Батыс және Шығыс қағанатының пайда болуы
Түркілер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін
Жерорта теңізіне дейін баратын Жібек жолына иелік етті.
Олар өздерінің жаулап алу жорықтарын жүргізуде
Иранға
қарсы Византиямен одақтасты, 571 жылы
түріктердің әскери қолбасшысы Иштеми Солтүстік
Кавказды басып алады, сөйтіп Керчь түбегіне (Боспорға)
шықты. Оның баласы Түріксанф Керчьті басып алып, 576
жылы Қырымға шабуыл жасады. Бірақ Иштеми өлгеннен
кейін 582-593 жылдары билік үшін қырқыс басталды.
Өзара қырқыс пен әлеуметтік
қайшылықтар қағанатты
қатты әлсіретті. Күшейіп алған Иран 588 ж. Герат түбінде
түріктерді жеңіп шығады. Византия 590 жылы Боспорды
қайтадан жаулап алады. Өзара қырқыстар, әлеуметтік қарама-қайшылықтар қағанатты әлсіретіп, оның 603
жылы Шығыс және Батыс түркі қағанаттарына бөлінуіне әкелді. Шығыс Түркістаннан Амударияға, Еділ
өңірі
мен
Терістік
Кавказ
далаларына
дейінгі
жер
Қағанат
қарауына
көшеді.
.
•
Түрік қағанатының діндері
Түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы
және көшпелі халықтың діни
нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-
қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың — шамандардың қолында болды, ал
шамандар ертедегі түрік мәтіндерінде қам деп аталған. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың
қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб)
сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды.
Қағандар нақ осы Көктің
еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды.