Өзін
-
өзі
тексеруге
арналған
сұрақтар
1.
Қылмыстық
құқық
дегеніміз
не
?
Ол
қоғамдық
қатынастарды
реттей
ме
,
əлде
қорғай
ма
?
2.
Қылмыстық
заңның
басқа
заңдардан
айырмашылығы
неде
?
3.
Диспозицияның
санкциядан
айырмашылығы
неде
?
4.
Қылмыстың
объектісі
,
субъектісі
,
субъективті
жағы
,
объективті
жағы
дегеніміз
не
?
5.
Қылмысты
болдырмайтын
мəн
-
жайларды
атаңыз
?
Өзіндік
жұмысқа
арналған
сұрақтар
1.
Қылмыстық
жазалау
жəне
оның
түрлері
?
2.
Қылмыстық
жауапкершілік
дегеніміз
не
?
~249~
Дәрігерлік
қателік
және
оған
жауапкершілік
Дәрігерлік
салғырттық
ҚР Конституциясына сəйкес, адам өмірі ең құнды қазыналардың бірі
болып табылады (ҚР Конституциясы, 1
-
бап) Соған сəйкес адам өмірі мен
денсаулығын сақтау республиканың ең басты міндеті. Өз денсаулығын сақтауда
республика
азаматтары заңмен белгiленген кепiлдi медициналық көмектiң
көлемiн тегiн алуға хақылы (ҚР Конституциясы, 29
-
бап). Дегенмен кей жағдайда
азаматтар білікті медициналық көмекті алу барысында заңбұзушылықтар
жіберіліп, салдарынан денсаулыққа түрлі деңгейде зиян келуде. Медициналық
қызметкерлердің өзінің кəсіби міндетін дұрыс атқармауы азаматтардың
конституциямен
кепілдік
берілген
медициналық
көмектің
білікті
жасалмағандығын көрсетеді. Осы орайда «Дəрігерлік қателік» деген ұғымға
алуан түрлі анықтама да беріліп келеді. Яғни бір жақты, нақты анықтама жоқ
десе де болады. Əрине дəрігерлік қателіктің нақты заңмен көрсетілген түрлері де
бар. Алайда білікті дəрігердің жұмыс барысында, оқыс жағдайлар əсерінен
туындайтын қиындықтарды дəрігерлік қателікке жатқызудың орынсыз екендігін
айтады ғалымдар. Себебі адам анотомиясы өте күрделі.
Медицина қызметкерлерінің кəсіби қызметімен байланысты əрекеттері үш
топқа бөліп қарастырады: жазатайым оқиға, дəрігерлік қателік жəне кəсіби
қызметімен байланысты қылмыс. Жазатайым оқиға мен дəрігерлік қателік
қылмыс болып табылмайды, сондықтан қылмыстық жауаптылыққа жатпайды.
А.В. Грегори жазатайым оқиға ретінде емдеуде немесе операция кезінде пайда
болған кез келген кенет оқиғаны қараған орынды. Оған мысал ретінде
операциядан кейін инфекциялардың қозуы, операциядан кейінгі асқыну, наркоз
кезінде құсықтың
салдарынан тұншығу жəне т.б. жағдайды жатқызуға болады.
И.В. Марковинның жазатайым оқиға деп операция кезіндегі күрделі жағдайға
əкелген техникалық олқылықтарды санауға болады: абцесс деп тауып қан
тамырларын кесу, кейде тіпті жатыр ішіндегі жүктілікті ісік деп табу
оқиғалары,дəрігерлер біліктілігінің жетілмегендігімен түсіндіріледі, кейде нақты
диагноз қоюдың мүмкін болмауы тек жұмыс жолына енді аяқ басқан
дəрігерлерде ғана емес, сондай
-
ақ білікті дəрігерлердің өзінде де орын алады.
Мəселен, 9 жасар бала соқыр ішек бөлшегінің асқынып ауыруы бойынша шұғыл
операцияға əкелінді. Операцияға дейін толық тексеру жасалып, операцияның
жасалу тəсілінде, наркозды беру үрдісінде ережені бұзу əрекеті орын алған жоқ.
Дегенмен наркозды бергеннен кейін наркозда жиі кездесетін күрделі процесс
орын алды. Бұл болжауға мүмкін болмаған тұқым қуалаушылық фактордың
салдарынан болған кенет оқиға. Осылайша, жазатайым оқиға ретінде
медициналық тəжірибеде дəрігерлік қызмет барысында дəрігерлік қателікке
жатпайтын салдарды, көріп болжауға мүмкін болмаған жеке тұлғаның
организміндегі ерекшеліктері, шұғыл медициналық көмекті көрсетуге
мүмкіндіктің болмауы, эмоционалдық немсее психикалық есеңгіреуге
байланысты операция үстелінде көз жұму жəне т.б. жағдайлар танылады.
~250~
Келесі қоғам арасында
кең таралған түсінік «дəрігерлік қателік».
И.Ф.Огарков медициналық қателіктерді екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады:
аурудың диагностикасы кезінде жасалатын қателіктер жəне емдік шараларды
тағайындау мен жүзеге асыру кезінде жасалатын қателіктер . Заңгер И.Ф. Крылов
дəрігерлік қателіктерді үш топқа бөледі: 1) диагностикалық қателіктер, оған
ауруды анықтамау немесе дұрыс анықтамау; 2) тактикалық қателіктер, яғни
операцияға жіберу барысында көрсеткіштердегі қателіктер, уақыттың дұрыс
таңдалмауы, операция барысындағы қателіктер жəне т.б.; 3) техникалық
қателіктер, медициналық техниканың дұрыс қолданылмауы, тиісті дəрі
-
дəрмектердің берілмеуі мен диагностикалық құралдардың дұрыс қолданылмауы
жəне т.б.
Дəрігерлік қателіктер көп жағдайда объективтік жағдайлармен тығыз
байланысты. Оған зерттеу немесе емдеу тəсілінің жетілмеуі, дəрігер тəжірибесі
мен біліктілігінің аз болуы немесе шұғыл медициналық көмек көрсетуге
объективті жағдайдың болмауы.
Əдетте қоғам «дəрігерлік қателікті» дəрігерлер əрекетінің салдарынан
орын алған қылмыстық жағдай ретінде қабылдайды. Академик И.В. Давыдовтың
ойынша: «Дəрігерлік қателік бұл
-
дəрігердің өзінің кəсіби міндетін адал орындау
кезіндегі қателесуі. Дəрігерлік қателіктің қылмыстық əрекеттен ерекшелігі онда
кəсіби қызметті атқару кезінде
қасақана салақтықтың, салғырттықтың жəне
немқұрайдылықтың болмауы». Дəрігерлік қателіктің заңды түрде анықтамасы
жоқ, дегенмен бұл заңмен немесе заңға тəуелді нормативтік
-
құқықтық актілерді
бұзу немесе сақтамаудан туындайды. Демек, дəрігерлік қателіктің нақты ерекше
тұсы ретінде дəрігердің науқасқа адал көмек көрсетуі кезінде жасалған əрекеті,
яғни ол əрекеттің шынайы негізі заңға қайшы болуы танылады. Дегенмен
аурудың белгілері мен əртүрлілігі жəне оның салдары мен адам организмінің
ерекшелігіне орай дəрігер əрекетінің қателіксіз болуы білім деңгейі мен
біліктілік қабілетіне тəжірибе жүзінде кепілдік бере алмайтын жағдайға жатады.
Жалпы алғанда «кəсіби қателік»
-
тек медицинаға
қатысты терминология
емес.
Дегенмен өзге салаларда кəсіби қателік медицина қызметкерлерінің кəсіби
қателігі ретінде арнайы қоғам назарына алынбайды. Медицина саласындағы
кəсіби біліктілік дəрігердің тек ауру түрімен жұмыс істеуімен қатар жеке тұлғаға
қызмет көрсетуі жəне адам денсаулығы мен өміріне деген тікелей
жауапкершілігімен түсіндіріледі. Осылайша, кінəлі құқыққа қайшы кəсіби
біліктілікке байланысты медициналық қателіктер өзінің салдарына жəне
денсаулыққа
тигізген
зиян
көлеміне
қарай
əкімшілік,
азаматтық
жауапкершілікке, сирек жағдайда қылмыстық жауаптылыққа əкеледі.
Медицина жəне қылмыстық құқық саласындағы ғалымдар медициналық
персоналдың кəсіби міндетін орындау нəтижесінің қылмысқа əкелуін бірнеше
жағдаймен байланыстырады: науқастарды медициналық тексерудің салғырт
жүргізуі мен диагностикалық зерттеулердің жасалмауы; балаларды қараудағы
ұқыпсыздық; емханаға дер кезінде жатқызбау жəне емдеу мекемесінен
уақытынан
бұрын
шығару; операция мен өзге де емдеу іс
-
шараларына
дайындықтың толық болмауы немесе оған ұқыпсыздық таныту; медициналық
нұсқаулар мен ережелерді сақтамау немесе бұзу;
дəрі
-
дəрмектерді ұқыпсыз
~251~
пайдалану. Н.С.Жетібаевтың көрсетуі бойынша медициналық көмек көрсету
аясында емдеу
-
медицина ережелерін қылмыстық бұзу бірнеше топтарға
бөлінеді: 1.
Диагностикалық бұзулар
-
ауруларға жəне олардың асқынуына
байланысты диагноз қоюдағы қателіктер. Науқасқа қатысты дəрігердің тиісті
мінез
-
құлық ережелерін бұзуы, яғни дəрігердің кəсіби этикасын сақтамауы; 2.
Емдеу
-
тактикалық
бұзулар
-
диагностикалық
бұзулардың
салдарынан
туындайды;
3.
Техникалық
бұзулар
-
диагностикалық
жəне
емдік
манипуляциялар, процедуралар, əдістемелер, операцияларды жүргізу барысында
жіберілген кемшіліктер; 4.
Ұйымдастырушылық бұзулар
-
қызметке қажет
шарттарды, медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктер;
5.
Медициналық құжаттарды толтыру барысындағы бұзулар.
Демек, медицина қызметкерлерінің азаматтардың өмірі мен денсаулығына
қарсы жасалған қылмысы дегеніміз
-
медициналық қызметкерлердің өзінің
профессионалды қызметі мен міндетін жүзеге асыруы кезінде қоғамға қауіпті
қасақана немесе абайсызда жасалған əрекеті (əрекетсіздігі) салдарынан науқас
денсаулығына зиян келу немесе өлімге əкелу немесе сол қауіпті салдардың орын
алу қауіпін тудыруы .
ҚР ҚК медициналық қызметкерлердің жауапкершілігін қарастыратын
бірқатар баптар қарастырылған. Олардың қатарында: денсаулыққа абайсызда
зиян келтiру (ҚР ҚК 111бап), санитарлық
-
эпидемиологиялық ережелердi бұзу
(ҚР ҚК 267
-
бап), адам денсаулығына қасақана зиян келтіру əрекеті мен оның
зиянды салдарының абайсызда орын алуы қылмыстарына: адамның органдары
мен тiнiн алуға мəжбүр ету немесе заңсыз алу (ҚР ҚК 113
-
бап), медицина жəне
фармацевтика қызметкерлерiнiң кəсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (ҚР
ҚК 114
-
бап), клиникалық зерттеулер жүргiзудiң жəне профилактиканың,
диагностиканың, емдеудiң жəне медициналық оңалтудың жаңа əдiстерi мен
құралдарын қолданудың тəртiбiн бұзу (ҚР ҚК 114
-
1 бап), соз ауруын жұқтыру
(ҚР ҚК 115
-
б.), адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жұқтыруы
(ҚР ҚК 116
-
бап), заңсыз аборт жасау (ҚР ҚК 117
-
бап), науқасқа көмек көрсетпеу
(118-
бап), қауiптi жағдайда қалдыру (ҚР
ҚК 119бап), улы заттардың, сондай
-
ақ
есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе
ұқсатуға
пайдаланылатын
заттардың,
құрал
-
саймандардың
немесе
жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263
-
бап), есiрткi заттарды,
психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу (ҚР ҚК 265
-
бап),
адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мəн
-
жайлар туралы
ақпаратты жасыру (ҚР ҚК 268
-
бап).
Аталған қылмыс түрлерінде медициналық қызметкерді жалпы субъекті,
арнаулы жəне лауазымды тұлға ретінде жауапкершілікке тарту көзделген.
Арнаулы субъекті ретінде: медицина жəне фармацевтика қызметкерлерiнiң
кəсiптiк мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы (ҚР ҚК 114бап), клиникалық
зерттеулер жүргiзудiң жəне профилактиканың, диагностиканың, емдеудiң жəне
медициналық оңалтудың жаңа əдiстерi мен құралдарын қолданудың тəртiбiн
бұзу (ҚР ҚК 114
-
1 бап), заңсыз аборт жасау (ҚР ҚК 117
-
бап), науқасқа көмек
көрсетпеу (118
-
бап), қауiптi жағдайда қалдыру
(ҚР
ҚК 119
-
бап), улы заттардың,
сондай
-
ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға
~252~
немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал
-
саймандардың немесе
жабдықтардың заңсыз айналымы (ҚР ҚК 263
-
бап), адамдардың өмiрiне немесе
денсаулығына қауiп төндiретiн мəн
-
жайлар туралы ақпаратты жасыру (ҚР ҚК
268-
бап) қылмыс жасаған медицина қызметкерлері танылады. Дегенмен аталған
баптардың кейбіреуінде тек лауазымды тұлғалар қылмыс субъектісі ретінде
көрсетілген, оларға: психотроптық немесе улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу
(ҚР ҚК 265
-
бап), санитарлық эпидемиологиялық
ережелердi бұзу (ҚР ҚК 267
-
бап) жатады.
Мəселен клиникалық зерттеулер жүргiзудiң жəне профилактиканың,
диагностиканың, емдеудiң жəне медициналық оңалтудың жаңа əдiстерi мен
құралдарын қолданудың тəртiбiн бұзу қылмысында қылмыс субъектісі тек
лауазымды тұлға қарастырылған, ал емдеуші
-
дəрігер лауазымды тұлға бола
алмайды. Бұл аталған қылмыс санатының өсуіне ықпал ететін бірден
бір фактор
болып табылады. Медициналық қызмет саласындағы лауазымды тұлға ретінде
медицина саласында профилактикалық
-
емдеу, санитарлық
-
гигиеналық жəне т.б.
денсаулық
сақтау
мекемесінде
уəкілеттілікке
ие
басқарушы
-
ұйымдастырушылық, əкімшілік шаруашылық қызметті жүзеге асырушы тұлға
танылады. Яғни арнаулы тұлға мен лауазымды тұлға арасындағы негізгі
айырмашылық
олардың
кəсіби
біліктілігі
мен
уəкілетті
ұйымдастырушылығындағы
негізгі
белгілердің
ерекшелігі
бойынша
ажыратылады. Медициналық қызметпен айналысатын арнаулы субъектілер
тарапынан жасалған қылмыстардың ресми статистикасы мен динамикасы
тіркелмеген. Дегенмен эмпирикалық бақылаулар бұл қылмыс түрінің қоғамда
өршу үдерсімен сипатталады.
Медициналық қызметкерлер тарапынан жасалған қылмыстық əрекеттердің
(əрекетсіздік) қылмыстық құрамын анықтау бірқатар күрделі себептермен
түсіндіріледі: сот ісін жүргізуші органдардың биомедицина ғылымының дамуы
мен медицина туралы арнайы білімінің болмауы, сот
-
медицина сараптамасының
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медицина қызметкерлерінің жүргізуі,
дəрігерлік консилиумның қорытындысы, медицина қыметкерлері тарапынан
жасалған хаттама қорытындысына назар аудару жəне т.б. ҚР қылмыстық
заңнамасына сəйкес медицина саласындағы қылмыстарды саралау кезінде өз
шешімін қажет ететін бірқатар сұрақтар туындайды. Сондай
-
ақ 2009 жылы 18
қыркүйекте қабылданған «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі
туралы» заңында медицина саласын реттеу тəртібі қарастырылған. Аталған заң
нормаларын орындамау бірқатар жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке
əкеледі, дегенмен қылмыстық кодексте бұл туралы үйлесімділік байқалмайды.
Бұл медициналық қызметпен айналысатын субъектілер тарапынан жасалған
қылмыстардың қылмыс құрамын саралауда бірқатар қиындықтар тудырады.
Себебі медицина мен заң ғылымы арасында түсінікті терминологиялық
түсіндірме мен өзара үйлесімділікті қамтамасыз ететін нормативті құжат
қарастырылмаған. Күрделі қиындық тудыратын жайттардың тағы бірін
медициналық қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) мен орын алған зиянды
салдардың арасындағы себепті байланыс мəселесі құрайды. Соның салдарынан
сот ісін жүргізу барысында медицина ғылымымен байланысты күрделі
~253~
мəселелер туындайды. Мəселен, медициналық қызметпен айналысатын
тұлғаның өз қызметін дұрыс орындамауы салдарынан науқасқа вирусты гепатит
С жұққан кезде, оның зиянды салдарынан науқас 10
-
15 жылда мерт болады. Бұл
жағдай отандық заң əдебиеттерінде мүлдем қарастырылмаған.
Медициналық қылмыстарды саралау кезінде əрекетсізікпен жасалған
қылмыста себепті байланысты анықтау күрделі үрдісті құрайды жəне ол тек сот
-
медицина сарапшысының сараптама қорытындысы негізінде ғана жүзеге
асырылады. М.Д. Шаргородский: «Əрекетсіздікте себепті байланыс мүлде
болмайды. Бұл мəселеде орын алған салдар мен əрекетсіздік арасындағы себепті
байланысты анықтауды емес, субъектінің əрекетсіздік үшін заңмен арнайы
жауапкершілігі көзделгендігін басшылыққа алған жөн» деп көрсетеді. Т.В.
Церетелидің ойынша тұлғаның əрекетсіздігі мен қоғамға қауіпті əрекеті
арасындағы себепті байланысы зиянды нəтиженің орын алуын болдырмайтын
əрекетті таныған дұрыс. Заң тұрғысынан тікелей əрекет немесе əрекетсіздікпен
жасалған зиянды салдардың арасындағы себепті байланысты айқындау мүмкін
емес. Денсаулыққа зиян келтіру негізінен алғанда əрекет (диагноздың дұрыс
қойылмауы, емдеудегі қателіктер) орын алады.
Жоғарыда аталған мəселе бойынша медициналық қылмыстарды саралау
кезінде əрекет немесе əрекетсіздік салдарынан орын алатын зиянды салдар
нормативтік
-
құқықтық
актілерде
көрініс
таппағандықтан
қиындық
тудыратындығын байқауға болады. Демек, дəрігердің əрекетсіздігі мен орын
алған зиянды салдар арасындағы себепті байланысы терең зерттеуді қажет ететін
мəселені құрайды. Қорыта келе, медициналық қызметкерлердің заңмен
бекітілген ережеге сай өзінің кəсіби қызметін адал орындауы, орынды тəуекел
етуі жəне науқастың жеке ерекшелігіне байланысты өрбіген əрекеттерінен
туындаған зиянды салдары үшін қылмыстық жауаптылық орын алмайды
.
Достарыңызбен бөлісу: |