137
Нұржан:
– Қайдағы атамыз?
Бақытжан:
– Қоңқай атамызды айтамын. Керемет ұқсастық
емес пе...
Нұржан:
– расында да. – Таң қала күліп жіберді. Тізесіне
көлденең тастаған мылтықтың стволын сипап отырған аман-
жан анықтап қараған адамға, шынында да, Қоңқай шалға қатты
ұқсайтын еді.
Бақытжан:
– ...Жас кезінде осындай-ақ болған шығар...–
Басын шайқап, таңырқағанын қоймаған соң аманжан бұлқан-
талқан ашуланды. алғашында қалжыңдайтын шығар деп өзі
де ыржалаңдай бастап еді, ана екеуі шындап жатқан соң: –
Оттапсыңдар! – деп ақырып қолындағы Қоңқайдың мылтығын
енді екеуіне кезеді. – Егер ондай ұсақ-түйек ұқсастықтың бәрін
жіпке тізе берсек, онда сен... онда сен... (айтсам ба, айтпасам ба
дегендей тұтығып қалды).
– Немене... «онда сен» – деп шаңқ етті Бақытжан. Оның
не айтқалы отырғанын өзі де іштей сезіп, осына бала жасынан
бері итше сүмеңдеп соңынан қалмай еріп келе жатқан қаңқу
сөзді
тағы да естірін біліп, іштей дайындала бастап еді...
– Онда сен... Упрайға ұқсайсың! Яғни бөлімше басқару-
шысының аузынан түсе қалғандайсың! – деп тісін егеді. Бақыт-
жанның көзінен жас ыршып кетіп еді. Осы өмірінің жазылмас
жарасы секілді індет-сөзді басқа-басқа, дәл аманжанның
аузынан естимін деп ойлады ма. Жоқ, ешқашанда... Үш ұйқтаса
түсіне кірмеген. Тамам бала... «шата-шата», «бастықтың
баласы» – деп тілін шығарып, санын шапалақтап мазақтағанда
осы екі досы – Нұржан мен аманжан ара түспеуші ме еді...
Иә, сөйтетін... Құдай-ау, тіпті айтқысы келіп, тілі қышығанның
өзінде
мынау қиын-қыстау сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы,
аузын буа тұруы керек еді ғой.
– Тапқан екенсің мені таптырған адамды!– деп соншалық
бір көз ілеспес шапшаңдықпен аманжанға тұра ұмтылды.
Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан, аяғынан қағып
шалып жықты да, жібермей ұстап қалды. ал ашуға булыққан
аманжанның шүріппені басып қалуы әбден мүмкін еді...
– Жетет! – деп жекіді Нұржан.– ауылдан аттанарда, мон-
шаның ішінде отырып берген ант қайда. «Өлсек те бір-бірімізді
тастамайық», – деп қол алыстық. Енді міне... балапан қораздай
қоқиланып шыға келеміз... Өттерің жарылып кетсе де айтайын,
үшеуімізде де шикілік бар. Бұл шикілік соғыс жылы, соғыстан
кейін туғандардың бірсыпырасында бар.
138
Шал әлі жоқ. Әлде сыртта
бітпей қалған шаруасы болды
ма, әлде қайтер екен деп, жігіттерді сынағаны ма, көпке дейін
үйге кірмей далада жүріп алды. май шамның білтесі жана-
жана, еріп көлкілдеп тұрған майға жетіп, лапылдай бастаған.
Әлгі сөзден кейін үшеуі де қабақтарын түйе ойланып, үнсіз
отырып қалып еді. май шамның лапылдай бастағанын көрген
Нұржан орнынан тұрып барды да, майға малтып шуатылған
шүберек білтені суырып, шыны тарелканың шетіне шығарып
қойды. Содан соң өзі орнына қайта отыра беріп:
– айтыңдаршы,– деді ана екеуіне кезек қарап. – айтыңдар-
шы, әкеміз соғысқа қай жылы кетті?
Екеуі бірдей жарыса: – 1942 жылдың күзінде – деді.
Достарыңызбен бөлісу: