~153~
Несиенің келесідей түрлері бар:
1) Тұтынушылық несие
-
ол
төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын
несиеге сату.
Қарыз алушы
-
халық,
қарыз беруші
-
əртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер,
мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі
коммерциялық
несие
формасында, яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауарды сату жəне банктік несие,
яғни тұтыну тауарларын сатып алу
үшін ақша
беру формасында болады.
Ақшадай формада тұтыну
несиесі ұзақ
мерзімге
қолданылатын
-
жиһаз, жеңіл көліклар, тоңазытқыштар жəне
т.б.беріледі.
2) Мемлекеттік несие
-
бұл бюджет
тапшылығын
қаржыландыруға
бағытталған несие түрі, мұнда қарыз алушы
-
мемлекет, қарыз беруші
-
заңды жəне
жеке тұлғалар. Мемлекеттік несие
қысқа жəне
ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
Қысқа мерзімде несие
-
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып 1
-
3 ай ішінде
қайтарылуы керек. Ал ұзақ
мерзімде мемлекеттік несиелер
-
мемлекеттік
облигация
түрін де шығарылады. Бұл мемлекеттік зайымдар (қарыздар)
мемлекеттік шығындарды
өтеуге, бюджетің
тапшылығын жоюға,
инфляция
кезінде айналыстағы артық
ақша массаларын алуға
мүмкіндік
береді.
3) Лизинг несиесі
-
ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг (ағылшын
сөзі) мүліктерді (көлік, ірі құрал
-
жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу
немесе беру. Қысқа мерзімді жалға алудан
(1-
жылға дейін)
ерекшелігі сол,
лизингтік компания ірі құрал
-
жабдықтарды сатып алып, жалға алушы
-
фирма
5-
8 жылдан астам уақытқа жалға береді. Жалға алушы
-
фирма
пайдаланған
мүліктер қарызын жайлап, мерзіміне қарай өтейді. Лизингтік келісім шарттың
мерзімі біткен соң, мынындай мүмкіндіктер қарастырылады: жалға берушінің
ірі
құрал жабдықтарды қалдықтың бағамен сатып алуы; жаңа келісім жасауы
-
мерзімі
ұзартылады
-
лизнгтік компанияларға материалдық бағалылқтарды
(құнды) қайтаруы. Қазақстан мен шетел мамандарының пайымдауынша
лизингтің негізгі түрлеріне
-
қаржы лизингі жəне оперативтік лизинг жатады.
Қаржылық лизинг
-
ұзақ мерзімге негізгі қорларды пайдалануға беру жəне
пайдалану мерзімі өткеннен кейін (лизинг
мерзімі) оларды
сатып алуға құқық
беру. Оперативті лизинг
-
негізгі қорларды 3 жылға дейінгі уақытқа жалға беру.
4) Ипотекалық несие. Ипотека
-
жылжымайтын мүлікті кепілдікке
ала
отырып қарыздандыру. 5) Халықаралық
немесе мемлекетаралық несие
-
қарыз
алушы Қазақстан Республикасы, ал қарыз беруші сол шартқа
қол қойған
мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: