Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата20.10.2023
өлшемі1,88 Mb.
#187172
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Бақытжан:
– Ты – мне, я – тебе дейсіз ғой.


143
Шал: 
– XIX 
ғасырдың орта кезінде Көкшетау дуанының аға 
сұлтаны болған Зілқараның Әлібек есімді баласы қылмысты 
болып, абақтыға түссе, атасы Тұрлыбек Петерборға барады да, 
«ақ патшаға» жолығып, сұлулығы сүліктей меңсіз қара қырық 
сәйгүлікті параға өткізіп, інісін итжеккенге айдатудан аман 
алып қалған екен...
Нұржан:
– Кісі өлтірген адамды пара алып, айыбын кешір-
ген патшаның өзі соучастник болып қалды ғой қылмыстыға.
Шал:
– Ондай соучастниктерді есептей берсек, есеп-
шоттың тасы жетпейді, шырағым.
Бақытжан: 
– Сонда қалай, бізден алғаныңыз да пара ма?
Шал:
– Баламысың деген, менің алғаным жамбас ақы. Ол 
пұлды өкіметтің қонақ үйіне де төлемейсіңдер ме... Егер осы 
Кіші Қоңқай асуында, жалғыз үй мен отырмасам, баяғыда үсіп 
өлмес пе едіңдер. Өрімталдай өмірлерің үшін берген пима мен 
сағатты бұлдасаңдар, мә, өздерің алыңдар. Қайтер екен деп, 
әдейі сынап едім, тым-тым дүниеқоңыз екенсіңдер.– Орнынан 
атып тұрды да, пима мен сағатты жігіттердің өзіне лақтырып 
жіберді. Содан соң «мені де сағынатын күн туар»– деп күбірлеп, 
нарға қисайды.
– Қайтқан малға – береке, – деп, аманжан сағатын құлағына 
тосып тыңдап көрді де, қолына тағып алды. Нұржан әрі-сәрі 
ойда еді. Шалдың мінез-құлқына түсінбей дал!
– ата, – деді жуас үнмен. – Егер шын қызықсаңыз, алыңыз 
пиманы. мен сіздің ескіңізді киейін... Тек менікі емес еді деген 
сөз ғой... алыңыз...
– рақмет, – деді шал төсегін қамдап. – Бұл үйде көрпе-жастық 
жоқ. Төр алдына жантая кетіңдер. Үй жылы ғой. – Бағанағыдай 
емес, даусы жұмсақ, қамқорлық байқалған соң жігіттер де 
мойындарынан мың батпан жүк түскендей жеңілейіп қалған. 
май шам өлімсірей жанып тұр. Әсіресе Бақытжанның қабағы 
енді ғана ашылып еді.
– адамзаттың бүкіл тірлігіне қайранмын,– деді төр алдына 
еңбектеп жетіп. Жіңішке ағаш орындық белін әбден талдырып 
тастаса керек, бірден құлай жығылды да, екі қолын басына 
жастап, төбеге телмірген күйі әңгімесін жалғастырды.– 
Әлденеге асығады, әкри, басын қатырып әлденені іздеп 
келіп жүргені... Сонда деймін-ау, қайда асығамыз, қайда бара 
жатырмыз? Неменені тіміскілеп итше іздейміз?
Нұржан: 
– Жұрттың бәрі сен секілді ұйқылы-ояу өтуі керек 
пе екен өмірден.


144
Бақытжан:
– Әй, қойшы, аяқ астынан абыз бола қалмай, 
– деп қолын бір-ақ сілтеді. Басын көтеріп, малдас құра отырды. 
– Бозамық дүние, ақ қар, көк мұздың бетімен бос, қаңсыған, 
итаяқ болып қалған ағаш шананы сүйреп тентірегенге мәз 
боламысың. Бос шана сүйрету үшін ешқандай ақылдың
философияның қажеті жоқ.
Аманжан: 
– мына маубастың тілі шығайын деді. – Өзі шо-
лақ тонын жамылып Бақытжанның жанына жайғаса бастаған.
Бақытжан:
– Жоқ, енді, менің миым жетпеді делік... 
Өздерің айтыңдаршы, – деп қызыңды. – Қайда барамыз, осы? 
ау, ағайын, қайда қаңғып барамыз, әкри?
Нұржан:
– Шөп әкелуге...
Бақытжан:
– ал әкелдік... тоист апардық аман-есен делік. 
Содан соң?..
Аманжан: 
– Содан соң тағы да шөпке... Қысқасы, совхоз 
қайда жұмсаса – сонда...
Бақытжан:
– Ә, солай ма... Өзің де білмейсің қайда 
барарыңды, өзгелер біледі. Қалай айдаса – солай жосимыз. 
Қалай жетелесе – солай ереміз соқыр ботадайын... адамнын 
басы – алланың добы деуші еді бұрынғылар, енді Упрайдың 
добы болдық.
Аманжан: 
– Ей, ләуқи, сен осы үйде қалсаң, қайтеді, 
пікірлерің бір қазанда қайнай алады екен, ә. – мысқылдағаны. 
Бірақ одан Бақытжан қыңған да жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет