В в. овчинников барлық кеңістік жағдайында түрлі болаттан, ТҮсті металдар мен олардың Қорытпаларынан, шойыннан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу және кесу оқулық



Pdf көрінісі
бет107/149
Дата24.10.2023
өлшемі7,65 Mb.
#188189
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149
Байланысты:
Ovchinnikov-Barl-ke-zha-d-t-rli-t-sti-met...d-ne-zh-ne-kesu (1)

 
 
ГАЗБЕН КЕСУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Газды (оттекті) кесу
— бұл нақты көлемдегі металды қарқынды 
тотықтандыра отыра кейіннен оттек ағынымен сұйық оксидті жою 
процесі. 
Кесу процесін қыздырушы жалынмен металдың үстіңгі жиегін 
металдың оттекте тұтану температурасына дейін қыздырудан бастайды, 
бұл температура болаттың химиялық құрамына қарай 1050-1200°С 
құрайды. Тұтану температурасына жеткен кезде металдың жоғарғы 
жиегіне кесуші шүмектен оттек ағыны беріледі, бұл ретте болат оттек 
ағынында оксидтерді түзе отыра және балқу температурасына дейінгі 
жоғарғы жиекте оны жылытуды қамтамасыз ететіндей айтарлықтай 
жылу мөлшерін бөле отыра жана бастайды.
Жиектің жоғарғы бөлігінде пайда болған сұйық оксидтер 
балқымасы кесіктің бүйір жиегінен жылжып, металл барлық тереңдікте 
кесілгенге дейін бірізді тотықтандыратын металдың төменгі 
қабаттарының қыздырылуын жүзеге асырады. Бір мезгілде кескішті 
нақты жылдамдықта кескіш бағытында жылжыта бастайды. Кесіктің 
маңдай бетінде барлық қалыңдықта ыстық металдың үздіксіз қабаты 
түзіледі. Кесуші оттектің ағыны әрекетінде кесілетін металл 
тотықтанады және кесік қуысынан үріліп шығарылады.
7.9
206


Газбен кесу процесін жүзеге асыру үшін оксидтерді балқыту 
температурасы металдың өзін балқыту температурасынан төмен болуы 
қажет. Керісінше жағдайда, оттектің ағыны балқыған металды 
тотықтыра алмайды.
Егер, металдың тұтану температурасы балқыту температурасынан 
жоғары болса, онда металл балқиды және оның тотықтануынсыз 
оттектің ағыныменен үрленіп шығарыла бастайды, яғни анағұрлым 
энергетикалық шығынды қажет ететін балқыту процесс жүретін 
болады.
Балқыманың жоғары тұтқырлығы үстіңгі қабаттарда оның 
жылжуына кедергі болып, осы себептен кесік жиегінде жылудың 
бөлінуі төмендейді.
Таза металдардан оттекті кесумен темір мен титан жақсы өңделеді. 
Жай оттекті әдіспен никель, мыс, алюминий,магний, хром мен 
мырышты кесуге болмайды. 
Газбен кесу процесінметалдың үстіңгі бетіндегі кесіктің бастапқы 
нүктесін оттек ағынында тұтанғанға дейін қыздырудан бастайды.
Оттек ағынын беріліп, металл қалыңдығы бойынша үздіксіз тотықтану 
басталғаннан кейін кескішті кесіктің сызық бойымен жылжыта 
бастайды.
Әдетте кесу процесін табақтық илемнің ернеуінен бастайды. 
Дайындаманың ішкі элементтерін ою кезінде әуелі металдың барлық 
қалыңдығына тесік тесу қажет. Болат табақта да бастапқы тесікті тесіп 
өтуді металдың үстін жылытудан бастайды. Белгіленген температураға 
жеткен соң баяу кесуші оттектің шұрасын ашып, кескішті 5-15° 
бұрыштан кесу бағытына қарсы жаққа қисайтады. Бір мезетте кескішті 
төмен жылдамдықта жылжыта бастайды. Тесікті күйдіріп тескеннен 
соң кескішті табақтың бетіне перпендикуляр орналастырады.
Үлкен қалыңдықтағы илемді кесу барысында бастапқы тесікті 
бұрғылау не болмаса оттекті сүңгі-кесу арқылы жасайды.
Қолмен бөліп кесу кезінде өңдеудегі дәлдіктің үшінші класына 
сәйкес келетін режимдерді қолданады. Кесіктің соңында бөлшек 
контурын тұйықтау кезінде кесу жылдамдығын біртіндеп тиімдіден 50 
%-ға дейін төмендетеді, бұл табақтың төменгі бөлігінде бөгеттің пайда 
болуына жол бермейді.
Табақтан өлшемі бойынша әртүрлі бөлшектерді ою қажеттілігінде 
кесуді табақтың шетінен бастау қажет және оның қысқа жағын бойлай 
отыра жылжыту керек (7.14-cурет).
Бөлшектің пішінін айналу бағытын бірінші кезекте қалдыққа кететін 
металға қабысатын жиектер өңделу есебінен таңдайды. 
207


7.14-сурет. Табақтан әртүрлі бөлшектерді оюдың реттілігі (1...10)
(көрсеткіштермен кесу бағыттары көрсетілген) 
Соңғы кезекте бөлшекті табақтың негізгі массасынан ажырататын 
кесікті жасау керек. Кесу барысында металды қырқу қаттылығы ойып 
алынатын бөлшек қаттылығынан аз болуы міндетті, сондықтан 
қалдықтарды тілуді ескерген жөн.
Жұқа металл табағынан біртипті бөлшектердің көп санын жасау 
қажеттілігінде дестелі кесуді қолдануға болады. Ол үшін табақтарды
карталарға кесіп, сосын оларды пакетке жинайды. Жиналған пакет 
бұрандама қысқышпен тартылады (7.15-сурет), содан соң табақтарды 
доғалы пісіру көмегімен бекітеді. Бұл ретте табақ металдың үстіңгі 
бетін ластан тазарту қажет, ал кесу үшін төменгі қысымдағы оттекті 
қолданады. Кесуші оттектің қалыптағы қысымында кесік орнықсыз 
пакетке жиналған карталардың тығыз жанаспаған аймақтарында 
бөлшек сұлбаларын тартып қалу түрінде жүзеге асады. Төменгі 
қысымдағы оттекті пайдалану жағдайында пакеттегі карталар 
арасындағы 2...3 мм дейінгі саңылаулар кесудің сапасына айтарлықтай 
әсер етпейді.
Үлкен қалыңдықтағы болатты кесудің негізгі ерекшелігі (300 мм 
астам) үлкен ұзындықтағы металды тотықтандыру бағытын жасақтау 
қажеттілігінде тұр, сондықтан бұл жағдайда арнайы кескіш аппаратура, 
сонымен қатар, кесудің ерекше тәсілдерін қолдану қажет етіледі. 
Титан қорытпаларын кесу жылдамдығы төмен көміртекті болатты 
кесу жылдамдығына қарағанда 2 - 5 ретке жоғары, ал ацетилен мен 
оттек шығыны бұл ретте төмен. Титанды кесу процессінде кесік 
аймағында күшті жарқыл туындайды, сондықтан жұмысшылардың 
қорғаныш көзәйнектерінің жарық сүзгілері бұл жағдайда сіңірудің 
неғұрлым жоғары коэффициентіне ие болуға тиіс.
Титанды оттекпен кесу процессінің орнықтылығын арттыру 
мақсатында мүштік қапталы мен кесілетін металл бетінің арасындағы 
қашықтықты 
төмен 
көміртекті 
болатты 
кесу 
барысында 
қолданылатынға қарағанда 1,5 ретке ұлғайтады.
208


7.15-сурет. Пакетті кесу сұлбасы 
Титан мен оның қорытпаларының жоғары белсенділігіне қарай 
кесіктің бетінде 2,5 мм тереңдікте өзгертілген химиялық құрамды 
қабат түзіледі, онда титанның оксидтері мен нитридтері бар. 
Мұндай металдарды пісірудің тиісті сапасына қол жеткізу үшін 
оның жоғарғы қабатын сүргілеу немесе фрезерлеу жолымен алып 
тастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   149




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет