Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет63/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Қарыз капиталының нарығы
деп ақша капиталы объектісінің қызметін 
атқаратын жəне осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара 
қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша 
нарығына жəне капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға 
дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы 
банктің орта мерзімді жəне ұзақ мерзімді
операцияларына қызмет етеді. 
Капитал нарығындағы сұраныс
-
бұл өздерінің инвестициялық жобаларын 
жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. 
Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске 
материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар 
салынған қаражаттарға пайыз
түрінде табыс алады.
Несие пайызы
-
белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның
құралдарын
пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие пайызы
капиталға деген сұраныс 
пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға 
тəуелді:
-
инвестицияның пайдалылығына, 
-
экономиканың дамуына, 
-
мемлекеттің сұранысына, 
-
салым мерзіміне, 
-
салым салу саласына тəуекелге жəне басқа да факторларға. 
Несие пайызы номиналды жəне нақтылы мөлшері болып бөлінеді. 
Номинальды пайыз
ставкасы
-
инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы 
нарықтық пайыздың мөлшері. 
Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. 
Жердің ұсынысына төмендегі факторлар əсер етеді:
1.
Жер құнарлылығы;
2.
Жер участкісінің нарыққа алыс
-
жақын орналасуы.
Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс 
өзгерістерінің нəтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы 
ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.
Рента
меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану 
құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде 
белгіленеді. Жер рентасы

жер
учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. 
Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды жəне абсолютті. 


~104~ 
Абсолюттік рента
-
бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. 
Оның абсолюттік деп аталатын себебі
-
ол құнарлылығы мен
басқа да жағдайларға 
байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік 
монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін 
төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық
-
түлікпен қамтамасыз ету 
үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура 
келеді. Сондықтан нарық бағасы
құнарлылығы төмен жерде өндірілетін 
өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген 
жерлерден де орта пайдадан артық пайда
алынатын болады. Мұндай артық 
пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді. 
Дифференциальды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары жəне 
нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке 
өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан əлдеқайда кем болады да, 
сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме
пайдасы болып табылады.
1.
Жердің табиғи құнарлылығына жəне жер учаскелерінің нарыққа жақын 
орналасуына байланысты
алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне 
көшуін
дифференциальдық І рента деп атайды.
2.
Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын 
үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші 
дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу əдісін жəне жердің 
құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары 
потенциалы бар тұқымдарды тілейді. 
Денсаулық сақтау саласында қызмет ететін дəрігерлерге төленетін жалақы 
атқаратын жұмысының күрделілігіне, денсаулығына əкелетін зияндығына 
байланысты төленеді. Атқаратын жұмысының күрделілігіне қарай нейрохирург, 
кардиохирург, трансплантациялық ота жасайтын дəрігерлерге, денсаулығына 
зияндығы бойынша ренген кабинеттерінде, жұқпалы аурулармен жұмыс 
жасайтындарға еңбекақыларына үстеме қосылады.
Денсаулық сақтау саласында дəрігерлерге еңбекақы төлеу соңғы уақытта 
жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты медициналық қызметті соңғы 
нəтижеге бейімдеу жəне соңғы нəтиже бойынша еңбекақы төлеу. Еңбекақы 
бұрынғыдай бірдей төленбейді науқасқа жақсы қызмет көрсетсе, науқас 
тарапынан шығым болмаса, науқасты емдеп жазса, ғылыми жаңалық ашумен 
айналысатын болса дəрігерлерге дифференциалданған еңбекақы төленеді. Бұл 
дегеніміз дəрігерлер науқасқа ілтипатпен қарауға, сапалы медициналық қызмет 
көрсетуге жəне науқасқа жағдай жасауға бағытталған. Дифференциалды 
еңбекақы дəрігерлердің арасында бəсекелік ортаның қалыптасуына жағдай 
жасайды. Бұл республикада халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің 
сапасының жоғарлауына жəне қолжетімді болуына əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет