В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық


  8 - тарау  ГАЗБЕН ПІСІРУ ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет112/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

215 
8 -
тарау 
ГАЗБЕН ПІСІРУ ЖӘНЕ 
КЕСУГЕ АРНАЛҒАН 
ЖАБДЫҚ ПЕН 
АППАРАТУРА
 
8.1.
 
 
АЦЕТИЛЕНДІ ГЕНЕРАТОРЛАР
МЕСТ 5190 — 78 сәйкес ацетиленді генераторларды өндіретін 
ацетилен қысымына, өнімділігіне, құрылымы мен кальций 
карбидының сумен өзара әрекеттесуін реттеуге қолданатын 
жүйесіне қарай саралайды.
Төмен қысымды генераторлар ацетиленнің 0,01 МПа (0,1 
кгс/см
2
) дейінгі қысымына есептелсе, ал орташа қысымды 
генераторлар ацетиленнің 0,01 дан 0,07 МПа (0,1-0,7 кгс/см
2

дейінгі қысымына есептелген. 
Ацетиленді генераторларды көшірмелі және стационарлық 
түрде дайындайды. Көшірмелі генераторлар 3 м
3
/сағ. дейінгі 
өнімділікке ие.
Кальций карбидының сумен өзара әрекеттесуін реттеу жүйесі 
бойынша генераторлар өзара әрекеттесетін заттардың сандық және 
мерзімді реттеу деп аталатын кальцийдің сумен байланысының 
ұзақтығын реттейтін түрлерге бөлінеді. 
Кальций карбидының сумен өзара әрекеттесу әдісіне 
байланысты 
генераторлардың 
келесідей 
шартты 
белгілері 
қабылданған: 

К B— «карбид суға»; 

В К — «су карбидке»; 

В К и ВВ —«су карбидке» және «суды ығыстыру» аралас. 
Әртүрлі ацетиленді генераторлардың құрылымдары 8.1- суретте 
көрсетілген.
«Су карбидке» және «суды ығыстыру» аралас жүйесіндегі 
генераторлар ең оңтайлы. 
Генераторлар 
қальций 
карбидінің 
кесектерінің 
белгілі 
көлемдерімен жұмыс жасау үшін есептелген. 


г 



Су
8.1-сурет. Ацетиленді генераторлардың сұлбасы: 
а
— «карбид суға»; 
б
— «су карбидке»; 
в
— «суды ығыстыру»; 
г
— 
«құрғақ жіктеу»; 
д
— «су карбидке» және «суды ығыстыру» аралас 
жүйесі; 
1
— кальций карбидының бункері немесе барабан; 
2
— газ 
жинағыш; 
3
— балшықты түсіру; 
4
— газды іріктеу үшін штуцер; 
5
— су 
беру жүйесі; 
6
— реторта 
Генератор кальций карбидын пайдалы қолданудың жоғары 
коэффициентіне ие болуға тиіс, герметикалық және газды іріктеуді 
оқыстан тоқтатқан жайдайда бөлмеге ацетиленнің шығарылуына 
жол бермеу үшін жеткілікті сиымдылықтағы газ жинағышы болуы 
шарт. Сонымен қатар генератор алынатын газдың жақсы 
тазалануын қамтамасыз етуге тиіс.
8.2- суретінде көрсетілген АСП-10 генераторының құрылымы 
мен жұмысын қарастырайық.
АСП-10 генераторының корпусы үш бөліктен құралған: 
жоғарғы — газ түзуші, орташа — ығыстырушы, төменгі — шайғыш 
пен газ жинағыштан. Жоғарғы бөлік төменгімен 
10 
құю құбырымен 
жалғанған. Газ түзгіште кальций карбидын сумен ацетиленді бөліп 
шығару арқылы ажырату жүреді.
216 


8.2-сурет. Көшірмелі АСП-10 орташа қысымды генераторының сыртқы 
түрі (а) мен сұлбасы (б): 
1
— бұранда; 
2
— иінағаш; 
3
— бағыттауыштар; 
4
— қақпақ; 
5
—серіппе; 
6
— мембрана; 
7
— қылта; 
8
— кальций карбидіне кәрзеңке; 
9
— қауіпсіздік сұқпасы; 
10
— құю құбыры; 
11
— келте құбыр; 
12
— шұра; 
13
— қауіпсіздік сұқпасы; 
14, 16
— төгу штуцерлері; 
15
— 
қадағалау тығыны; 
17
— түпқойма; 
18
— қадағалау манометрі 
Ығыстырғышта ауа жастығы мен су болады, ол генератордың 
жұмыс жасау барысында газ түзгіште сумен араласады.
Шайғышта 
ацетиленнің салқындауы жүріп, оны әктің 
бөлшектерінен бөлектеу жүзеге асады. Шайғыштың жоғарғы 
бөлігінде ацетилен жиналады. Аппараттың бұл бөлігі газ жинағыш 
деп аталады.
Газ түзгіште су 7 қылта арқылы құйылады.
10 
құю құбырының 
деңгейіне жеткен кезде су газ түзгіштен шайғышқа жеткізіледі.
Шайғыш 
15. 
қадағалау 
тығынының 
деңгейіне 
дейін 
толтырылады. 
Карбид 
8 кәрзеңкеге жүктеліп, 17 түпқойма бекітіледі, 4 
қақпақты орнатылып және 1 бұранда күшіменен жасалатын 

мембранамен басылады.
Газтүзгіште түзілетін ацетилен 
10 
құбыры бойынша шайғышқа 
жетіп, су қабатынан өтеді, салқындатылады және шайылады. 
217 


Шайғыштан ацетилен шұра 
12
, шланг пен қауіпсіздік сұқпасы 
13 
арқылы тұтынуға жеткізіледі.
Газ түзгіште кальций карбидын ажырату процесін реттеу бір 
мезетте екі әдіспен жүзеге асады: кальций карбидымен кәрзеңкені 
тік қозғау арқылы суға жылжыту арқылы және ығыстырғыштың 
жұмысы нәтижесінде.
Газ түзгіште қысымның жоғарылауына қарай 
5
мембранды 
серіппемен байланған карбидті кәрзеңке жоғарыға қарай қозғалады, 
карбидты суға малу деңгейі азайып, ацетиленді өндіру шектеледі 
және қысымды арттыру тоқтатылады.
Газ түзгіште серіппе күшіменен қысымды төмендету кезіне 
5
мембрана мен карбидті кәрзеңке суға батырылады. Осылай 
серіппелі мембрана күшіменен генераторда ацетиленнің қысымын 
автоматты реттеу жүзеге асырылады.
Сонымен бірге генераторда қысым газ түзгіштен суды келте 
құбыр 
11 
бойымен ығыстырғышқа және керісінше ығыстыру 
арқылы реттеледі. Ацетиленді бөлу шамасына қарай газтүзгіште 
қысым көтеріліп, су ығыстырғышқа кері құйылады. Газтүзгіште су 
деңгейі төмендеп, карбидты кәрзеңке су деңгейінен жоғарыда 
қалады. Бұл ретте кальций карбидының сумен ыдырату реакциясы 
тоқтатылады.
Газтүзгіште қысым төмендетілгенде су ығыстырғыштан 
жоғарыға көтеріліп, қайтадан газтүзгіште карбидты суға малу іске 
асады.
Қауіпсіздік клапаны 

ацетиленнің артық қысымын алып 
тастауға арналған. Клапанды корпусқа кірігетін жерінде карбид, 
қақ пен басқа ластарды ұстап қалу үшін торкөз орнатылған.
12 шұра ацетиленнің тұтынушыға беруді және қосуды 
реттеуге арналған. Газтүзгіштегі ацетиленнің қысымы 18 
манометрмен қадағаланады. Газтүзгіштен балшықтың төгілуі 
мен балшықты судың шайғыштан шығарылуы тиісінше 16 
және 
14 
штуцерлер арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет