140
– Ойлан, аманжан, ойлан,– деді тістеніп, не істерін білмей
отырған Нұржан. – адам ату оңай емес.
– азамат соғысында, Отан соғысында бір-бірін қалай
атты адамдар. Сол үшін батыр болды, омыраулары орден-
медальға толды. Немене ондай ерлік біздің қолдан келмей ме?!
– Долданып, аузынан ақ көбік атып тұр.
– Олар жау еді ғой,– деді Нұржан.
– мына шал жау емес деп кім айтты. Фашистерден
әлдеқайда қауіпті. ал иманыңды оқы, қақпасым.
Бес-ақ қадам жерде трубкасын пештен алған шалмен
тұтатып міз бақпай тұрған Қоңқайды бейне жүз метрде
тұрғандай тым ұзақ көздеді. рас, атып-ақ салғысы келді. амал
не, көздеген сайын көзі қарауытып, шүріппеге тиген саусақтан
жан кеткендей. Өне бойы өз-өзінен қалтырап, буыны босай
берді. Қоңқай қысық көзін бағжаң еткізіп, алая қарағанда,
аманжанның қолындағы қос ауыз мылтық салдыр-гүлдір
етіп жерге түсіп-ақ кетіп еді. Шала басылып тұрған шүріппе
салмақпен түскенде өзінен-өзі тарс етіп атылып, қоянның
құмалағындай оқ шалды жанай өтіп есікке тиген. ағаш есік
шалқасынан ашылғанда, аядай үйге саулап суық кіре бастаған.
Шал оқ тиіп ашылып кеткен есікті қайта жауып, тиегін салды.
– Осы қақбасты бір жерден көрген секілдімін. Қайдан?
Жүзі өте таныс.– аманжан шөкелеп отыра кетті де, өз тізесін
өзі ұрғылады.– Неге ата алмадым, құдай-ау, неге?
Әлгінде мылтық саңқ еткенде Нұржан жанарын жаба
қойып еді, көзін қайта ашқанда шал тірі, ағаш кебеженің
үстінде трубкасын сорып жайбарақат отыр. Бақытжан бүк түсіп
солқылдап жылап жатыр: «Тәңірім-ау, көрсетпегенің көп екен
ғой. Енді қайттік?» Сәл тыныштық орнады. Тыныштық орнату
үшін бейне бір мылтық атылуы керек секілді... жарасымды,
жуас тыныштық. Нұржан: – Сіз кімсіз, ата?! Шал: – мен –
Қоңқаймын.
Достарыңызбен бөлісу: