~112~
-
талаптарды өзгерту жəне электрондық технологияларды енгізу жолымен
стационарда құжат айналымының деңгейін төмендетуге;
-
оқыту есебінен (топтық,
жобалық оқыту, жұмыс орындарында оқыту,
көшбасшыларда оқыту) қызметкерлер құрамы жұмысының тиімділігін
арттыруға;
-
əлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың штатын енгізуге.
Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастар бəсекеге қабілетті
медициналық ұйымдарды дамытуға мүмкіндік береді. Алайда,
сол уақытта
бəсекеге түсе алмайтын ұйымдар қайта құрылады, жаңартылатын болады жəне
т.б.
Сонымен қатар 2011 жылы «Медициналық қызметкерлерге ақы төлеу
ережелерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық
сақтау министрінің
20.05.2011 жылғы
№ 310 бұйрығына сəйкес соңғы нəтижеге байланысты медициналық
қызметкерлерге сараланған еңбекақы төлеу үшін жағдайлар жасалды жəне
бастапқы
медициналық
-
санитариялық көмек (бұдан əрі
-
БМСК) ұйымдарына
жан басына шаққандағы
нормативтің қосымша компонентіне төлем төлеу
шараларына мониторинг жүргізу басталды.
Қазақстан
Республикасының
Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі –ақпаратты жинау, өндеу,
біріктіру жəне талдау бірыңғай рəсімдері негізінде денсаулық сақтауды
басқарудың біртұтас құрылымын қамтамасыз ететін ортақ идеологиясымен,
əдістермен, жіктегіштермен жəне басқа да құралдармен біріктірілген, деректерді
беру тəсілдерімен бірге байланыстырылған бағдарламалық
-
техникалық
құралдар мен технологиялар кешені.
Достарыңызбен бөлісу: