2) Əділет министрлігі Əділет министрлігі ҚР Үкіметінің құрылымына енетін орталық атқарушы
орган болып табылады. Оның қызметі республикалық бюджеттен бөлінген
қаржы есебінен жəне өзге де заңнамалармен тыйым салынбаған көздерден
қаржыландырылады. Министрлікті Премьер
-
министрдің ұсынымы бойынша ҚР
Президенті лауазымға тағайындайтын жəне босататын Министр басқарады.
Əділет
министрлігінің орталық аппараты департаменттерден, агенттіктерден
жəне негізгі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін басқа да құрылымдардан
құралады. Оларға: заңнамалар жəне халықаралық құқықтар департаменттері; сот
қызметін ұйымдастырушы сот сараптамсы
жəне атқарушы өндірісі; заңдық
қызмет көрсету; қаржылық жəне ресурстық қамтамасыз ету ұйымы; ішкі
əкімшілік жəне жылжымайтын мүлікті жəне заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі
агенттігі жатады. Бұл құрылымдардың əрекеті олар туралы ережеге сəйкес
реттеледі.
Əділет органдарына келесі міндеттер жүктелген: заңжобалық, талдау,
жетілдіру, заңнаманы жүйелендіруді жұмысын жүргізу; нормативтік құқықтық
актілерді құқытық сараптау; соттар жұмысын ұйыдастыру, кадрмен жəне
материалдық
-
техникалық қамтамасыз ету; азаматтық даулар бойынша, сондай
-
ақ келген материалдық нұқсанның орнын толтыру жөніндегі қылмыстық істер
бойынша атқарушы өндірісті қамтамасыз ету; сот
-
сараптамалық қызметті
ұйымдастыру; ҚР халықаралық келісім дайындауын жəне келісім жасасуын
құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмек берумен байланысты
шараларды үйлестіру; мемлекеттік тіркеу жүргізу; заңды тұлғаларды,
жылжымайтын мүлікке жəне оларға қатысты мəмілені; құнды қағаздар
эмиссиясын; нормативтік құқықтық актілерді; құқықтық көмек жəне заңдық
қызмет көрсетуді ұйымдастыру; құқықтық насихаттау мен құқықтық жалпы
оқытуды ұйымдық
-
əдістемелік қамтамасыз ету; заңнамамен жүктелген өзге де
міндеттерді орындау.