«назарбаев зияткерлік мектептері» дббұ «білім беру бағдарламалары орталығЫ» филиалы



Pdf көрінісі
бет33/74
Дата24.10.2023
өлшемі3,21 Mb.
#187820
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
ҚЖМ Қазақ-тілі 10-сынып ЖМБ
Как говорить, чтобы дети учились, 8 класс
Тыңдалым алды тапсырма.

1-тапсырма. Отандық өнім оның ішінде киім өндіру өніміне қатысты білетін сөз немесе 


терминдерін стикерге жазыңыздар.
Нұсқаулық: 
1.
Өз жинақтаған сөздеріңізбен, ең алдымен, көршілеріңізбен бөлісіңіз. 
2.
Жақын отырған екі жұп бірігіп, топ құраңыздар. 
3.
Өз жұмыстарыңызды енді топпен бөлісіңіздер 
4.
Топтар бірігіңіздер. Топтар бір-бірінің ойымен, сөздерімен танысыңыздар. 
 
«Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылар жұп, топ құрап сөз бен терминдер жинағын 
жасайды. Жинақ барлық оқушыға бірдей көрінетін тұсқа ілінеді.
 

Тыңдалым тапсырмасы
 
2-тапсырма. Мәтінді тыңдай отырып, жаңа сөздер мен терминдерді теріп жинаққа 
қосыңыздар. 
Тыңдалым мәтіні 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі тігін фабрикасы енді қыз-келіншектерге арналған 
әлемдік үлгідегі сырт киім тігуді қолға алды. Қазір жергілікті мамандарға германиялық 
дизайнер жаңа брендтер үлгісін пішуге көмектесіп жатыр. Шетелдік тәжірибелі 
тігіншіні облыстық кәсіпкерлік палатасы «Аға сарапшылар қызметі» атты халықаралық 


бағдарлама аясында шақыртқан. Неміс дизайнері фабрика мамандарына тегін кеңес 
беруде. Ятта Хайдельман зауыт қызметкерлеріне дәстүрлі нақыштарды сақтай отырып, 
заманауи үлгідегі сырт киімдер тігудің қыр-сырын үйретіп жатыр. Қазірдің өзінде 
дизайнерлер қыз-келіншектер пальтосының 12 үлгісін жасап үлгерді. Оның 8-і өндіріске 
дайын. Отандық өнім қазан айында ішкі нарыққа шығарылады. Әзірге оған қажетті 
шикізат Түркия мен Италиядан әкелінуде. Көздің жауын алатын классикалық киімдер 
ою-өрнекпен көмкерілген. Айта кетерлігі, отандық өнім импорттан 20-30 пайызға дейін 
арзан болмақ. Сонымен қатар тараптардың енді ерлер және әйелдер костюмінің үлгісін 
көбейтпек ойы бар. Дизайнерлер көп ұзамай-ақ ерлердің де пальтосын тігуді жоспарлап 
отыр.
Ятта Хайдельман, неміс дизайнері:
- Менің ойымша, бұл кәсіпорынның болашағы зор. Өйткені мұнда колының қиюы бар 
тігіншілер еңбек етіп жатыр. Олар әрбір өнімнің сапалы болып тігілуіне мән береді. Біз 
қазір бірігіп, сырт киімнің озық әлемдік үлгісін жасадық. Олар – қысқа және ұзын 
әйелдер пальтосы. Тігіншілер оңды нәтижеге қол жеткізеді деп ойлаймын.
Айжан Қалмұратова, тігін фабрикасының өкілі:
- Қазіргі уақытта біз әйелдерге арналған 12 түрлі сырт киімнің үлгісін жасап жатырмыз. 
1-2 ай көлемінде Қазақстан халқына өзіміздің ұлттық ою-өрнектермен әсемделген сәнді 
пальто 
үлгісін 
әйелдерімізге, 
қыз-келіншектерімізге 
ұсына 
аламыз. 
24.kz телеарнасының материалы 
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/otandy-nimdi-satyp-al/item/141052-elimizde-yz-kelinshekterge-
arnal-an-lemdik-lgidegi-syrt-kiimder-shy-aryla-bastajdy 
 
3-тапсырма. Монологтан қандай артық кемшіліктер байқағандарыңызды сыныпта 
талқылаңыздар. 
Монолог
– сөйлеуші өз ойын бір, бірнеше, көп адамдарға арнап айтатын ауызша 
сөйлеу әрекеті. Монолог тек қана ауызша сөйлеу ыңғайында бола бермей, жазбаша түрде 
де кездеседі. Екі жағдайда да (ауызша және жазбаша) негізгі ерекшелігі – бір адамның 
сөйлеуі немесе бір адамның ойы. Монолог функционалдық-коммуникативтік қызметіне 
қарай (сипаттау, баяндау, әңгімелеу, сендіру т. б.) әртүрлі монологтар көрініс береді.
Жанрлық айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкерлер тілі, ғылымы баяндама, үгіт-
насихат мақсатындағы сөз т. б.) монологтың стилистикалық ерекшіліктерін танытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет