Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет146/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Ерлі
-
зайыптылардың бір
-
бірін асырап
-
бағу жөніндегі міндеттері. 
Ерлі
-
зайыптылар бір
-
бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті. Мұндай 
қолдаудан бас тартқан жəне ерлі
-
зайыптылардың арасында алимент төлеу 
туралы келісім болмаған жағдайда алимент төлеуге қажетті қаражаты бар 
жұбайдан: 1) еңбекке жарамсыз мұқтаж жұбайының; 2) жүкті кезінде жəне ортақ 
баласы туған күннен бастап үш жыл бойы əйелінің; 3) ортақ мүгедек баланы 
бағып отырған мұқтаж жұбайының бала он сегіз жасқа толғанға дейін; 4) ортақ 
мүгедек баланы 16 жасқа толғанға дейін бағып
-
күтіп отырған, сондай
-
ақ 16 
жасқа толғаннан мүгедек балаға І–ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда 
мұқтаж жұбайының алимент төлеуді сот тəртібімен талап етуге құқығы бар.
 
Бұрынғы жұбайдың неке бұзылғаннан кейін алимент алуға құқығы. 
Алимент төлеуге қажетті қаражаты бар бұрынғы жұбайынан алимент төлеуді сот 
тəртібімен талап етуге: 1) жүкті кезінде жəне ортақ баласы туған күннен бастап 
үш жыл бойы бұрынғы əйелінің; 2) ортақ мүгедек баланы 16 жасқа толғанға
дейін бағып
-
күтіп отырған, сондай
-
ақ 16 жасқа толған соң ортақ мүгедек балаға
І–ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда көмекке мұқтаж бұрынғы 
жұбайының; 3) неке бұзылғанға дейін еңбекке жарамсыз болып қалған еңбекке 
жарамсыз көмекке мұқтаж бұрынғы жұбайының құқығы бар. Алименттің 
мөлшері мен оны неке бұзылғаннан кейін бұрынғы жұбайына берудің тəртібі 
бұрынғы ерлі
-
зайыптылардың арасындағы келісім бойынша белгіленуі мүмкін.
Отбасының басқа мүшелерінің алименттік міндеттемелері. 
Ағалары 
мен апаларының өздерінің кəмелетке толмаған жəне еңбекке жарамсыз, 
кəмелетке толған інілері мен сіңлілерін (қарандастарын) асырау жөніндегі 
міндеттері.
Кəмелетке толмаған көмекке мұқтаж інілері мен сіңілілерінің 
(қарындастарының) өз ата
-
аналарынан қаражат алуға мүмкіндігі болмаған 
жағдайда өздерінің алимент төлеуге қажетті қаражаты бар еңбекке жарамды, 
кəмелетке толған ағалары мен апаларынан сот тəртібімен алимент алуға құқығы 
бар. Еңбекке жарамсыз, көмекке мұқтаж кəмелетке толған ағалары мен 
апаларына да, егер олар өздерінің еңбекке жарамды, кəмелетке толған 
балаларынан, жұбайларынан (бұрынғы жұбайларынан) немесе ата
-
анасынан 
көмек ала алмаса, осындай құқық беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет