~257~
тиімді демократиялық əдісін қолданып, сондай
-
ақ елдегі заңдылықтың
нығайюына жəрдемдесу болып табылады. Прокуратура құзыреттігі: қылмыспен
күресте басты ұйымдастырушы жəне үйлестіруші болады; тергеу, анықтау жəне
жедел іздестіру қызметін жүргізуге құзырлы барлық мемлекеттік органдар
қызметінің заңдылықтарын бақылайды; тұтқындау жəне барынша маңызды
тергеу əрекетіне санкция береді; жазаланушыны сотқа береді; мемлекеттік
айыптауды қолдайды; заңда қарастырылған жағдайларда азаматтық
процесстерде арыз беруші тарапынан басты процессте айыптаушы
жақ болады;
қылмыстық жəне азаматтық істер бойынша наразылық білдіру құқығына ие;
басқа да өкілеттіліктер атқарады.
4) Прокурорлар келесі қадағалау түрлерін жүргізеді
Адам жəне азаматтың құқықтары мен бас еркіндіктерін, заңды тұлғалар
мен мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалау; жедел іздестіру қызметін
қадағалау; тергеу жəне анықтау заңдылықтарын қадағалау; əкімшілік істердің
заңдылығын қадағалау; атқарушы істердің заңдылықтарын қадағалау; сот
қаулыларының заңдылықтарын қадағалау. Қадағалау міндетінен басқа
прокуратура басқа міндеттерді атқарады
-
бұл қылмыстық іздестіру жəне сотта
мемлекет мүддесін қорғау. Прокурор жүзеге асыратын қылмыстық іздестіру
қылмыс жасаған тұлғалардың кінəсын мойындату, сондай
-
ақ оларға жаза
қолдану немесе басқа да қылмыстық
-
құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды
қамтамасыз ету. Прокурор бұл ретте, анықтау жəне алдын
-
ала тергеу органы
сияқты жеке тергеу əрекеттерін жасауға, оларды жүргізу туралы тапсырма
беруге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: