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2995,1
-
ге дейін, 2015 
жылға қарай 2665,3
-
ке дейін (2009
жылы
-
2997,1) төмендету;

14 жасқа дейінгі балалар арасында:
2013 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға шаққанда 1194,
факт
-
817, қол 
жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға шаққанда 832,
факт
-797,7, 
қол 
жеткізілді.
- 15-
17 жас аралығындағы балалар арасында

2013 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға
шаққанда
2995,1 
факт
-2882,1, 
қол 
жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға шаққанда 2665,3,
факт
-2606,3, 
қол 
жеткізілді.
15-
17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттануды 
тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,3
-
ке дейін, 2015 жылға қарай 
8,0-
ге дейін (2009 ж.
-
8,5) төмендету (маркер ретінде мерез алынды)
2013 жылы: жоспар

8,3 %,
факт
-8,9 % 
қол жеткізілмеді;
2015 жылы: жоспар
-8 %, 
факт
-9 % 
қол жеткізілді.
ҚР ДСƏДМ ақпараты бойынша
осы көрсеткшке қол жеткізлмегендігін

жыл ішінде
15-17 
жастағы
жасөспірімдер
арасында сифилиспен
аурушаңдық 
төмендеуімен байланыстырады.
2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 23,4% 
-
ға дейін өсуі байқалады.
Қазіргі
таңда,
репродуктивті денсаулыққа байланысты
жəне
ЖҚЖБИ
-
дің 
таралуымен байланысты
жəне аборт көрсеткішінің жоғары болуымен 
байланысты сұрақтар,
жастар арасында қорғалмаған жыныстық жолдың болуы 
өзекті болып табылады. ЖҚЖБИ
-
мен күреске байланысты денсаулық
сақтау
жүйесінде
осы бағытта
жұмыстарды жандандыру.
Сонымен бірге, іс
-
шара (ЖЖБИ, АИТВ/ЖИТС жəне ерте жүктілік 
мəселелері бойынша орта жəне жоғары білім беру жүйесіне арнайы білім беру 
бағдарламасын əзірлеу) осы тармақ бойынша толық жүзеге асырылды.
14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді затты 
тұтынудың салдарынан психологиялық жəне мінез
-
кұлықтың ауытқуымен 
сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1
-
ге 
дейін жəне 2015 жылға қарай 4,0
-
ке дейін, 15
-
17 жас аралығындағы 
жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға 563
-
ке 
дейін жəне 2015 жылға қарай 328,5
-
қа дейін (2009 жылы
-
14 жастағы балалар
-
тиісті 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15
-
17 жас аралығында
-
тиісті 100 мың 
адамға шаққанда 564,8) төмендету:

14 жасқа дейінгі балалар арасында:


~160~ 
201
3 жылы: жоспар
-
100 мың
тұрғынға
шаққанда 13,1,
факт
-
4, қол 
жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға шаққанда 4,
факт
-2,3, 
қол 
жеткізілді.
- 15-
17 жасар балалар арасында:
2013 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға
шаққанда 563,
факт
-
355, қол 
жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-
100 мың тұрғынға шаққанда 328,5,
факт
-128,4, 
қол 
жеткізілді.
Осы көрсеткіш бойынша оң
динамика байқалады.
Сонымен қатар, факт көрсеткіші пландық көрсеткіштен тым асады, бұл 
психологиялық жəне мінез
-
кұлықтың ауытқуымен сырқаттанушылықты 
азайтуға арналған шаралардың тиімділігін дəлелдейді.
15-
17 жастағы балалардың арасындағы суицидті тиісті 100 мың адамға 
шаққанда 2013 жылға карай 23,8
-
ге дейін жəне 2015 жылға қарай 17,5
-
ге дейін 
(2009 жылы
-
тиісті 100 мың адамға шаққанда 24,5)
2013 жылы: жоспар
-23,8 %,
факт
-17,6 % 
қол жеткізілді;
2015 жылы: жоспар
-17,5 %,
факт
-13,4 % 
қол жеткізілді.
2015 жылы стационар жағайындағы мүгедек 

балаларды
медициналық 
оңалту 42 %
-
ға ұлғайды.
2015 жылы: жоспар
-42 %, 
факт
-48,7% 
қол жеткізілді.
Жалпы көрсеткіштер бойынша оң
динамика байқалады.
Суицидтердің төмендеуіне келетін болсақ, бұл мəселе өзекті болып қала 
берегенін ескерту жөн,
өйткені Қазақстан жасөспірімдік жəне жастар 
арасындағы суицидтен бірінші орындардың бірін алады. Суицидтерді төмендету 
үшін, 2016
-20
19 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамыту 
Мемлекеттік бағдарламада инфрақұрлымды дамыту мен қол жетімділгін 
арттыру бойынша, мектептерде психологиялық
-
əлеуметтік
жұмыстарын 
жүргізуді
жандандыру, жасөспірімдердің психикалық ауытқу белгілерін, қатерлі 
суицидтік мінез
-
құлқын танып
-
білуге сияқты қосымша шараларды қабылдау 
керек.
Бағдарламаны іске асыру барысында, скринингті зерттеулер түрлері 
кеңейтілді
-
қан диабетін, глаукоманы, В жəне С гепатитін, колоректалдық 
обырын алдын ла анықтау скринингі енгізілді, профилактикалық іс
-
шараларды 
нығайту мақсатындаəлеуметті маңызды ауруларды профилактикалауға жəне 
алдын ала анықтауға бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асыру 
жүргізілді, ДДҰ ұсыныстарына сəйкес балалардың физикалық жəне 
психоəлеуметті дамуының халықаралық стандарттары енгізілді, Германияның 
мамандарымен бірге Қазақстан Республикасы үшін бейімделген балалардың 
обыр ауруларын диагностикалау жəне емдеу клиникалық хаттамалары əзірлнген 
жəне бекітілген.
Жалпы, аталған бағыт шеңберінде əлеуметті маңызды ауруларды 
диагностикалауға жəне алдын ала анықтауға көңіл аударылып, мемлекет 
халқының денсалығын нығайтуға басым əсерін тигізуде, қабылданған 
шаралардың оң əсерін атап өткен жөн.


~161~ 
ДСƏДМ ақпараты бойынша, елде жыл сайын, мемлекеттік бюджет 
қаражаты есебінен халықты вакциналау жүзеге асырылады (жыл сайын 12
-15 
млрд. теңге), жыл сайын 8,0 млн. адам вакцинация қабылдаған. 
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті 
ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру

Аталған бағыттың 
мақсаты, тиімді жəне қолжетімді медициналық көмек көрсету жүйесін құру 
болып табылады.
Аталған бағыт шеңберінде 3 нəтижелі көрсеткіштерге қол 
жеткізу қарастырылған, олар:
1. 
БҰДЖ жағдайында қаржыландыратын стационарлық көмекті тұтыну 
деңгейін 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1328 төсек
-
күнге дейін, 2015 
жылға қарай 1172 төсек
-
күнге дейін (2009 жылы
-
1522,6) төмендету
2013 жыл: жоспар
-
1328, факт
-
1176, қол жеткізілген;
2015 жыл: жоспар
-
1172, факт
-
1077,5, қол жеткізілген.
2. Бірыңғай төлеуші жүйесіне енген жеке меншік нысанындағы 
медициналық ұйымдардың үлес салмағын 2013 жылға қарай 14 %
-
ға дейін, 2015 
жылға қарай 16 %
-
ға дейін (2009 жылы
-
0 %) ұлғайту
2013 жыл: жоспар
-
14, факт
-
18,1, қол жеткізілген;
2015 жыл: жоспар
-
16, факт
-
37,4, қол жеткізілген.
3. 
ДБАЖ
-
ға енгізілген денсаулық сақтау ұйымдары объектілерінің санын: 
2011 жылы
-
94, 2012 жылы
-
245, 2013 жылы
-
399, 2014 жылы
-
1551, 2015 жылы
-
1551 объект
2011 жыл: жоспар
-
94, факт
-
104, қол жеткізілген;
2012 жыл: жоспар
-
245, факт
-
249, қол жеткізілген;
2014 жыл: жоспар
-
399, факт
-
520, қол жеткізілген;
2015 жыл: жоспар
-
1551, факт
-
2458, қол жеткізілген;
2016 жыл: жоспар
-
1551, факт
-
2570, қол жеткізілген.
Аталған көрсеткіш бойынша жоспарлы жəне фактты есептерде 
айтарлықтай үзіліс байқалады. Сонымен қатар, көрсеткіш объектілер көлемін 
көбейтужағына қарай, 2012 жылы қайта қаралды, бұл, бағдарламаны əзірлеу 
кезінде сапасыз жоспарланғанын көрсетеді.
Жалпы, барлық қарастырылған көрсеткіштерге қол жеткізілген.
Қазіргі таңдағы əлемдік медицинаның мүмкіншілігінде, денсаулық 
сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, 
басқару мен қаржыландыруды жетілдіру, бұл медициналық көмек көрсетуде 
тиімді жəне қолжетімді жүйесін құру үшін маңызды
жағдайлардың бірі болып 
табылады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде, БҰДЖ негізгі қағидалары, 
денсаулық сақтаудың стационарлы секторында ойдағыдай енгізілді, бұл 
дегеніміз белгілі бір қол жеткізілген істермен расталады.
Осылайша, БҰДЖ негізгі қағидалары, денсаулық сақтаудың стационарлы 
секторында ойдағыдай енгізіліп
-
стационарлы түрде емделушіге ерікті таңдауын, 
медициналық қызмет көрсетуде бəсекелестік ортаны құру, медициналық қызмет 
көрсету үрдісінің ашықтығы, көлеміне, сапасына жəне көрсетілген медициналық 
қызметтердің нəтижелеріне байланысты, ақырғы нəтиже бойынша медициналық 
ұйымдарды қаржыландыру (сметалық қаржыландырудан өту).


~162~ 
Саланы тұрақты қаржыландыру жағдайларында, өңірлерде жоғары 
технологиялардың жəне диагностиканың жаңа тəсілдерін енгізу мүмкін болды. 
Егер 2010 жылы диагностиканың жəне емдеудің 65 жаңа
технологиялары 
енгізілген, 2011 жылы олардың 123
-
ке жетті. Осылайша, бүгін жоғары 
технологиялар тек астана тұрғындары үшін емес, өңірлердің тұрғындары үшін 
де қолжетімді. 2015 жылда 55 мыңнан аса қазақстандықтар мемлекеттегі 
клиникаларында шет елге шықпайсыз жоғарғы техникалы медициналық 
көмектерді алды. Жалпы мөлшерден 56%
-
ы аймақты клиникаларда жоғары 
техникалы оталар жасалды.
Тиімді менеджменттеудің арқасында стационарлық деңгейде, 2011
-2015 
жылдарда республиканың медициналық ұйымдарында, 24 мыңнан аса төсек 
ұтымды етілді (халықтың қажеттілігіне байланысты профилін өзгерту
-
11,4 мың 
төсек, қысқартылды
-
12,8 мың төсек).
Бұл
бағытты енгізу шеңберінде, БҰДЖ 2014 жылдан бастап амбулаторлы
-
емханалық деңгейде мемлекет көлемінде, жергілікті жəне республикалық 
бюджеттердің шығындарын нығайту жолымен жартылай қорды ұстау енгізілген 
(жергілікті бюджеттен
-
120,0 млрд. теңге, республикалық бюджеттен
-
43,0 млрд. 
теңге берілді).
Индикаторлар негізінде, ақырғы нəтижеге қол жеткізуде үлес қосқаны 
үшін денсаулық сақтаудың алғашқы түйінін ынталандыруға шығындар 2 есеге 
көтерілген (2013 жылы
-
10,2 млрд. теңге, 2014 жылы
-
20,3 млрд. теңге, 
2015жылы
-
20,8 млрд. теңге).
Нəтижесінде, МСАК
-
та келесі позитивтік нəтижелер алынды:
-
Бəсекелестік орта дамуда: 73 жеке ұйымдар (немесе 17%, 2013 жылы
-
12%) жəне шаруашылық құқығында басқаруындағы мемлекеттік кəсіп
-
қорларға 
өту үшін жағдайлар құрылған (2009 жылы
-
19 немесе 2%, 2014 жылы
-
304 немесе 
84%, 2015 жылы
-
322 немесе 87%):
-
Өңірлер арасында қаржыландырудың теңгерімсіздігі жойылған 
(өңірлерде МСАК үшін 2013 жылы жан басына шаққандағы нормативінің 
ауытқуы 188
-
ден жəне 419 теңгеге дейін құрады);

МСАК
-
қа кадрлардың ағылуы қамтамасыз етілді жəне МСАК
-
тағы 
дəрігерлердің жалпы санынан отбасылы дəрігерлерінің үлесі 2015 жылғы 
қорытынды бойынша 49%
-
ға дейін ұлғайтылды (2014 жылы
-
38%, 2013 жылы
-
30%), сонымен бірге мемдициналық медбикелермен 100% қамтамасыз етілуге 
қол жеткізілді.
Жалпы тəжірибедегі дəрігерлердің санын көбейту үшін жыл сайын 
денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында
медициналық 
кадрларды, тəжірибелік денсаулық сақтау қажеттілігіндегі біліктілікті көтеруге 
жəне қайта даярлауға мемлекеттік тапсырыс кіргізілген. Осылайша, МСАК 
ұйымдарында 2009 жылы ЖҚӨ саны 1600
-
ды құрады, 2014 жылы
-
3101, ал 2015 
жылы
-
4222 құрады.
Өңірлердегі аураханалық ұйымдарды халықаралық стандарттарға 
сəйкестендіру үшін стационарларды 2025 жылға дейін жаңғырту жəне құрылыс 
бойынша епті
-
жоспар жобларымен ұсыныстар берілген, мемлекеттік
-
жеке 
серіктестік механизмдерін қоса алғанда. Аталған ұсыныстар епті
-
жоспар 


~163~ 
жобаларында «100 мектеп жəне 100 аурухана құрылысы» жобасымен 
үйлестірілген.
Осыған байланысты, қабылданған шаралар, халыққа көрсетіліп қызметтер 
сапасын жəне қолжетімділігін арттыруда айтарлықтай қол жеткізілді.
Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада 
инновациялық технологияларды дамыту жəне енгізу
бойынша:
1. Халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға 
қарай 10 %
-
ға дейін, 2015 жылға қарай 20 %
-
ға дейін (2009 ж.
-
6 %) ұлғайту
2013 жыл: жоспар
-
10 %, факт
-19,
1 %, қол жеткізілген;
2015 жыл: жоспар
-
20%, факт
-
23 %, қол жеткізілген.
2. Барлық медициналық ЖОО
-
ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу
2015 жыл: жоспар
-
6, факт
-
6, қол жеткізілген.
Жалпы осы бағыт бойынша оңтайлы өзгерістер байқалуда.
Дəрігерлерді 
дайындау, медициналық ЖОО
-
ларды шетелдік аккредитациялық органдардың 
аккредитациялауы, медициналық жоғары оқу орындарын бітірушердің білімдері 
мен машықтарын тəуелсіз бағалау институтын енгізу, денсаулық сақтау 
кадрлерін дайындау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаларын 
енгізудің халықаралық стандарттары жүйесіне өтудің қабылданған шаралары, 
медицина ғылымының инфрақұрылымын модернизациялау, қолданбалы 
ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту, денсаулық 
сақтау саласында ғылыми зерттеу нəтижелерін бағалаудың халықаралық 
индикаторларын енгізу, елдің медициналық жоғары оқу орындарында сапалы 
білім беруді қамтамасыз ету жəне медициналық кадрлерді дайындау бойынша 
ахуалды айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік берді.
Аккредитацияның жаңа стандарттарына сəйекс, 2013 жəне 2014 жылдары 
барлық 6 мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары тəуелсіз ұлттық 
аккредитациялық органдармен аккредиттелді, жекелеген түрде
НААР жəне 
НКАОКО.
Бүгінде, жыл сайын, жоғары медициналық жəне фармацевтикалық білімі 
бар мамандардың бітіруі, республика бойынша орташа 3
000 адамды құрайды.
Мамандарды шетелден оқыту ұйымдастырылған. 2008 ж. бастап 2015 ж. 
аралығында, «Болашақ» халықаралық шəкіртақысы шеңберінде, медициналық 
мамандық бойынша барлығы 581 адам таяу жəне алыс шетелдерде білім алды. 
Оның ішінде, жұмыс өтілі бағдарламасы бойынша
-
295 адам. Қазіргі таңда, 
«Болашақ» халықаралық шəкіртақысы шеңберінде
112 медициналық мамандар 
оқып жатыр, оның ішінде жұмыс өтілі бағдарламалары бойынша
-
31 адам.
Денсаулық сақтау саласындағы
кадрлық қамтамасыз ету, 2013 жылдың 
желтоқсанында ҚР Премьер
-
Министрінің қаулысымен бекітілген, 2013
-2016 
жылға денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамытудың Кешенді шаралық 
жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Жоспарда медицина кадрларына деген 
қажеттілікті болжамдау жəне жоспарлаудың мемлекеттік жүйесі қарастырылған, 
кадрларды дайындауды жетілдіру жəне үздіксіз кəсіби дамыту, нормативті
-
құқықтық базаны жетілдіру, оның ішінде медбикелік қызмет саласында, кəсіптік 
беделін арттыру жəне т.б.


~164~ 
2011-
2015 жылдардағы деректер кадрлар жеткіліксіздігінің төмендегенін 
көрсетеді. 2015 жылы дəрігерлер жеткіліксіздігі 3405,95 штаттық бірлікті 
құралды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 35,2% аз.
Қаржыландыру жүйесіне сəйкес денсаулық сақтау саласына бөлінген 
ақша
-
қаражаттарының соммасы төменде келтірілген.
9 кесте
-
ҚР денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мəліметтері
Жылдар 
бойынша
Барлығы
Республикалық 
бюджет
Жергiлiктi 
бюджет
Басқа көздер
2011 ж.
65 262,7 
64 700,3 
562,4 
2012 ж.
79 966,9 
75 312,1 
454,8 
4 200 
2013 ж.
74 059,4 
69 367,9 
491,5 
4 200 
2014 ж.
79 086,1 
74 290,5 
595,6 
4 200 
2015 ж.
81 983,8 
72 926,0 
657,8 
8 400 
барлығы
380 358,9 
356 596,8 
2 762,1 
21 000 
2011-
2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік 
бағдарламасының негізгі мақсаты елдің орнықты əлеуметтік
-
демографиялық 
дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту 
болып табылады. 
Денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 - 
2015 жылдарға арналған 
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы медициналық көмек 
көрсетуде аз шығын келтіруге, медициналық көмектің сапасын қамтамасыз 
етуге, алдын алу саласын дамытуға, өзін өзі сақтауға халықты уəждеу үшін 
жағдай жасауға, медициналық қызмет көрсетушілердің кəсіби деңгейлерін 
арттыруға жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесінің серпінді дамуына 
себепші болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет