Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет59/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Венчурлік инвестиция

үлкен тəуекелге байланысты жаңа саладағы
немесе аймақтағы
қызмет көрсетудегі, өнім өндірудегі
инвестициялар болып 
табылады. Венчурлік инвестиция жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі 
есебіндегі жобаларды инвестициялайды. 
Тікелей инвестициялау

шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне жəне осы субъектіні басқаруға 
қатысу құқығын алу мақсатындагы жалға капиталға жұмсауы болып табылады. 
Портфельдік инвестициялар

портфельді
қалыптастыруға байланысты
(
түрлі 
инвестициялық құндар жиынтығы) жəне құнды қағаздарды сатып
алу, сол 
сияқты басқа да
активтер болып есептеледі. 
Аннуитеттік
-
тұрақты аралық 
уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс əкелетін, сақтандыру жəне зейнетақы 
қорларына
жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін 
жағдайлар жасауға, тауар өндіру жəне қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық 
қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сəйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. 
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру жəне дамытудың маңызды жолдарының 
бірі 

инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін 
жұмылдыру жəне көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Жеке инвесторлар мемлекеттік инвесторларға қарағанда коммерциялық 
табысты көбейтуге өте құштар. Олар тауарларды жəне
қызмет көрсетуді 
сұраныстармен
ұштастыра отырып арттыруға, өндірістің түрлі жобаларымеи 
нағыз тиімділерін пайдалануға тырысады. Міне, сондықтан да, жеке 
инвесторлардың өндірісті дамыту белсенділігін қолдай отырып, мемлекет 
тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, атап айтқанда, салық салу, несие 
беру, кедендік жағынан едəуір жеңілдіктер беруге тиіс.
Қазақстан Үкіметі 1996 жылы 1997—1998 жылдарға арналған мемлекеттік 
инвестициялық бағдарлама қабылдады. Бұл бағдарламаға қаржылық секторды
құқықтык
реформаны, мұнай жəне газ өнеркəсібін, су ресурстарын, энергетика, 
көлік, ауыл шаруашылығын, құрылысты, коммуналдық шаруашылықты, шағын 
жəне орта бизнесті қолдауды дамытудың жобалары енгізілді.Соңғы жылдары 
біздің республикамызда шетел инвестицияларымен (қаржымен) жұмыс істейтін 
кəсіпорындардың 
сапасының 
көбейе 
түскені 
мəлім. 
Қазіргі 
кезде 
Республикамыздағы инвестицияның тапшылық ол күрделі проблемалардың бірі 
болып отыр. Осыған орай, өндіріске жəне меншік инвестицияларды уақытша 
ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа 


~95~ 
кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестиционерлердің белсенді түрмен 
қатысуы меп олар үшін барынша оңтайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, 
өйткені қор жинайтын ішкі
көздер бізде əзірше жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет