~143~
əртүрлі түсіндіріледі. Мысалы, мальтузиандық теория
-
жұмыссыздықтың пайда
болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Кейнстік теория бұл
құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен түсіндіреді, ал еркін
кəсіпкерлерік мектебінің теориясы
-
жұмыссыздық жалақы деңгейінің
жоғарлауымен туындайтынын айтады, яғни ол еркін болып табылады.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус
(1766-1834
ж.ж
.)
жасалған. Ол 1798 жылы «Халық саны туралы заңның
тəжірибесі» кітабын шығарған онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар
геометриялық прогрессиямен өседі:
яғни əрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір
сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: Халық саны
-
1,2,3,4,8,16,32 ж. т. б., ал өмір сүру жабдығы
-
1,2,3,4,5ж.т.б. Ол халық санының
жəне өмір сүру əдісінің өсу қарқыны
жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра
отырып қортындыға келген: тұрғындардың жоғарғы қарқынмен өсуі
қайыршылықпен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады.
Батыс мектебінің өкілдері ХХ
-
шы ғасырдың 30
-
шы жылдарына дейін
жұмыссыздық
дəстүрлі
түсіндірумен,
яғни
жұмыссыздық
-
жалдамалы
жұмыскерлердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шеттен тыс
жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.
Бұл теорияны ағылшын экономисті Кембридж университетінің профессоры А.
Пигу өте
дəректілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан.
«Жұмыссыздық теориясы» кітабында баяндалады. Алайда ХХ
-
шы ғасырдың 30
-
шы жылдарында жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі
барынша айқындала түсті.
Жұмыссыздықтың
дəрежесін
батыс
статистикасы
қолданатын
көрсеткіштер бойынша
-
оның таралуы жəне мерзімінің ұзақтығы арқылы
айқындай түсуге болады. Жұмыссыздықтың таралу көрсеткіші жұмыс күшінің
жұмыссыздық
деңгейін
сипаттайды.
Экономикалық
əдебиеттерде
жұмыссыздықты мына типтерге бөледі:
Достарыңызбен бөлісу: