Өзін
-
өзі
тексеруге
арналған
сұрақтар
1.
Маркетинг
терминін
талдаңыз
.
2.
Маркетинг
пен
нарықтық
қарым
-
қатынастар
туралы
түсінігіңіз
.
3.
Маркетингтік
зерттеу
қажеттілігі
.
4.
Сегметтеу
түсінігі
.
5.
Маркетинг
кешені
дегеніміз
не
?
6.
Науқастар
топтары
бойынша
нарықты
қалай
сараптауға
болады
?
~77~
Өзіндік
жұмысқа
арналған
сұрақтар
1.
Сұранысты
қалыптастыру
үшін
қажетті
жағдайларды
атаңыз
.
2.
Ақпараттық
базаның
қажеттілігі
.
3.
Медициналық
қызмет
нарығында
қандай
маркетингтік
зерттеу
жасауға
болады
?
Менеджмент
түсінігі
.
Денсаулық
сақтау
саласындағы
менеджмент
Менеджмент
-
басқару теориясы жəне нарықтық экономикадағы маңызды
элемент болып табылады.басқару теориясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы
мен ХХғасырдың басында пайда болды.
Менеджмент
-
қоғамның
қажеттілігін
қанағаттандыруға
мүмкіндік
туғызатын жəне кəсіпорындардың жұмысының тиімділігін жоғарлатуға
бағытталған басқарудың формалары мен əдістемелік құралдарының жиынтығы.
Кəсіпорынды басқарудың негізгі мақсаты
-
кəсіпорыны жұмысының
тиімділігін жоғарғы деңгейге жеткізу жəне үнемі жаңа өнім немесе қызмет
түрлерін енгізе отырып сапалы өнім өндіру немесе қызмет көрсету. Басқару
-
бұл
өнер сияқты қызметтің бір түрі жəне өзінің заңдылығына бағынатын ілім. Бұл
заңдылық барлық жерде де өз əсерін тигізеді. Бұл əлеуметтік, нарықтық,
психологиялық жəне т.б. заңдылықтар. Осыған байланысты денсаулық сақтау
жүйесін басқарудың тиімділігін жоғарлататын тиісті заңдылықтар да бар.
Нарықты экономика жағдайында менеджерлердің ролі жоғарлай түсуде. Себебі
бəсекелесуге қабілетті мекемелер ғанажоғарғы нəтижелерге жетіп, өте көп пайда
көреді. Менеджнрлерге басқару кəсіби қызмет болып табылады. Менеджмент
жүйе қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге жəне бар ресурстармен белгілі
жағдайда дамытып отырып, қойылған мақсаттарына жетуге бағыттау.
Басқарудың негізгі мақсаты
-
өнімді шығару немесе қызмет көрсету барысында
белгілі бір жүйеге келтіре отырып жетістікке жету мақсатында жұмысшылардың
жұмысын ұйымдастыру.
Медициналық денсаулық сақтау жүйесін басқаруды ерекше қарастыру
қажет, себебі мұнда екі түсінік болады: салауаттылықты жəне денсаулық сақтау
жүйесін басқару. Ал менеджерлік басқару екеуіне де тиісті. Денсаулық сақтау
жүйесі əртүрлі қызмет (емдеу
-
алдын алу мекемелер, диспансерлер,
санаториялар,
мемлекеттік
санитарлық
-
эпидемиологиялық
қадағалау
басқармалары, соттық сараптау медициналық мекемелер, жоғарғы жəне орта
білім беру мекемелері, мамандықты жоғарлату факультеттері, ғылыми
-
зерттеу
мекемелері
)
атқарғанымен оны бір жүйе ретінде қарастыру қажет. Емдеу
-
алдын
алу
мекемесін басқару жаңа медициналық технологиялар мен медициналық
көмектің сапасын басқаруды талап етеді. Емдік
-
диагностикалық процесті
басқару
-
өзіне емделушілер мен оларға қызмет көрсететін барлық мамандарды,
олардың қызмет етуін үйлестіру, келісіп қабылдаған шешімдерін, науқастардың
салауаттылық көрсеткіштерін жоғарғы деңгейге жетуіне бағытталған
~78~
шаралардың шешімін, емдеу, диагностика, оңалту, алдын алуды жүзеге асыруға
бағытталып жасалған жоспарларды бір тəртіпке келтіруді қамтиды.
Медициналық қызмет нарығы
-
бұл адамдарға қажетті салауаттылықты
қанағаттандыратын жəне сапалы, қажетті көлемде медициналық қызмет алуға
кепілдік беретін қажетті нарық. Мұндай нарықтың қызмет етуін қамтамасыз
ететін өзінің инфрақұрылымы бар: емдеу
-
алдын алу мекемелер,
жедел жəрдем,
диагностикалық орталықтар, жоғарғы оқу орындары, медициналық
ассоциациялар, медициналық сақтандыру компаниялары жəне т.б. медициналық
орталықтар
жатады. Медициналық нарық мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі
болып табылады. Сонымен қатар медициналық техникалық құралдардың нарық
жүйесі, фармацептикалық өнімдердің нарық жүйесі, санитарлық
-
гигиеналық
қызметке арналған аппараттық құрал жабдықтар нарық жүйесі болуы мүмкін.
Қазіргі кезде Қазақстанның медициналық қызмет нарығы жоғары сапалы
əлемдік деңгейге жету үшін осы саладағы менеджментке көңіл бөлуде. Осыған
байланысты салаға арналған менеджмент мамандар оқытылып дайындалуда. Бұл
саладағы менеджменттің басты ерекшелігі өте жоғарғы деңгейде
жауапкершілікті қажет ететін, тауар шығару емес адам
денсаулығымен
байланысты. Қазақстанда денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы жыл
өткен сайын артуда. Денсаулық сақтау саласының ерекшелігіне байланысты бұл
қаржылар тиімді басқарылу керек.
Емдеу
-
алдын алу мекемелерінің қызметін басқару жүйесінің құрамдас
бөлігі ретінде олардың қаржы ресурстарын басқару жатады. Емдеу
мекемелерінің қаржысын басқару
-
бұл мекеменің алдына қойған мақсатына жету
үшін емдеу
-
алдын алу мекемелерінің ресурстарын қалыстастыруға жəне оларды
өз орнымен пайдалануға бағытталған өзара байланысты іс
-
қимылдарыдың
кешені болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент емдеу мекемелерінде əлі
толығымен қолданысқа енгізілмеген күрделі басқару жүйесі. Алайда бұл жүйені
денсаулық сақтау мекемелеріне енгізу медициналық мекемелердің нарық
жағдайына бейімделіп. Нарықта өмір сүру қабілетінің артуына тікелей əсер
ететін фактор болып табылады.
Басқа сала менеджменті сияқты денсаулық сақтау саласының
менеджментінің де басқару объектісі мен басқару субъектісі бар. Денсаулық
сақтау саласының басқару объектісіне денсаулық сақтау мекемелері жəне оның
бөлімдері, емдеу мекемелерінің əртүрлі қайнар көздерден түскен қаржы
ресурстары, емдеу мекемелерінің нарықтағы əртүрлі субъектілермен болатын
қаржылық қатынастардың, сондай
-
ақ қаржы шаруашылық
қызметінің
нəтижесінде пайда болатын қаржылық көрсеткіштердің жиынтығын жатқызуға
болады. Денсаулық сақтау саласының басқару субъектісіне емдеу
мекемелеріндегі мамандар, олардың міндеттері мен қызметтерін басқару, яғни
басшылар, бастықтар мен ұйымдастырушылар атқаратын қызметтер жатады.
Денсаулық сақтау жүйесі өзіне адамдарды жəне техникалық компоненттерді
қамтиды.
Сондықтан
денсаулық
сақтау
жүйесінің
объектілерінің
ерекшеліктеріне байланысты оны басқару өте қиынға түседі.
~79~
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың өзіндік ерекшеліктері:
-
адамның салауаттылығына байланысты дұрыс шешім қабылдау;
-
қабылданған
шешімдердің
ерекше
жауапкершілігі
(адамдар
денсаулығы);
-
қайта қабылданған шешімдерді түзете алмау.
Денсаулық сақтау жүйесі құрылымының ықпалдылығын жақсату үшін
мынадай басқару механизмдері ұсынылады:
-
емдеу
-
алдын алу көмегінің ролін жоғарлату;
-
стационарлық жатып емделуді қолдануды барынша оңтайландыру;
-
көрсетілетін медициналық жəрдемнің деңгейін интеграциялау.
Медицина мен денсаулық сақтау жүйесінің даму жетістіктері тікелей
менеджмент облысында мамандар дайындауға байланысты.
Нарық жағдайында емдеу
-
алдын алу мекемесін еркін қызмет ететін
кəсіпорын ретінде алатын болсақ, менеджерлер сол кəсіпорынның қаржылық
қызметін жүргізетін басқару ұйымының субъектілері ретінде қаралады. Осығын
байланысты менеджерлердің атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:
-
емдеу мекемесінің қаржылық қызметін ұйымдастыру
;
-
емдеу мекемесінің ұзақ жəне қысқа мерзімді жоспарларын құру
;
-
емдеу мекемесінің қаржылық қызметінің жағдайына жəне оның
көрсеткіштеріне талдау жасау
;
-
емдеу мекемесінің негізгі жіне айналым капиталын басқару, олардың
құрылуын жəне тиімді пайдалануын ұйымдастыру
;
-
емдеу мекемелерінің медициналық қызметтерді тұтынушылармен жəне
медициналық қызмет анрығындағы басқа да субъектілермен болатын қаржылық
есеп айырысуларын ұйымдастыру
;
-
денсаулық сақтау мекемелерінің қаржы
-
несие жүйесімен болатын
қаржылық есеп айырысуларын жүзеге асыру (мемлекеттік бюджет, сақтандыру
компаниялары, коммерциялық банктер, салық салу ұйымы, зейнетақы қорларын,
лизингтік компаниялар жəне т.б.)
;
-
емдеу мекемелерінің несиелік саясатын жүргізу
;
-
медициалық мекемеге қаржы тарту мақсатында жүргізілетін
инвестициялық саясатын жүзеге асыру
;
-
денсаулық сақтау мекемесінің бухгалтерлік есебін жүргізу, қаржылық
құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру
;
-
денсаулық сақтау мекемесінің қаржылық қызметіне үнемі бақылау
жүргізіп отыру.
Көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру үшін емдеу мекемесінің қаржы
мамандарына үлкен кəсіби біліктілік қажет. Ол үшін қаржы мамандары
менеджменттің негізін, емдеу мекемесіндегі бухгалтерлік есепті, денсаулық
сақтау саласына салық салу ерекшеліктерін, денсаулық сақтау саласының
экономикасын, медициналық сақтандырудың ерекшеліктерін, банк іс,
инвестициялық қызмет, бюджеттік қаржыландыру, мемлекеттік тапсырыс пен
мемлекеттік сатып алу, кеден ісі туралы заңдарды білу керек. Менеджер маман
басқару субъектілері басқару объектісіне əсер ету үшін белгілі бір элементтердің
көмегімен жұмыс жасайтын қаржылық механизмді пайдаланады. Қаржылық
~80~
механизмді қолдану арқылы менеджер басқару объектілеріне əсер ету үшін,
менеджерлер əртүрлі қаржылық əдістерді қолданады. Бұл əдістердің негізгілері
қаржылық жоспарлау, қаржыландыру (мемлекеттік бюджет, ерікті медициналық
сақтандыру компаниялары, ақылы медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
арқылы), несиелеу мен инвестициялауды, салық салуды жатқызуға болады. Кез
-
келген қаржылық қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін менеджерлердің басқару
операциялары белгілі бір нормативтік
-
құқықтық жəне ақпараттық базамен
қамтамасыз етілуі қажет. Емдеу мекемелерінің қаржылық қызметінің
нормативтік
-
құқықтық базасын ҚР денсаулық сақтау саласының қызметін
реттейтін заңдар мен жарғылар, денсаулық сақтау министрлігінің емдеу
мекемелерінің қызметтерін реттеуге бағытталған үкімдер, ережелер, нормалар
мен нормативтерді құрайды. Ал ақпараттық базаны қаржылық
-
экономикалық,
құқтық жəне басқа да бағыттардағы деректер құрайды.
Менеджерлердің ең негізгі қызметі медициналық мекеменің қаржылық
қызметін қамтамасыз ету, яғни мекеменің қаржылық ресурстарын тиімді
жұмылдырып, оңтайлы пайдалануын ұйымдастыру шараларын жүргізу жəне
соның нəтижесінде медициналық қызметтің сапасын жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |