~74~
қажеттіліктің жоғарлауына əкеледі жəне ол болашақта өсуіде мүмкін. Денсаулық
сақтау саласында тұтынушылық нарықтың демографиялық сегментін анықтап,
оның əлсіз топтарын бөліп көрсеткен жөн. Олар: 7 жасқа дейінгі балалар, 65 жəне
одан жоғары жастағы жасы келген адамдар.
Медициналық қызметтер мен
тауарларға сұраныс көбінесе кіріс деңгейі мол, білімі жəне мəдениеті жоғары
тұрғындар жəне қала халқына тəн.
Осыған байланысты медициналық қызметтің
қажеттілігінің құрылымы
мен көлемін оңтайландыру қажет.
Сондықтан маркетингтің көмегімен науқасқа
қандай медициналық көмек қажет екенін, қанша ақша төлей алатынын,
медициналық қызметтің нақты түрі мен сапасы туралы ақпарат алуға болады.
Медициналық қызмет көрсету нарығында маркетингті тиімді қолдану үшін
кəсіпорын нарықтың бір сегментіне шоғырлануы керек.
Сегмент дегеніміз
-
кəсіпорынның негізгі тұтынушылары орналасқан нарық, маркетингтің тиімді
құралы. Сегменттеу мекемені ресурстарды оңтайлы қолдануға жəне
маркетингтік бағдараламаны жасау үшін қолданатын стратегия.
Нарықты
сегменттеуде маркетинг жөніндегі маманды игеруге тиіс. Медициналық қызмет
көрсететін мекеменің өз сегментінің болуы тұрақты клиенттердің болуын
қамтамасыз етеді, кəсіпорын өз клиенттері туралы жақсы ақпараттанады,
олардың қажеттіліктері, қаржылық жағдайлары жəне
тағы басқа сұрақтарға тез
жауап ала алады. Сонымен қатар сол нарық үшін болашаққа сенімді жоспаралар
құрып бəсекелестік күресте жеңіп шыға алады.
Достарыңызбен бөлісу: