Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті УЕ- ХҚТУ -015-2018 Сапа менеджментінің жүйесі Университет ережесі Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар 18 беттің 7 –ші беті 8.12 Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу
әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған
есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және
олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып кӛрсетуі
және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және
т.б кӛрсетіліп сүйемелденуі қажет.
8.13 Диплом жұмысын (жобасын) білім алушы университетте, сонымен бірге ӛндірісте,
ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындайды.
Диплом жұмысының дайындығы кафедра мәжілістерінде ең кемі үш рет (ақпан,
наурыз, сәуір-мамыр айларында) қаралып, дайындық пайызы кӛрсетіледі.
9 ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ (ЖОБАНЫҢ) МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 9.1 Диплом жұмысы ӛзінің мазмұны жағынан университетті бітіруші курс білім
алушысының нақты мамандық бойынша ӛздігінен дайындайтын ғылыми-зерттеу жұмысы.
9.2 Диплом жұмысының (жобаның) кӛлемі, негізінен 60-90 бет болуы қажет: мамандық
ерекшелігіне қарай оның кӛлемі артуы немесе кемуі мүмкін. Маман даярлаушы кафедра
ӛзінің шешімімен диплом жұмысының кӛлемі мен басқа да ерекшеліктерін белгілей алады.
Ӛнер, нақты ғылым саласы мамандықтары үшін диплом жұмысының кӛлеміне қатысты
мәселе факультеттің ғылыми Кеңесінде қаралып, шешім табады.
Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) кӛрсетілген кӛлеміне енгізілмейді.
9.3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:
- мұқаба;
- сыртқы беті;
- титул беті;
- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;
- аннотация (жұмыс қазақ тілде болса, онда түрік, орыс, ағылшын тілінде болады);
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар;
- белгілеулер мен қысқартулар;
- кіріспе;
- негізгі бӛлім (теориялық; әдістемелік; практикалық жүзеге асырылу);
- қорытынды (тұжырым);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
9.4 Мұқабада «Диплом жұмысы» (немесе дипломдық жұмыс) деген жазу кӛрсетіледі.
Сыртқы бетінде келесі мағлұматтар келтіріледі:
- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,
- білім алушының тегі және аты-жӛні,
- диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы,
- жұмыстың түрі-диплом жұмысы (жоба),
- мамандықтың атауы және коды,
- қала және жұмыс (жоба) қорғалатын жыл.
9.5 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда ӛңдеу және
іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек кӛзі ретінде қызмет етеді.
Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі: