Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет83/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#186930
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Ашық инфляция
жекелеген тауар 
нарығында бағаның кезенімен төмендеуіне толық сай келеді немесе тіпті 
болмағанда олардын өсуін баяулатады. Демек, ашық инфляция нарық 
механизмін кəдімгідей өзгертіп, оны аса бұзбайды. 
Басылыңқы инфляция
, оны 
кейде жасырын инфляция деп те атайды. Ол бағаны реттейтін (жалақыда болуда 
мүмкін) экономикаға тəн,
яғни жалпылама мемлекеттің бағаны бақылауымен 
жүзеге асатын инфляция. Сондай
-
ақ ол тауар тапшылығы, өнім сапасының 
төмендеуіне де, ақшаның қорлануында,
көлеңкелі экономика дамуында, 
бартерлік іс
-
əрекетте байқалады. Басылыңқы инфляция мемлекеттің тауарлық 
бағаны сұраным мен ұсыным тепе
-
теңдігінен төмен болуын қолдау арқылы 
пайда болады. Мұнда ақша жалпылама сатып алу құралы жəне тауар мен қызмет 
көрсетуді үлестіру өлшемі болуды тоқтады.
Инфляцияның қазіргі кездерде өзіне тəн біршама ерекшеліктері бар:

егер, инфляция қарқыны бұрын бір жердің аумағынан шықпаса, қазір 
бүкіл ел аумағын қамтиды;

егер, инфляция бұрын бір мезгілде ғана жүрсе, қазір инфляция көп 
уақытқа созылатын кұбылыс;

егер, инфляция бұрын тек ақшаның əсерінен туындаса, қазір көптеген 
ақшасыз жəне баска да экономикалық емес факторларға байланысты.
Инфляцияға төменде көрсетілген пайда болу себептерінен басқа, осы 
елдегі саяси жағдай да əсер етеді. Бұл əсіресе қазіргі заманға тəн құбылыс. 
Ақшаның саяси жағдайдағы өз бағамын төмендетуін саяси атмосфераның 
қалыптасқан валюта нарығында да анықталады.
Инфляцияга əсер ететін 
бірінші 
топтағы
ақшалай факторлары: ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары 
болуының нəтижесінде ақша айналысы заңының талаптарының бұзылуы, яғни 
бюджет тапшылыгын жою мақсатында шамадан тыс ақша шығаруға байланысты 
айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық шаруашылығындағы несие 
ақшалардың көптігі; ұлттық
валютаның бағамын бірқалыпты ұстау үшін 
үкіметтің қолданатын тəсілдері; ұлттық валютаның қозғалысын шектеу жəне 
тағы да басқа факторлар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет