8
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ
(ЖОБАСЫНЫҢ)
ЖАЗЫЛУ
ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1 Диплом жұмысын (жоба) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр білім алушыға
ғылыми жетекші тағайындалады.
8.2 Диплом жұмысының (жоба) ғылыми жетекшілері Білім беру қызметіне қойылатын
біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №
391 бұйрығына сәйкес тағайындалады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-
ХҚТУ
-015-2018
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Дипломдық жұмысты (жобаны) әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын
жалпы талаптар
18 беттің 6 –ші беті
8.3 Диплом жұмысының (жоба) жетекшісі:
1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді;
2) білім алушыға диплом жұмысының (жоба) орындалуының барлық кезеңіне
күнтізбелік кесте құруға кӛмектеседі;
3) білім алушыға негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік
материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек кӛздерін ұсынады;
4) білім алушының күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау
жүзеге асырылатын кеңес кестесін құрады;
5) диплом жұмысының (жоба) барлық тарауының кӛлемін белгілейді және диплом
жазушы мен кеңесшінің жұмысын үйлестіреді.
8.4 Диплом жұмысына (жоба) тапсырма білім алушылардың дайындаған бастапқы
материалдар мен дерек кӛздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын
әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, үлгі), диплом
жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.
Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін
кӛрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына
(жобаға) тігіледі.
8.5 Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы кӛрсетілген жұмыстың күнтізбелік
кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі.
8.6 Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің
ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми
жетекшіге бӛлінген уақыты есебінен кеңесшілер шақырады.
8.7 Кеңесші ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, университеттің
ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми
қызметкерлерін де тағайындауға болады. Кеңесшілер ӛздеріне белгіленген тарауларын
тексеріп, қолын қояды.
8.8 Маман даярлаушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік
нұсқау әзірлеп, білім алушыларды қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жоба)
орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың құзыреттерге негізделген білім беру
бағдарламасына (ҚР МЖМБС) сәйкес болуы тиіс.
8.9 Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша білім
алушының есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде білім алушы ғылыми жетекшінің
алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының
(жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде
беріледі.
8.10 Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу
арқылы орындалады (оқулықтар, кӛмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық
әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер
және т.б.).
8.11 Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық
теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.
Мысалы, инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс
технологияға байланысты жарық кӛрген сұрақтарды қамтуы қажет (автоматтандырылған
және кешенді ӛндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және ӛндірісті
басқару т.б.). Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен
ӛндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет. Педагогикалық
мамандықтарда міндетті түрде дипломдық жұмыста психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік және мамандандыру (академиялық) дайындық бағыттары қамтылуы тиіс.
|