~139~
коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын
күрделі əрі көп факторлы құбылыс.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы
тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ə)
қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10%
-
дан
аздау) өседі. Инфляция 2
-
3% болған жағдайда, нарық үшін
орынды құбылыс
болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам (жылына 20
-
дан
200%-
ға дейін) өседі. Мұндай инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр
əлеуметтік
-
экономикалық салдарға əкеледі (тұрғындардың өмір деңгейі
төмендейді, кəсіпорын күйзеліске ұшырайды жəне т.б.) Ұшқыр
инфляция кезінде
айналымдағы ақшаның санымен баға астрономиялық жылдамдылықпен (50
-
1000%) өседі.
Шетел ғалымдарының ойынша «баяу инфляция» экономиканы
«көңілдендіруге» əсерін тигізеді жəне күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп,
жұмыссыздықты жоя бастайды. Американ экономисті А.
Манның айтуынша,
бағаның қалыпты əлі ұзақ көтерілуі шаруашылық жағдайын жақсартады жəне
тұтыну қабілеттілігін арттырады. Нақтырақ айтқанда
инфляцияның бірінші
кезеңде, қағаз ақша қарқының қамтамасыз ету, олардың эмиссия қарқынынан
қалған кезінде, арнайы инфляциялық конъюктура пайда болып, тауар бағасының
өсуі уақытша өндірісті ұлғайтып,
тауар айналымын ынталандырады, алайда
ақшаның құнсыздану деңгейіне қарай инфляция өндіріспен айналым үрдісін
ұйымдастыруды тезірек бұзатын əсерлерге («қарқынды» инфляция) тап болды.
Сөйтіп, несие
-
қаржы жəне валюта жүйесінің («гиперинфляция») толық
бұзылуына алып барады. Сұраныс инфляциясы
негізінен ақшалай факторларға
байланысты туындайды, яғни айналыстағы ақша массасы өссе, соның
нəтижесінде төлем кабілеті бар сұраныс та жоғары болады. Ал сол кездегі бір
қалыпты
баға
жағдайында
өндірістің
оралымсыздығы
сұранысты
қанағаттандыра алмайды. Сөйтіп жиынтық сұраныс
экономикалық өндірістің
мүмкіндіктерін жоғарылатып, бағаның көтерілуіне əкеледі.
Шығындар инфляциясы
өнімге баға белгілеуде əсер ететін ақшасыз
факторларға байланысты туындайды. Ол ең алдымен жалақы төлеуге
шығындардың өсуі.
Тауар бағасының өсуі халықтың табысын төмендетіп,
жалақыны қайта индекстеуді талап етеді. Жалақының өсуі
өз кезегінде өнімді
өндіру шығындарының өсуіне, пайданың төмендеуіне, қолданылып жүрген баға
бойынша шығаратын өнім көлемінің қысқаруына əкеп соғады. Пайданы сақтап
қалу мақсатында өндірушілер тауар бағасын көтеруге мəжбүр болады.
Нəтижесінде инфляциялық серіппе (спираль) пайда болады, бағаның көтерілуі
жалақының өсуін талап етсе, жалақының өсуі бағаны көтереді. Бұл жалақы мен
бағаның «инфляциялық серіппе» теориясы деп аталады.
Шығындар инфляциясы мен сұраныс инфляциясы бір
-
бірімен тығыз
байланысты жəне біріне
-
бірі себепші, оларды
ажырату мүмкін емес.
Дүниежүзілік тəжірибеде инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:
1)
экономиканы қамтитын аумағына байланысты
-
жергілікті, ұлттық жəне əлемдік
инфляция;
2)
қозғалыс
қарқынына байланысты
-
біркелкі (баға үнемі төмен
қарқынмен өседі), үздіксіз жəне сатылы (бір қалыпты емес) инфляция.
Егер
~140~
инфляцияның өсуі жұмыссыздықтың өсуімен жəне өндірістің құлдырауымен
ұштасса, ондай кұбылысты «стагфляция»деп атайды.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тəн жəне тауар мен
қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық
тепе
-
тендік сұраным жағына қарай бұзылса жəне тұрақты бағаның өсуімен
байқалса, онда бұны ашық инфляция дейміз.
Достарыңызбен бөлісу: