Сұраныс -
қандайда бір уақыт аралығында белгіленген бағасы бар
науқастың алғысы келетін медициналық қызметтердің көлемі.
Баға -
бұл
медициналық қызмет құнының ақшалай көрінісі. Баға сұраныс пен ұсыныстың
ара қатынасымен анықталады.
Бəсеке - бірдей медициналық қызмет көрсететін
мекемелер арасында болатын күрес.
Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг науқастың қажеттілігін
қанағаттандыруға бағытталған. Медициналық қызмет нарығы
-
бұл өте қажетті
де ерекше нарық, себебі адамдарды сапалы деңгейде қажетті салауаттылықпен
қанағаттандарады, қажетті көлемде медициналық көмек алуға кепілдік береді.
Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг сауықтыру
-
алдын
-
алу, санитарлық
-
гигиеналық жəне емдеу қызметтері, дəрілік бұйымдар, терапевтік жəне оңалту
бағытындағы
құралдар
кешенін
жүзеге
асырумен
байланысты
ұйымдастырушылық
-
экономикалық қызметтер жиынтығынан тұрады. Мұндай
нарықтық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін өзінің инфрақұрылымы бар,
ол емдеу
-
сауықтыру мекемелері, жоғарғы оқу орындары, медициналық
ассоциациялар, медициналық сақтандыру мекемелері, мемлекеттік жəне
мемлекеттік емес мекемелер, алғашқы медициналық қызмет көрсету мекемелері
жəне т.б. медициналық орталықтар.
Денсаулық сақтау маркетингі келесідей жағдайларда мүмкін:
-
медициналық қызметтің жəне нарықтың болуы (əрбір емдеу
-
алдын
-
алу
мекемелері белгілі бір қызмет түрі бойынша аккредитациядан өтуі жəне
лицензиясы болу керек)
;
-
емдеу
-
алдын
-
алу мекемелері жəне науқастар арасында нарықтық
қатынастардың болуы.
Ол мыналарға байланысты:
1. Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру формасы
;
2. Медициналық қызметттің ақы төлеу формасы
;
3. Жеке меншік формасы.
Денсаулық сақтау саласына маркетингті енгізудің негізгі алғы шарттары:
-
халықтың денсаулық жағдайының нашарлауы;
-
медициналық көмекке халықтың жүгінуінің азаюы;
-
медициналық көмекке талаптың жоғарлауы;
-
медициналық қызмет өндірісінде шығынның жоғарлауы;
-
ірі қалаларда медициналық қызметке сұраныстан ұсыныстың артуы;
-
мемлекеттік емес медициналық мекемелердің дамуы;
-
медициналық қызметті сатып алушылардың мемлекетке тəуелсіз
жақтардан қаржыландырудың жаңа көздерінің пайда болуы;
-
медициналық мекемелерді қаржыландыру əдістерінің өзгеруі.
~72~
Денсаулық сақтау маркетингіне салауатты өмір сүру салтын уағыздау,
дəрі
-
дəрмектердің жарнамасы, денсаулық сақтау ісіне
көзқарас, емдеуді жəне
оңалтуды таңдау жəне т.б. аспектілер жатады.