~76~
болып
-
қатысушылар арасында кірісті бөлу. Бағалық саясат бизнестің негізгі
стратегиясы болып табылады.
Сұранысты қалыптастыру мен қызметті
өткізуді ынталандырудың
маңызды міндеті
-
медициналық мекемеде дəрігердің жағымды бейнесін құру.
Жарнама адамдардың
денсаулығында қиыншылық пайда болғанда
ойлайтындай,
тек сіздің медициналық мекемеңіз жəне оның қызметтері жайында екенін бірден
түсінетіндей жасалуы керек.
Сұранысты қалыптастыру үшін
мынадай жағдайлар қажет
:
-
əлеуетті науқасқа оны қызықтыратын
барлық қызметтер туралы
хабарлау;
-
оның қажеттіліктері осы қызметпен қанағаттандырылатынын
жеткізу;
-
ұсынылған қызметтің орындалу сапасын куəландыратын дəлел ұсыну;
-
əлеуетті науқастар жағынан сенімсіздік кедергісін максималды
төмендету.
Маркетингтік зерттеулерді тəжірибеге енгізу.
Маркетингтің
көмегімен
денсаулық сақтау ұйымдар мен мекемелерінің басшылары қажетті ақпаратқа ие
бола алады: науқастар қандай медициналық қызметті жəне неге тек соны алғысы
келеді, олар қанша төлеуге дайын, сол медициналық қызметке елдің қандай
аймағында
айтарлықтай сұраныс жоғары, бəсекелестер көрсетілетін
медициналық қызметтің өте жоғары көлеміне қалай жетеді. Іс жүзінде
маркетингтік зерттеуде кіріс деңгейі, олардың əртүрлі əлеуметтік жəне кəсіптік
топтар арасында қалай бөлінетіні, ұсынылған медициналық қызметке сол немесе
басқа да аймақтарда халықтың төлем қабілеттілігінің маңызы зор. Осыған сəйкес
медициналық қызметке баға деңгейі есептелуі керек, оның негізінде əртүрлі
əлеуметтік халық топтары арасында медициналық қызметті тұтыну мүмкіндігі
анықталады. Нəтижестінде əрбір денсаулық сақтау
мекемесі маркетингтік
бағдарламаны жəне стратегияны құру негізі болып табылатын болжам жасау
үшін ақпараттық база құра алады
.
1.
Маркетингтің қалыптасуы, принциптері жəне түсініктері
.
2.
Мұқтаждық пен
қажеттіліктің айырмашылығы
.
3.
Медициналық қызметтің ерекшеліктері
.
4.
Денсаулық сақтау маркетингісінде мүмкін болатын жағдайлар?
5.
Медициналық қызмет маркетингіне қандай жағдайлар əсер етеді?
6.
Дəрілік препараттардың ерекшеліктері?
7.
Сегменттеуді жүргізу негізіндегі белгілер
.
Достарыңызбен бөлісу: