Өзін
-
өзі
тексеруге
арналған
сұрақтар
1.
Капитал
ұғымына
түсінік
берген
тұлғаларды
атаңыз
.
2.
Негізгі
капитал
дегеніміз
не
жəне
оның
ерекшелігі
қандай
?
3.
Айналмалы
капиталға
мысал
келтіріңіз
.
4.
Инвестиция
,
инвестициялардың
түрлері
.
5.
Инвестицияның
тиімділігін
қалай
арттыруға
болады
?
Өзіндік
жұмысқа
арналған
сұрақтар
1.
Инвестицияны
пайдаланудың
маңызды
бағыттарын
атаңыз
.
2.
Денсаулық
сақтау
саласын
қаржыландыруға
тартылатын
инвестициялардың
түрлері
.
3.
Не
себепті
денсаулық
саласын
қаржыландыруда
инновациялық
тəсілдерді
қолдану
қажет
?
Өндіріс
факторларынан
түсетін
табыстар
.
Қазақстанда
денсаулық
сақтау
саласындағы
еңбекақы
Табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін
нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны білу қажет.
Еңбек нарығы
-
бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату
-
сатып алу туралы
экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сəйкес
еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.
Еңбек нарығына тəн қасиеттер:
-
жұмыс орындарын
ұсынатын
кəсіпорындардың санының мол болуы
(жұмыс күшіне сұраныс);
-
əртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол
болуы (жұмыс
күшінің ұсынысы);
~101~
-
еңбек нарығында бірде
-
бір кəсіпорын жəне бірде
-
бір еңбекккердің күш
ықпалының жүрмеуі;
-
жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.
Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең жəне тар мағынада
түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы əртүрлі мамандықтағы
еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына
еңбекақымен қатар сыйлықтар жəне басқа да ынталандырушылық ақылары
кіреді. Тар мағынада, жалақы
-
пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.
Жалақы
-
бұл жұмыс күшінің құнының жəне бағасының формасы.
Неоклассиктердің бағыты басқаша. Біріншіден, олар жалақыны еңбектің
бағасы ретінде қарастырады. Екіншіден, оларды қызықтыратын
-
жалақының
мəні емес, оның деңгейі, ол сұраным мен ұсыныс қатынасы арқылы анықталады.
Еңбекке сұраным мен ұсыныс тең болғанда, жалақы деңгейінің тепе
-
теңідігі орнайды.
Еңбекке сұранымның өсуі жалақыны көтереді, ал сұранымның түсуі оны
төмендетеді.
Еңбекке сұраныс шекті өніммен анықталады, яғни жұмысбастылықтың бір
жұмысшыға өсуі кезіндегі өнімнің өсуі: егер шекті өнім еңбекті қолданған соң
жоғары болса, онда еңбекке сұраным көтеріледі жəне керісінше.
Еңбек ұсынысына əсер ететіндер:
1. Елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың саны.
2. Жұмыс күнінің ұзақтығы.
3. Тұрғындардың квалификация деңгейі жəне кəсіби дайындығы. Жалақы
номиналды жəне нақты түрінде ажыратылады.
Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің
өз еңбегі үшін алған ақша сомасы.
Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін жəне отбасы
үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.
Нақты жалақы екі факторға тəуелді:
1.
Номиналды жалақыға.
2.
Еңбеккердің тұтыну жəне əл
-
ауқат тұрмыс дəрежесін сипаттайтын
тауарлар бағасының деңгейіне.
Жалақы екі формада болады: мерзімді жəне кесімді (жекелеп).
Мерзімді жалақы еңбектің ұзақтығымен анықталады. Оның өлшемі еңбек
сағатына төлем.
Даралап (кесімді) төлеуде жалақы өндірілген өнімнің санына байланысты.
Оның көлемі бір бұйымның бағасын өнім санына көбейту арқылы анықталады.
Негізгі формаларымен қоса еңбекақының əр түрлі жүйесі қолданылады:
кесімді үдеме ақы, кесімді сыйақы, көп факторлы жəне т.б.
Жалақының динамикасына жəне деңгейіне нарық конъюктурасынан басқа,
көп əсерін тигізетін: ұлттық ресурстардың жағдайы (табиғи еңбектік,
технологиялық) жəне экономиканың жағдайы. Өнеркəсібі дамыған бай елдерде
номиналды жалақының деңгейі орташа əлемдіктен жоғары.
Нарықты экономикада жалақыға кəсіподақтар көп əсерін тигізеді. Олар
жалақыға төрт əдіспен əсер етуі мүмкін.
~102~
1. Еңбек ұсынысын шектеу, яғни, заң арқылы жұмыс уақытын шектеу,
жұмысқа кəсіподаққа мүше еместерді алмау.
2. Ұжымдық келісімдерді жасауда жалақы ставкасын жоғарылату үшін
кəсіпкерлерге қысым жасау.
3. Еңбекке сұранымды көтеретін өндіріс түрлерін өсіруге көмектесу,
сонымен жалақы да көтеріледі.
4. Өндірістің монополиялануына күрес. Монополиялар бағаның көтерілуін
қалайды, ол өндірісті қысқарту арқылы болады. Бұл жалақы деңгейіне кері əсерін
тигізеді. Монополияға қарсы шығу жалақының төмендеуін тежейді. Еңбектің
бағасы ретінде жалақының жалпы дəрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың
қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың
қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс
қисығы
-
тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.
Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне
жəне
жалақыны өсіруге əкеледі, ал сұраныстың азаюы
-
жұмыспен қамту жағдайына
жалақыны төмендетуге əкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының
қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Р
е
) əкеледі, Е нүктесінде жұмыспен
толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.
П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық
ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
-
халықтың жалпы саны;
-
жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың
үлесімен;
-
белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай,
жыл);
-
халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дəрежесінің құрамына
сəйкес.
Осы
көрсетілген факторлармен қатар, керісінше əсерін тигізетін
теорияда
екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі
-
жұмыс орнын қамту тиімділігі мен
табыс эффектісі (тиімділігі).
Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен
байланысты. Жалақы өскен кезде əрбір
атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни
ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды
ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін
түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс
күші ұсынысының өсуіне əкеледі.
Табыс эффектісінің əсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта
қызмет
атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі
ретінде қарайды, яғни
жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос
уақытының өсуі еңбек
ұсынысының төмендеуіне əкеледі.
Капитал
-
көп мағыналы ұғым: ол материалдық
игіліктердің қоры, ол
сонымен қатар
материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда
адамның қабілеті,
білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады:
өндіргіш капитал
-
өндіріс құрал
-
жабдықтары, ақшалай капитал
-
ақша капитал
~103~
тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс
əкеледі, Капиталдың өсімі
-
пайызы деп
аталады
.
Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының
объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі
болуы мүмкін.
Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі
физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс
факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.
Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан
капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |