В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет108/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

7.10.
МЕТАЛДАРДЫ ГАЗБЕН ПІСІРУ ЖӘНЕ КЕСУДЕ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР
Оттек. Бұл жер бетінде кеңінен таралған элемент. Газ тектес 
оттегі түссіз, мөлдір, иіс пен дәмге ие емес. Ол жанбайды, бірақ 
жану процессін белсенді үдетуге қабілетті.
Жоғары химиялық белсенділікке ие оттегі, инертті газ бен асыл
металдарды ескермегенде, барлық элементтермен химиялық 
қосындыларды (оксидтер) түзуге қабілетті.
Тотығу реакциясының жылдамдығы температураны көтеру 
немесе катализаторларды қолдану барысында артады. Оттектегі 
органикалық заттарды тотығу реакциясы жылу энергиясының көп 
мөлшерін бөлумен жүреді. Реакция аймағында оттектің қысымы 
мен температурасын арттыру оның жүруін шапшаңдатады.
209


Жанар газдар мен булар оттекпен қосылғанда тұтану барысында 
жарылғыштықтың кең ауқымына ие жарылғыш қосындыларын түзеді. 
Мұндай қосындыларда жарылыс толқынының таралуы өте үлкен 
жылдамдықпен қозғалады (3000 м/с және жоғары). 
Бүкіл әлемде оттегіні өнеркәсіптік алудың негізгі әдісі – 
атмосфералы ауадан оны терең салқындату және тазарту әдісімен 
шығару.
Атмосфералы ауа сұйылтудың әртүрлі температураларындағы 
газдардың қосындыларын білдіреді және де ауаның негізгі элементтері 
болып азот пен оттегі табылады. Қондырғыларда оттегі мен азотты алу 
үшін ауа қоспалардан тазартылуға, салқындату циклінің тиісті 
қысымына дейін компрессорда қысуға ұшыратылады (0,6-20 МПа), 
сұйылту 
температурасына 
дейін 
жылу 
алмастырғыштарда 
салқындатылады, содан соң сұйық түрде оттегі мен азотқа бөлініді 
(төменгі температуралы ректификациямен). 
Жанар газдар. 
Газ жалынды өңдеу үшін жану кезінде оттегінде 
басқа жанар газдардың – ацетиленді алмастырғыштар өртену барысына 
қарағанда жоғарырақ температурадағы жалын түзетін ацетилен (С
2
Н
2

кеңінен қолданылады.
Ацетилен 
қанықпаған реттегі көмірсутекті білдіреді. Оның 
химиялық формуласы С
2
Н
2, 
құрылымдық формуласы Н — С = С — Н 
түріне ие. Атмосфералық қысым мен қалыптағы температурада 
ацетилен –түссіз газ.
Техникалық ацетилен оған қоспалар қосатындықтан өзіндік өткір 
иіске ие. 20 °С және 0,1 МПа-да ацетилен тығыздығы р = 1,09 кг/м
3

Атмосфералық қысымда ацетилен 82,4-83,6°С температурасында 
сұйылады. -85 °С және төмен температурада ацетилен кристаллдарды 
түзе отыра, қатты күйге өтеді.
Сұйық және қатты ацетилен үйкелістен, механикалық немесе 
гидаврликалық соққыдан және детонатор әрекетінен оңай жарылады.
Ацителеннің толық жану реакциясы келесі түрге ие 
С
2
Н
2
+ 2,5О
2
= 2СО
2
+ Н
2
О 
(7.6) 
Ацителеннің жану реакцясының жылулығы 

ацетиленнің ыдырау 
реакциясының жылулығы мен көміртек пен сутектің жануының 
бастапқы реакцияларының сомасынан құралады.
Газдар – ацетиленді алмастырғыштарды ысыту жалынының тым 
жоғары температурасы қажет етілмейтін газ жалынды өңдеудің 
процестеріне қолданған абзал. Мұндай процестерге тез балқитын 
металды (алюминий, магний және оның қорытпалары, қорғасын) пісіру, 
жоғары температурадағы және төменгі температурадағы дәнекермен 
дәнекерлеу, беттік шыңдау, жұқа болатты пісіру, оттекті бөлгіш және 
беттік кесу.
210


Әсіресе, кеңінен газ-алмастырғыштар оттекті бөліп кесуде 
қолданылады.
Ацетиленді ауыстыру коэффициенті – бұл қыздырылатын 
металға тең жылу әсер етудегі газ алмастырғыш У
з
шығынының 
У
а
ацетилен шығынына қатынасы, яғни у = У
з

а

Болатты кесу барысында тәжірибеде қолданылатын ацетиленді 
басқа жанар газдармен алмастыру коэффициенттерінің мәні 7.3- 
кестеде келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет