төңкеріп, 37–39
о
С құрамында көмірқышқыл газы жоғары болатын ортада
инкубациялайды. Әр тәжірибені дақылдардың
орнын ауыстыра отырып екі
реттік қайталаумен жүргізеді. Жоғарыда келтірілген әдістеме бойынша
біріне-бірі қабаттасқан бір дақылдың тамшылары бақылау болып табылады.
Нәтижелердің есебі инкубация басталғаннан кейін 24 және 48 сағаттан
кейін жүргізіледі (5 сурет). Зерттеліп отырған
дақылдардың бірінің өсуі
тежелетін болса, онда олардың арасындағы қарым-қатынасты антагонисттік
деп қарастырады. Ал ол дақылдарды биосәйкессіздер санатына жатқызады.
Бірлесіп дақылдау аймағындағы зерттелетін штамдардың өсуі артқан
кезде немесе дақтар толық бірлесуі байқалған
жағдайда ғана дақылдарды
биосәйкес деп есептеуге болады (мутуализм, синергизм, сателлизм).
Егер екі дақылдың біреуі бірлесіп дақылдау аймағында тамызу кезегіне
қарамастан екінші дақылдың өсуін тежей отырып, өсетін болса, онда мұндай
нұсқасын әлсіз антагонизм деп бағалайды.
Басқа бір зерттелетін дақылдың дағының перифериясы бойымен басқа
бір дақылдың тежелу аймағы (өсудің тежелуі) анық байқалатын болса, онда
мұны күшті антагонизмнің белгісі ретінде қарастырады.
А Б В
5
сурет. Қатты қоректік ортадағы бірлесіп дақылдау әдісімен
микроорганизмдердің биосәйкестілігін анықтау: А –
штамдар сәйкессіздігі
(дақылдардың бірінің «жоғарыға шығуы»); Б – штамдар сәйкессіздігі
(байланыс аймағында тестіленетін дақылдардың бірінің өсуінің тежелуі); В –
штамдар сәйкестілігі (дақылдардың байланысу аймағы тегістелген) .
17 кесте.
Зерттелетін дақылдардың биосәйкестілігі
Дақылдар
Биосәйкестілік
Тәжірибені
қорытындылау
1+2
2+3
1+3
Ескерту: «+» дақылдар биосәйкестілігі; «-» -дақылдар биосәйкессіздігі.
Сұйық қоректік ортада.
Бактериялардың антагонисттік қабілетін сұйық
қоректік ортада анықтау белгілі аралықтардан кейін, инкубацияланатын
бактериялармен бірге белгілі сандық қатынаста қатты ортадғ жүйелілікпен
егіліп отыратын жолмен жүзеге асады. Егу жұмысын табақшада сандық есеп
жүргізе алатындай изоляцияланған колониялар өсетіндей етіп жүргізеді.
Сонымен қатар, микроб-антагонистінің колониялары
санына өсіп шыққан
тест-микроб санының қатынасын, антагонисттік белсенділік индексін,
анықтайды.
18 кесте.
Зерттелетін дақылдардың биосәйкестілігі
Дақылдар
Антагонисттік
белсенділік индексі
Тәжірибені
қорытындылау
1+2
2+3
1+3
Достарыңызбен бөлісу: