Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Оңтүстік Кореялық үлгі.
Осы үлгі Оңтүстік Кореяны
қысқа мерзімде 
алдыңғы қатарлы индустриялдық жоғары дамыған елге айналдырды. Бұл үлгінің 
ерекшелігі —
мемлекет экономиканың дамуына өте зор əсер етеді. Бұл əсердің 
экономикалық құралы —
экономикалық дамуды жоспарлау. XX ғасыр 70
-
ші 
жылдардан бастап директивтік жоспарлау индикативтік жоспарлаумен 
алмастырылды. Оңтүстік Кореяда көп уақыт несие
-
қаржы сферасында 
мемлекеттік монополия болды. Жеке меншіктік банк
-
несие институттары XX 
ғасыр 80
-
жылдары пайда бола бастады; сыртқы
-
экономикалық сфераны 
мемлекет реттейді. Экспорт мəселелері ерекше бақылауға алынған. Осының 
алдындағы бесжылдықта (
1987-1991 
жылдары) экономикаға реанимация 
жасалған соң үкімет элеуметтік бағдарламаларды орындауға кірісті.
Қытайлық 
үлгі.
Қытайда 
экономиканы 
реформалау 
ауыл 
шаруашылығынан басталды. «Халық коммунасының» орнына отбасы 
мердігерлігі келді (
1984 
жылы аяқталды). Отбасы
мердігерлігі шаруашылықты 
отбасының күшімен жерді пайдалануға негізделген. Жерді
пайдалану
15-20, 
кейде 30 жылға беріледі. Еңбек құралдары мен ауылшаруашылық техникасы 
көбінесе бірнеше үйдің меншігінде болады. Шаруалар өндірілген өнімдердің бір 
бөлігін келісім арқылы мемлекетке тапсырады, ал келесі бөлігін —
салықты өтеу 
үшін тапсырады. Тағы бір бөлігін жергілікті үкімет қорларына өткізеді.
Қазіргі жағдайда ауылдың ілгері дамуы талқыланып отыр. Шаруаларды 
кооперациялық əрқилы формаға біріктіру жөне жерді мықты шаруашылыққа 
шоғырландырып жалдама жұмыс күшін қолдану мəселелері қозғалып отыр.


~61~ 
Реформа 
1984 
жылдан қалада басталды. Қытай ғалымдары экономикалық 
дамудың «аралас үлгісін» жасаған. Бұл үлгінің варианттары Венгрияда, Чехия 
мен Словакияда пайдаланылған болатын. Осы үлгінің мөні: нарық механизмі
мемлекеттік реттеу жағдайында əрекет етеді. Бұл жағдай жоспарлы 
экономиканы жетілдіруге көмек береді жəне үш жақтың —
мемлекеттің, 
кəсіпорынның жəне жұмыскердің
мүдделерін ұштастырады. Бұл макродəрежеде 
нарықтық реттеуді жөне мемлекет реттейтін əр алуан нарықтардың əрекет 
жасауын талап етеді. Нəтижесінде «орталықтанған жоспарлы экономика» 
үлгісінен «социалистік жоспарлы нарық экономикасының» үлгісіне көшу 
көзделеді. Кейінгі аталған үлгінің мəні мынада: социалистік өндіріс —
тауарлы 
өндіріс, тауар өндірушілердің өзара əсері тауар
-
ақша қатынастарының дамуына 
негізделеді. Осы жағдайда маңызды құрал
-
жабдықтарға меншіктің қоғамдық 
формасы жəне макродəрежеде орталықтанған жоспарлау шешуші рөл атқарады.
Теориялық зерттеулерге сүйене отырып, елдегі
экономикалық реформа 
жүргізудің негізгі принциптерін белгіленді жəне олардың бастысы: меншік 
құқығын шаруашылық жүргізу құқығынан ажыратып

мемлекет секторындағы 
кəсіпорындардың
шаруашылық 
қызметтерін дамытты. Бұл үшін шаруашылық 
жүргізудің əр түрлі формаларын —
кəсіпорындарды ұжымдар мен жеке 
адамдарға жалға беру, еркін сатуға кəсіпорындардың акциясын шығару —
пайдалану көзделіп отыр. Кəсіпорындар арасындағы тікелей шаруашылык 
байланыстарды белсенді дамыту ұсынылады. Нарықтар жүйесін, оның ішінде 
қор, қызметтер, ақпарат, техника жəне технология нарықтарын құруға үлкен 
мағына беріліп отыр. Шаруашылық жүргізудің нарықтық əдістеріне көшу, 
макроэкономикалық өрлеуді жетілдіру мен нығайтуды қатар жүргізу керек деген 
талап қойылып отыр.
Экономикалық реформалар ауылда
өнеркəсіптің дамуына əсер етті
.
Осы 
реформа нəтижиесінде
ауылда 80 млн. жұмыс орындары пайда болды.
Өнеркəсіптегі экономикалық өзгерістердің нəтижесінде, меншіктің əртүрлі
формаларын жəне шаруашылық жүргізудің əрқилы əдістерін қолданудың 
негізінде жаңа шаруашылық механизмі пайда болды. Бұрынғыша жетекші рөл 
меншіктің қоғамдық формаларында сақталған. Демек, өнеркəсіп өнімдерінің 
56% мемлекеттік секторда шығарылды, 
36% 

ұжымдық кəсіпорындарда жəне 
5% 

жеке меншік секторында шығарылды. Жаңа механизм кəсіпорындарды
жоспар шеңберінен тыс өнімдерді сатып алу, өндіру, сату мүмкіндігіне жол 
берді. Бұның нəтижесінде жоспардан артық өнімдер өндіру молайды. 
Кəсіпорындар жоспардан артық өндірілген өнімді ашық нарықта мемлекет 
белгілеген бағадан 20% қымбат дəрежеде сатуға мүмкіншілік алды. Осының 
барлығы экономиканы жандандыруға жол ашты. Ақырғы жылдарда Қытай 
өнеркəсіпті дамытуда дүние жүзіндегі ең жоғарғы дəрежеге жетті.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет