Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 8 беттің -ші беті


 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНАН (ЖОБАДАН) БОСАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата24.10.2023
өлшемі0,96 Mb.
#188000
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
diplomdy-zh-mysty-zhazu-men-r-simdeu-erezhesi2020

6. ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНАН (ЖОБАДАН) БОСАТАТЫН ЖАҒДАЙЛАР
 
6.1.Білім алушы келесі жағдайларда дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың орнына 
білім беру бағдарламасына сәйкес мамандықтың бейінді пәндері бойынша екі мемлекеттік 
емтихан тапсыра алады: 
6.1.1 денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтаманың негізінде стационарда 
ұзақ емделуде (бір айдан артық); 
6.1.2 бала тууы туралы куәлігінің негізінде 2 жасқа дейінгі балалары бар; 


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік 
университеті 
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018 
 
Сапа менеджментінің жүйесі 
Университет ережесі 
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын 
жалпы талаптар
 
18 беттің 5 –ші беті
 
6.1.3 ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының 
негізінде ауру ата-анасын күтуші; 
Осыған орай білім алушы университет ректорының атына ӛтініш жазады және қажетті
құжаттар тапсырады. Мемлекеттік емтихандар тізбесі маман дайындаушы кафедраның 
шешімімен бекітіледі. Ал басқа жағдайларда дипломдық жоба (жұмыс) мемлекеттік емтихан 
тапсырумен ауыстырылуына рұқсат етілмейді. 
7 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАСЫ) ТАҚЫРЫПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН 
ТАЛАПТАР 
 
7.1 Диплом жұмысының (жоба) тақырыптары заманауи жағдай мен болашақтағы 
ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болып, мазмұны жағынан 5.4, 5.5 баптағы 
талаптарға жауап беруі қажет. 
Диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптарын анықтағанда, ӛндіріс, ғылым және 
мәдениет мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады. 
7.2 Диплом жұмысының (жоба) тақырыптары мамандықтарға және мамандарды 
даярлау бағытына сәйкес болуы қажет . 
7.3 Білім алушы диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан 
таңдайды.
Білім алушыға бекітілген тақырыптардан да тыс, кафедраның зерттеу, дайындық 
бағытына сәйкес тақырыпқа диплом жұмысын (жоба) орындау құқығы кафедра 
меңгерушісінің келісімімен беріледі. Мұндай жағдайда білім алушы таңдаған тақырыбының 
негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің 
хатын кафедраға тапсыруы керек. 
7.4 Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып 
отырылуы тиіс. 
7.5 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары университеттің маман даярлаушы 
кафедрасында әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып Академиялық комитет кеңесіне 
ұсынылады, Академиялық комитетте бекітіледі. 
7.6 Университетте даярланатын техникалық мамандықтар бойынша диплом жұмысы 
(жоба) ғылыми-зерттеушілік сипатта болып, оның есептік-графикалық бӛлімі болуы қажет. 
7.7 Білім алушыға диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу 
жылының басында университет президентінің бұйрығымен бекітіледі.
7.8 Дипломдық жұмысты (жобаны) бағаны жоғарылату мақсатында қайта қорғауға 
рұқсат берілмейді. 
7.9 «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға диплом жұмысын (жобасын),
қайта қорғауға рұқсат берілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет