ТҮРІК ҚАҒАНАТЫ
Түрік қағанатының құрылуы.
Батыс және Шығыс қағанаты
Түрік қағанатының діндері (әліппесі)
Қағанаттың шаруашылығы (ақшасы,
ыдыс-аяқтары, әшекей-бұйымдары)
Күлтегін
ТҮРІК ҚАҒАНАТЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫ
•
Түрік қағанатының құрылуы.
Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603
ж.) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі
мемлекеттердің бірі. Түрік қағанатының күшейген уақытында
Солтүстік-Шығыс Қытай (Манчжурия), Моңғолия, Алтай,
Шығыс Түркістан, Батыс Түркістан, Орта Азия, Қазақстан және
Солтүстік Кавказ аумақтарына иелік еткен.
Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды.
Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады.
Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады,
оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат
(Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің
мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол
кағандық тағына Мұқан қаған деген атпен отырады. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі
қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі
қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж.
эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға
дейін
және
Шығыс
Түркістанға
дейін
созылған.
Достарыңызбен бөлісу: |