Өзін
-
өзі
тексеруге
арналған
сұрақтар
1.
Еңбек
нарығына
тəн
қасиеттер
?
2.
Капитал
дегеніміз
не
?
3.
Капиталдың
түрлері
,
айырмашылықтары
.
4.
Несие
пайызы
дегеніміз
не
?
5.
Жердің
ұсынысына
қандай
факторлар
əсер
етеді
?
~105~
Өзіндік
жұмысқа
арналған
сұрақтар
1.
Рентаның
түрлеріне
сипаттама
беріңіз
?
2.
Қарыз
капиталының
нарығы
дегеніміз
не
?
3.
Жалақының
түрлері
?
4.
Тарифтік
жүйе
туралы
түсінігіңіз
.
5.
Жалақыны
есептеу
жолы
,
ұсталымдар
туралы
түсінігіңіз
.
6.
Дəрігерлердің
жалақысын
төлеу
барысында
қандай
мəселелер
туындайды
?
Жүйе
ретіндегі
ұлттық
экономика
.
Бірыңғай
ұлттық
денсаулық
сақтау
жүйесі
.
ҚР
медициналық
кластердің
дамуы
Ұлттық экономика ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттардың жəне соғай
орай фискалдық саясаттың стратегияларын зерттейді жəне олардың негізгі
зерттеу объектісі болып табылады. Ұлттық экономика макроэкономикалық
көрсеткіштерді анықтау, экономикалық тəртіп пен экономикалық саясатты
зерттейді. Ұлттық экономиканың негізгі мақсаттары келесідей: экономикалық
өсу; экономикалық тиімділік; бағаны тұрақтандыру;
экономикалық еркіндік; табыстардың əділ салынуы; экономикалық
қамтылу кепілдігі; сыртқы сауда байланысын нығайту.
Макроэкономикада зерттелетін негізгі мəселелер:
-
ұлттық өнім жəне ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
-
жұмыссыздық жəне жұмыспен қамтудың мəселелері;
-
инфляция мен инфляция қарсы саясат;
-
экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;
-
экономикалық дамудың циклдары;
-
ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара əсерлерін
зерттеу;
Ұлттық байлық жинақталған əрі нəтижелі көрсеткіштер санатына жатады
жəне мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.
Ұлттық байлық
-
бұл материалдық жəне рухани игіліктердің жиынтығы
жəне осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына
мыналар енеді:
а) негізгі өндірістік жəне өндірістік емес қорлар;
ə) айналмалы өндірістік қорлар;
б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;
в) айналым қоры;
г) тұрғындар мүлкі.
Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін
иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді
құрайды, оның ішінде 82%
-
ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7
млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су
~106~
қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар
əлемі алуан түрлі.
Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан
Австралияны (450 млн. га),
АҚШ
-
ты (320 млн. га) жəне Қытайды (234 млн. га)
ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан
түрлері бойынша –ТМД
-
дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар
ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.
Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%
-
ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса,
ал əртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы əлемдік мөлшердегі
мұнайға ТМД үлесі 6
-
10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн.
т) қорының 13% шоғырланған жəне мөлшері бойынша тек АҚШ
-
ты (553млн. т),
Украинаны ғана алдына салады.
Қазақстан əлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді жəне
республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%
-
ын игерген. Жалпы
темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан əлемде Бразилия, Австрия,
Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.
Вольфрам қоры бойынша əлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор
рудасы бойынша
-
екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша
-
төртінші
орында.
1990
жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7%
фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%
-
қорғасын, 29,5%
молибден, 28,4%
мыс, 22,1%
боксит, 20,1%
асбест, 13%
марганец, 11,9% көмір жəне 9,7% темір рудасының
қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы
уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің
60-
тан астам ең белгілі элементтері табылған.
Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру
-
экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай
-
ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.
Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
а) өндіріс
-
құрал жабдығына (еңбек құрал
-
сайманы, шикізат, материал
мен табиғи ресурстар жəне
ə)
тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын
-
жай жəне т.б.), ал өзінің туу
тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал
-
сайманын, шикізат, материал
мен тұтыну құрал
-
жабдығы қорларына) жəне табиғи ресурстарға (жер, су
байлығы, орман жəне т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін
табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық
негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.
Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық
мүлік жəне табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай
жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ
өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.
Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды.
Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген жəне өндіріс
процесіне тартылған ресурстар қоры енеді
-
пайдалы қазбалар, орман, су,
гидроэнергоресурстар мен жер көлемі жəне т.б. Ұлттық байлыққа елдегі
~107~
ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра
-
жай
экспонаттары жəне т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.
Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке
салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың
жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының
өндірістік жəне өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың
өз басының мүлкін енгізеді.
Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді. Олар
үрдіс
кезінде қалпына келген құралдарды игеру арқылы материалдық игіліктер
үрдісінде
қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Қызмет жасайтын еңбек
заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан көлік, станоктар немесе
бекіту үрдісінде əлі негізгі қорлар бола алмайды жəне тек іске қосылған кезде
ғана негізгі қорға айналады.
Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй
қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады жəне олар өндірістік емес
салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мəдениет жəне
т.б.).
Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады жəне тұрғындардың алуан түрлі
тұтынулары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған.
Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал
-
жабдығы мен тұтыну заттары да енеді
жəне олар кездейсоқ жағдайларда, халық
шаруашылығының кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын
жəне т.б. жою үшін резервтелген.
Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады жəне ол
барлық ұлттық байлықтың шамамен 1
\
5 бөлігін құрайды.
Тұрғындардың өз
бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй
-
жиһазы, картина, жеңіл көліклар жəне т.б. Тұрғын үй, саяжайлар жəне басқа
құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қара, омарта, ауыл
шаруашылығы құрал
-
саймандары
-
негізгі өндірістік қор болып табылады.
Жоғарыдағы көрсетілген мəліметтерге қарасақ, ұлттық байлықтың басты
элементіне негізгі қорлар (өндірістік жəне өндірістік емес) жатады жəне олардың
үлесіне елдің ұлттық байлығының көп бөлігі келеді.
Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес
құндылықтарды да
-
ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мəдениет
деңгейін жəне т.б.
-
қамтуы қажет. Шын мəнінде,
ақпарат əлеуметтік
-
экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі
болып табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық əлеуетін
толық іске асыруға болады
-
кəсіпкерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін
емес. Кəсіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттың құны шексіз, сатылуы да
мүмкін, дер кезінде
өткерілмегендіктен уақыт бойынша құнын жоғалтады.
Мысалы, АҚШ
-
та жыл сайын фирма ғылыми
-
техникалық ақпаратты қорғау
үшін орташа
10-
15млрд.
долл.
шығын жұмсайды. Сондықтан да ақпарат
өндірісінің негізі болып табылып, кез келген экономикалық жүйені дамытады
жəне оның өсуін қамтамасыз етеді.
~108~
Ұлттық байлық өзінің аса маңыздылығына қарамай
-
ақ, оны біліп
-
зерттеудің бүгінгі күнге дейін қоғам тұтынысынан, экономиканың басқа да
жұмыстарын жасау мəселелері деңгейінен қалып отыр. Ұлттық байлықтың
теориялық мəселелерін жасаудың артта қалуына байланысты, оны болжау мен
есептеудің партиялық сауалдары шешілмей отыр.
Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық
жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны
барынша сақтау
қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен
анықталады.
Экономиканың
дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық
шаруашылығының балансы
жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ
статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі əлем тəжірибеде 1953 ж.
бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж.
мемлекеттің негізгі экономикалық
көрсеткіштерін бағалау жəне əрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру
үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.
Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде
материалдық жəне материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке
алынбайды.
Макроэкономикалық көрсеткіштерге
жататындар жалпы ұлттық
өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс
(Ұ.Т.) жəне жеке табыс (Ж.Т.).
Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштердің ең маңыздысы:
жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық
табыс болып табылады. Белгілі бір мерзім аралығында ұлттык экономиканың
қызмет етуінің нəтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық
көрсеткіштер колданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |